Шпаргалка по "Педагогике"
Автор: Жансулу Абилтаева • Сентябрь 21, 2021 • Шпаргалка • 20,967 Слов (84 Страниц) • 321 Просмотры
№1сұрақ
Балабақшада қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын тиімді оқыту формалары және әдіс-тәсілдері.
Қарапайым математика түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын әдіс тәсілдер. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда педагог оқытудың сан алуан әдіс-тәсілдерін қолданады. Яғни әдісті тандауда түрлі факторлар әсер етеді: бағдарлама міндеттері балалардың жас және жеке ерекшеліктері дидактиканың құралдарының болуы т.б. Оқытудың мыналар: практикалық ойын сөздік және көрнекілік. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда жетекші әдіс практикалык әдіс болып табылады. Практикалық әдіс бұл: акыл-ой әрекетіне негіз болатын түрлі практикалық әрекеттерді орындау; - дидактикалық материалдарды кеңінен колдану; - дидактикалық материалдармен практикалық әрекеттің нәтижесі ретінде түсініктерінің пайда болуы; - қарапайым формада санау, бөлшектеу, өлшеу дағдыларын калыптастыру; - қалыптасқан түсініктермен меңгерілген әрекеттер әр әрекетті тұрмыста, ойында, еңбекте кеңінен қолдану. Осы әдіс арқылы тапсырма түрінде көрнекілік материалдармен әрекет ету, берілетін арнайы жаттығуларды ұйымдастыруды көздейді. Жаттығулар ұжымдық және жеке болып бөлінеді. Олардың мынадай түрлері бар: Ойын элементтері бар жаттығулар;
Біріккен жаттығулар мұнда бағдарламаның әр бөлігінің міндеттері бірге шешіледі, мысалы кеңістік және т.б. Біртекті жаттығулар бұлар бір мақсатты көздейді және бір мазмұнда өтеді, мысалы, санау, өлшеу және
Репродуктивті жаттығулар-әрекеттің тәсәлдері қайта жаңғыртуға негізделген;
Продуктивті жаттығулар-мұнда балалар міндетті жартылай және толықтай өздері ашуға бағытталғаг.
Сөздік әдісі- Түсіндіру,сұрақ қою,нұсқау беру, және т/б
Әдістері математика сабақтарында көрнекілік әдістерімен бірге жүреді.
Негізгі тәсілі көрнекі-практикалық сипатта болады.
Формалары:
-күнжелікті өмір
-өз бетінше танымдық ойын әрекеті-сабақ
-оқу танымдық әрекетін басқада түрлері,яғни құрастыру,бейнелеу,табиғаттану дене шынықтыру және музыка.
№2сұрақ
.Балаларды табиғатпен таныстырудың тәрбиелік білімдік міндеттері
1. Ақыл - ой тәрбиесі тәрбиешінің негізгі міндеті - балаларға өлі табиғат туралы , өсімдіктер , жануарлар және балалардың сезіммен қабылдай алатын объектілері мен құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстар жөнінде білім беру .Ақыл ой тәрбиесінің ажырамас бөлігі сенсорлық мәдениет . Ол анализаторларды жетілдіруге балаларды сезімдік тәжірибе жинақталуына бағытталған , ол келесі талдаулардың , табиғаттанудағы қарапайым ұжымдарды қалыптастырудың негізі болып саналады .2. Балалардың білімді меңгеруі олардың танымдық қабілеттерінің , сенсорлық аппараттарының , логикалық ойлауының , зейіннің , тілінің байқағыштығының , білуге құштарлығының дамуымен тығыз байланысты болуы тиіс . Ойды дамыту үшін балаларды табиғаттағы заттармен және құбылыстарымен таныстыру , байқаған құбылыстарына түсініктер іздестіруге үйрету және олардың арасындағы байланыстылық пен өзара қатынастарды жете түсінуге балаларды баулу . Ақыл ой табиғат құбылыстарының арасындағы өзара себеп салдарлық қатынасты түсіну процесінде жетіледі .
Табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралдарының бірі болып табылады . Табиғат сұлулығы , тіпті , ең кішкентай балалардың өзінде бей жай қалдырмайды . Оларды табиғатпен таныстыра отырып , орманның шуылына , бұлттардың сылдыры мен құстардың сайлауына , жапырақтардың пішіні мен түсіре , гүлдердін иісіне , жануарлардың қимыдына т.б көңіл аудару керек
№3 сұрақ
Балабақшадағы жас ерекшелігіне қарай сурет салуға үйретудің әдістері
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
...