Көру қабілеті бұзылған балалардың даму ерекшеліктері
Автор: Аяулым Алтынбекова • Апрель 28, 2019 • Лекция • 6,340 Слов (26 Страниц) • 7,017 Просмотры
9.Көру қабілеті бұзылған балалардың даму ерекшеліктері.Көру бұзылыстары бар балаларды қамту ерекшеліктері, типологиялық ерекшеліктері
- Көру қабілеті бұзылған балалар жайлы ұғым. Көру - бұл адам мен жануарлардың күрделі нервтірецепторлы жүйеін, көру анализаторлары арқылы іске асыратын оптикалық қабылдау.Көру арқылы адам қоршаған орта туралы көп мөлшерде хабарлар алады.Заттардың түсі, пішіні, үлкендігі, олардың бірігіп орналасуы және өзара арақашықтығын адам көру арқылы біледі.
Типологиясы:
Көру анализаторы, басқа анализаторлар сияқты үш негізгі бөлімнен тұрады: перифериялық (көз), өткізгіш (көру нерві, көру және қабық асты нервтің құрылымдары) және орталық (бас миы қабығының желке бөлігіндегі ми жасушалары) (5 сурет). Берілген анализаторлардың қызметі қабылдаудың және көру талдауының түршігуін қамтамасыз етеді. Көріп қабылдауға тән ерекшеліктер: дистанттік, шапшаңдық, қоршаған өмірге шолудың жинақтылығы және бір мезгілділігі. Көру анализаторының шеткі бөлімі, басқаша айтқанда, жарықты сезгіш рецепторлар бас сүйегінің ойығы – көз шарасына орналасқан көру мүшесінің немесе көздің ішінде болады.Оның сыртқы шетінде жас бездері болады.Олар көзді құрғап кетуден сақтандыратын сұйықтық бөліп шығарады. Көз алмасының қабырғасы үш – сыртқы, ортаңғы және ішкі қабықтан тұрады. Өте тығыз сыртқы қабықақ қабық деп аталады, ол алдыңғы жағында мөлдір мүйізді қабыққы айналады.Ал қабықтың астыңғы жағында көптеген қан тамырлары торлап жатқан тамырлы қабық жатады. Оның түрі өзгерген алдыңғы бөлігі көз алмасының ішінде шеңбері білікше секілденіп шығып тұратын кірпікшелі денені сондай –ақ мүйізді қабықтың сытқы жағына орналасқан нұрлы қабықты түзеді. Нұрлы қабықта көптеген пигменттер болады, көздің түсі осы пигменттерге байланысты.Бұл қабықтың ортасында дөңгелек тесік –қарашық болады. Жарық сәулелері қарашық арқылы көз ішіне өтеді.
Ішкі қабық тор қабықдеп аталады.оның тамырлары қабықпен шектесіп жатқан сыртқы қабаты пигмент клеткаларынан тұрады. Олардың астыңғы жағында жарық сезгіш рецепторлар, ол одан әрі– көптеген нерв жасушалары жатады. Тор қабықтан жинала келе, көру нервін түзетін нерв жасушалары.Тор қабықтың көру нерві шығатын жері соқыр дақ деп аталады. Онда жарық сезгіш клеткалар мүлде болмайды. Сондықтан бізбейнесі соқыр даққа түскен заттарды көре алмаймыз. Соқыр дақты қарапайым тәжірибенің жәрдемімен анықтауға болады.
Көрудің бұзылу себептері: туа біткен және пайда болғандар.
Көрудің туа біткен бұзылуының этиологиясы:
- патогендік агенттердің эмбрионалды даму кезеңіндегі әсері (токсоплазмоз және басқа жұқплы, қабыну процестері, зат алмасудың бұзылуы);
- тұқымқуалаушылықтың әсер етуі көздің аномалды дамуына әкеліп соғады – а) микрофтальм – көз құрлымының дөрекі өзгеруі, көрудің едәуір төмендеуі және бір немесе екі көз көлемінің кішіреюі; б) анофтальм – туа біткен көзсіздік; в) катаракта – шыны тәрізді көздің мөлдір денесінің бұлдырауы.
- көздің туа біткен аурулары - көздің тор қабығының пигментті дистрофиясы (дегенерация), көру аймағының кішірейіп оның толық жойылуы ерекшелігі және астигматизм – аномалды рефракция, яғни көздің икемделу қасиетінің бұзылуы.
- туа біткен зарарсыз ми ісіктері.
