Глоссарий по "Педагогике"
Автор: sara2000 • Февраль 11, 2020 • Творческая работа • 250 Слов (1 Страниц) • 402 Просмотры
БАЛА СҰРАҚТАРЫ – баланың айналадағы дүниені белсенді түрде игеруіне септесетін білмекке құмарлығының көріну нысаны. әсіресе әлі жеткілікті тәжірибесі жоқ, бірақ білуге барынша құлшынатын мектепке дейінгі жаста көп жөне қызғылықты болады.
БАҒЫП-КҮТУ – қазақ ұғымында тәрбиелеу, өсіру, қамқорлық көрсету дегенді білдіреді.
БАЛА ІС-ӘРЕКЕТІ – баланың жан-жақты дамуы мен қоғамдық тәжірибені үйренуіне бағытталған іс-әрекет. Бала іс-әрекетінің өнімділік сипаты танымдық үдеріс арқылы (сурет салуға, мүсіндеуге, т.б. талпыныстар) көрінеді.
БАЛАНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМІ – эстетикалық затқа қатынасынан туындаған жеке бастың ләззаттануы немесе жек көрушілігі және сол заттың мазмұны мен түрі туралы баға беретін өзіндік сезім күйі. Табиғаттағы, қоршаған ортадағы әдемілікті айыра білудің алғашқы қадамдары баланың эстетикалық сезімінен басталады.
БАҒАЛАУ –оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін, оқу-әдістемелік кешеннің мәнінің белгілі бір қалыптарға сәйкестігін белгілеу. Оқушы жұмысындағы дербестiктi, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесiн, бiлiмнiң, iскерлiктiң және дағдының сапасын анықтау.
БАЛДЫРҒАН – сәби жасынан асқан (6-9 жастағы), ойын дамытуға, оқуға құлшынған, мінез-құлқының әдептілік, имандылық көріністері сүйсіндіретін бала. Б. кезінде баланың қызығушылығы, әсерленгіштігі артықша болады да, тәрбиені, білімді терең қабылдайды. Оқуға, ойнауға, ізденуге құмар болады, әдептілігі қалыптасады.
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ – әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу үдерісінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагоикалық құралдарды, әдістемелерді пайдалану.
...