Глоссарий по "Педагогике"
Автор: aiida_4 • Сентябрь 30, 2019 • Лекция • 580 Слов (3 Страниц) • 906 Просмотры
ГЛОССАРИЙ
Дефектология (лат. defectus – кемшілік және гр. logos – сөз, ілім) педагогикалық ғылымдарға жатады және жалпы қабылданған биоәлеуметтік қалыпты жағдайдағы дамудан ауытқулары бар балалардың психикалық-дене ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтарын зерттейді. Бұл заңдылықтарды әртүрлі мамандардың (педагогтардың, дефектологтардың, дәрігерлердің, психологтардың және т.б.) кешенді, жан-жақты жұмыс істеу тәсілдері арқылы айқындау мүмкін.
Екінші сатылық ауытқу – баланың негізгі ақауымен пайда болған және оның жеке дамуына кедергі келтіретін кемістік.
Балалар церебральды параличі (БЦП) – баланың миының жете дамымауы және оның онтоггенездің әр түрлі кезеңдерінде зақымдануы нәтижесінде пайда болатын әр түрлі клиникалық синдромдардың айқындалу тобы. Қалыпты жағдайды сақтай алмауымен және артық қимылдарды орындауымен сипатталады.
Бобат-терапия – дағдыланған тұрғыда қалау реакцияларының пайда болуы барысында «түйінді нүктелерге» (бас, дене, иықтық белдік, бел) ықпал етумен қалыпты жағдай реакциялары дамытылады және қалыпты емес қимылдар стереотиптері бақыланады.
Зиятының жетіспеушілігі – баланың орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануы салдарынан пайда болатын және оның психологиялық-физиологиялық дамуының барлық жақтарына ықпал ететін кемістік: қимыл, эмоциональдық-еркіндік ая; сенсорлық процестер; ойлау, сөйлеу, жады, назар аудару, іс-әрекет, мінез-құлық.
Коррекциялық оқыту – ақыл-ой мен физикалық дамуының жетіспеушілігін толықтай немесе ішінара түзетуді мақсат тұтатын оқытудың бір түрі.
Көрмейтін балалар – көру сезім толығымен жоқ немесе сәл ғана жарықты сезінетін балалар.
Көздің зақымдануы – соқыр және нашар көретін балаларға қатысты ұғым.
Компенсация (лат. compensatio - өтеу, теңдестіру, толықтыру) - организмнің бұзылған немесе толық дамымаған қызметтерін алмастыру, толықтыру немесе қайта құру. Бұл жүре иеленген немесе туа біткен кемістіктердің нәтижесінде пайда болған организмнің күрделі, әр алуан үрдісі.
Есітуінің зақымдануы – есіту анализаторлары толық жұмыс істемейтін және сәл ғана есітетін адамдарға қатысты айтылады.
Нашар көретін – коррекцияның кәдімгі құралын (көзілдірік) пайдалану арқылы көрудің (0,05 тен 0,2 дейін) айтарлықтай төмендеуі немесе басқа көру қызметі ауыр зақымдануы барысында көру ұшқырлығының аса төмендеуі.
...