Жүре пайда болған аномалдар туа біткендерге қарағанда аз таралған. Бұл халыққа көрсетілген емді – профилактикалық көмектің жақсарғанына және денсаулық ақтаудың жетістіктеріне байланысты. Жүре пайда болған аномалдылықтың этиологиясы:
- бала көзінің ауыр зақымдануы, өкпе ауруы, мерез, трахома, шешек көз ауруларының әсерінен;
- көзге және миға қан құйылу, туу кезіндегі бас жарақаттары, көз және мидың түрліше жарақаттарынсыз зақымдануы (бастың соғылуы немесе жарақаты);
- көздің жарақаттануы;
- глаукома – көз ұлпаларының өзгеруі және көз іші қысымының көтерілуімен байланысы ауыр дәрежелі ауру;
- көру нервісінің атрофиясы;
- орталық нерв жүйесінің ауруы (менингит, менингоэнцефалит);
- организмнің жалпы аурулардан кейін асқындауы, инфекция;
- алыстан және жақыннан көрмеушілік;
Көрмей қалған балалар. Оларға ерте қалыптасқан көріп елестеудің сақталуы тән. Неғұрлым кеш көрмей қалған бала және неғұрлым оның есінде бұрынғы көріп елестетудің іздері сақталса, соғұрлым заттың бейнесі жеңіл құралады немесе ауызша суреттің негізінде пайдаболады. Осындай баланың қалыпты ойлау қызметі сақталған анализаторларға сүйенеді. Олардың көруі бастаушы анализатор болып қалады. Бірақ, олардың көріп қабылдауы тек жартылай сақталған, сондықтан толығымен құнды емес болады. Ол жоғары баяулығымен, шолудың тарлығымен, дәлдіктің төмендеуімен ерекшеленеді. Соңында олардың көру қорының әсері шектелген болып шығады, сандық көрсеткіші мөлшерден төмен, ал елестетулер түрліше сапаға ие: олар азырақ анық және ашық, қалыпты көретіндерге қарағанда, ал кейде бұрмаланған. Орын толтыру, яғни компенсация процестері көбіне қалдық көрудің сақталуына байланысты. Компенсаторлық мүмкіндіктердің дамуына естудің үлкен мәні бар. Соқырға қажетті хабарларды дене сезімі де береді. Л.С. Выготский соқырларда заттарды арақашықтықтан сезуге жағдай туғызатын алтыншы сезімінің болатынын атап көрсеткен. Сөз соқырлық компенсацияның маңызды ролін атқарады. Шартты белгілер жүйесін қолдану, Брайльдің бедерлі жүйесі бойынша соқырларды оқыту мен жазуға үйретуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе бедерлі – нүктелі әріпті енгізеді, мұндағы әр әріп дөңес нүктеден тұрады. Бұл нүктелердің түрліше амалдары белгілердің санын білуге мүмкіндік береді, алфавиттің барлық әріптерін, сандарын т.б.-ды жеткілікті белгілеу үшін.
Нашар көретін балалар соқыр балаларға қарағанда көп топ құрайды – бұл – 0,05–тен 0,4-ке дейінгі қарапайым түзету амалын қолдануда жақсы көретін көзде өткір көретін балалар. Егер нашар көретін баланың жарық сезгіштігі бұзылса, онда қабылданатын реңнің жарықтық ерекшелігі төмендейді. Алыстан немесе жақыннан көрудің бірден айқындалуынан, нашар көруші кейбір заттың сыртқы ерекшелігіне қажет белгілердің нашар бейнеленгенін көре алмайды. Оларда кеңістікке бейімделу жиі байқалады. Нашар көретін балалар мінезінің түрлі ерекшеліктерімен ашушаңдығымен, тұйықтығымен, мінезінің кейбір жағымсыз белгілерімен ерекшеленеді. Бұл кемшіліктер оқудағы, ойындағы, құрдастарымен араласу барысындағы қиындықтар мен сәтсіздіктерді түсіндіреді. Көру жұмысы кезінде мұндай балалар тез жолығады, оны дамыту мен қорғау шараларының болмауы көрудің одан әрі нашарлауына әкеп соғады. Көрудің жалығуы ақыл-ой және физикалық іскеліктің төмендеуіне әкеледі.
Соқыр балалардың сөйлеу қызметі. Коррекциялық шаралардың арасында көрудің қалдық көріністерін дамытуды стимуляциялау үлкен орын алады. Кемістік емес сақталған функцияларды сақтауға қажетті көмек көрсету қажет.
Соқыр балалардың танып білу сферасы жағынан сипаттама. Сезінуі – баяу, аз, жеткіліксіз. Көру көріністері бұзылған –баяу сөздерді есте сақтау. Талдауда, синтездеуде, салыстыруда қиыншылықтар – теріс қорытындылар және тұжырымдық – заттық тәжірибелік дағдының жеткіліксіздігі.
Соқыр балалардың эмоционалдық – жігерлі сферасы жағынан сипаттама.
Көңіл – күйдің төмен болуы, астеник аутизация тенденциясын– қарым - қатынасқа қиыншылықтар, өз ішкі әлеміне гиперкомпенсаторлы (ену). Бұл жағдайлардың қалыптасуын бала тәрбиесіндегі бағытты күшейтеді, бұл қатты көңілбөлу, жеке тұлғалық, әлеуметтік дағдылардың тежелуіне ықпал етеді.
Маман-дәрігерлердің қарауынсыз нашар көрушінің жалпы мектепте оқуын жалғастыра білуі, қалыптасқан үлгермеушілік, педагогикалық салақтыққа және көрудің әрі қарай бұзылуына әкеп соғады. Мұндай жағдайдағы бала арнайы режимді қажет етеді, жалғастырылған ақыл-ой және физикалық салмақтарды, жылдам қозғалу және секіру, басты еңкейту және т.б.-ды қоспағанда. Арнайы маңызды балалартобын көруі бұзылған балалар құрайды, оларға жеке көмек көрсетілген жағдайда жалпы мектепте оқи алады.
...