Қоғамға көру қабілеті зақымдалған балалардың әлеуметтенуінің ерекшеліктері
Автор: Asssyl • Июнь 4, 2019 • Статья • 644 Слов (3 Страниц) • 1,480 Просмотры
Қоғамға көру қабілеті зақымдалған балалардың әлеуметтенуінің ерекшеліктері
Жеке тұлға болып қалыптасу процесі өте күрделі әрі әр қырлы екендігі белгілі. Себебі неғұрлым балаларды әлеуметтік шындыққа ертерек бейімдесек, соғұрлым олардың қоршаған ортаға бағдарлануы оңайырақ болады.
Қазіргі таңда еліміздегі экономикадағы, саясаттағы, қоғамдағы түбегейлі өзгерістер жаңа әлеуметтік мәселелердің пайда болуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде осы мәселелерді шешудің түбегейлі жаңа тәсілдерін ойлап табуды талап етеді.
Осы мәселелердің ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды, оның ішінде көру қабілеті зақымдалған балаларды әлеуметтендіру мәселелері де байқалады.
Айта кету керек, көру қабілетінің зақымдалу себептері әртүрлі болады.
Жалпы алғанда, көру қабілетінің зақымдалуы әртүрлі себептер әсерінен болуы мүмкін десек те болады:
- Көру мүшесінің тұқым қуалайтын патологиясы;
- Әртүрлі жарақаттар;
- Көру мүшесінің кейбір аурулары;
- Ішімдікті және есірткіні асыра пайдалану;
- Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары.
Сонымен қатар соқырлықтың біріншілік дефект емес, әртүрлі аурулардан пайда болатын жағдайларын да атап өту қажет. Әр санаттағы көру қабілеті зақымдалған тұлғалардың өз ерекшеліктері, мүмкіндіктері және мәселелері болады.
Назарова Н.М. атап өткендей, баланың психикалық және физикалық дамуы көру қабілетінің зақымдалу уақытымен байланысты. Көру қабілетінің зақымдалуы баланың эмоционалдық-ерік сферасының, сезімталдылығының, мінез-құлқының ерекшеліктеріне алып келеді. Олардың ойын, оқу іс-әрекеттерін, сондай-ақ кәсіпті меңгеруде қиындықтары байқалады. Сонымен қатар көру қабілеті зақымдалған балалар қоғамға кірігуде де қиындықтарға тап болады. Оларға қоғамдағы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау, кеңістікте бағдарлау қиын. Және балалар тәжірибелік дағдыларды меңгеруде де қиындықтарға ие [1, 283 б.].
М.И. Земцова, Б.И. Коваленко, Н.Б. Крачковская, Н.В. Солнцева, А.Г. Литвак, В.П. Гордин, Р.С. Сермеев, В.Л. Стернина, И.С. Моргулис және т.с.с. ғалымдардың еңбектері көру қабілеті зақымдалған балалардың әлеуметтенудегі қиыншылықтарының ерекшеліктерін толығымен ашып көрсетеді.
Педагогикада «әлеуметтену» түсінігі индивид пен топтың қарым-қатынасын оңтайландыру, олардың іс-әрекеттерінің мақсаттары мен міндеттерін, құндылық бағдарларын жақындастыру, жеке тұлғаның белгілі бір топтың нормалары мен дәстүрлерін меңгеруі, оның рөлдік құрылымға кіруі деген мағыналарға ие.
Ф.Л. Ратнер, А.Ю. Юсупова ғалымдарының пікірінше, көру қабілеті зақымдалған балаларды әлеуметтендіру үш негізгі бағытта жүзеге асады:
- көру қабілеті зақымдалған балалардың тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіндегі қоршаған ортадағы адамдармен тиімді өзара әрекеттесу қабілетін арттыру;
- көру қабілеті зақымдалған балалардың әлеуметтік-тұрмыстық тәжірибесін кеңейту. Яғни, мүмкіндігінше оқу процесін шынай өмірлік жағдайларға жақындату ұсынылады. Мысалы, өмірлік жағдайларды модельдеуге болады. Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқыту кезінде оларды қарқынды тәжірибелік іс-әрекет үдерісіне қосу ұсынылады. Ересектермен эмоциялық және іскерлік қарым-қатынас орнату үшін жағдайлар жасау кезінде пәндік әрекеттерді меңгеру анағұрлым тиімді болады;
...