Бастауыш сынып оқкшыларының тілін ертегі арқылы дамыту
Автор: Айгерім Мақсұтқызы • Октябрь 24, 2025 • Реферат • 1,274 Слов (6 Страниц) • 40 Просмотры
Яхудаева Ж
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Қарағанды қ., Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Аннотация. Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының тілдік құзыреттілігін дамытуда қазақ ертегілерін тиімді пайдаланудың педагогикалық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Ертегі – тек эстетикалық ләззат сыйлайтын көркем туынды ғана емес, оқушыны сөздікпен жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуге, логикалық және бейнелі ойлауға жетелейтін құрал. Мақалада ертегілерді оқу үдерісіне енгізудің маңыздылығы, тиімділігі мен тіл үйретудегі артықшылықтары жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар, оқушылардың жас ерекшелігіне сай қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқытудың мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктері жүйеленіп, ертегінің функционалдық-коммуникативтік әлеуеті теориялық тұрғыдан негізделеді.
Кілт сөздер: тіл дамыту, бастауыш сынып, қазақ ертегілері, педагогика, әдістеме, сөйлеу мәдениеті, сөздік қор, фольклор.
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру — оқыту мазмұны мен әдіснамасының басты міндеттерінің бірі. Әсіресе бастауыш мектеп кезеңі – оқушының тілдік әлеуеті, сөйлеу дағдылары мен когнитивтік қабілеттері қарқынды дамитын кезең. Осы кезеңде балалардың танымына, тіліне, тұлғалық дамуына оң әсер ететін, ұлттық болмысты бойына дарытатын құрал – қазақ ертегілері. Фольклорлық шығармалар бала психологиясына жақын көркем формалармен ұштасып, баланың сөйлеу мәдениетін, эстетикалық талғамын, сөз байлығын дамытуға зор үлес қосады. Әсіресе ертегі жанры — бастауыш сынып оқушыларына тілді үйретуде мазмұны, тілі, құрылымы, тәрбиелік мағынасы тұрғысынан таптырмас ресурс. Ертегі – тек эстетикалық ләззат сыйлайтын көркем туынды ғана емес, оқушыны сөздікпен жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуге, логикалық және бейнелі ойлауға жетелейтін құрал. Сонымен қатар, оқушылардың жас ерекшелігіне сай қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқытудың мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктері жүйеленіп, ертегінің функционалдық-коммуникативтік әлеуеті теориялық тұрғыдан негізделеді.
Ертегі – баланың алғашқы әдебиетке ену қақпасы. Ол тілдің дыбыстық әуезін, бейнелі сөздің әсерін, көркем құрылымның логикасын бала санасына табиғи түрде сіңіреді. Қазақ халқы ертегіні бала тәрбиесінің негізгі құралы ретінде қарастырған. Мысалы, «Алдар көсе» ертегісі арқылы әділдік пен тапқырлыққа, «Ер Төстік» арқылы батылдық пен ерлікке тәрбиелеу мақсат етілген.
Ертегі тілі көбіне ауызекі сөйлеуге жақын, ырғақты, бейнелі. Онда баланың тілдік түйсігін дамытатын құралдар мол: тұрақты тіркестер, эпитеттер, теңеулер, метафоралар, диалогтар, синтаксистік қайталаулар. Олар арқылы оқушылар:
- жаңа сөздер үйренеді;
- сөз тіркестерімен жұмыс істейді;
- сөйлем құрауға дағдыланады;
- өз ойын логикалық тізбекпен баяндауға үйренеді;
- сөйлеу мәдениетін меңгереді.
Ғылыми тұрғыдан қарасақ, ертегі – бала санасын нақтыдан абстрактіге, әрекеттен бейнелі ойлауға көшірудің тиімді жолы. Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму теориясы, Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі ертегінің оқу процесіндегі маңызын дәлелдейді. Сонымен қатар Ж. Пиаже, Дж. Брунер, Бруно Беттельхейм сынды ғалымдардың еңбектерінде ертегінің баланың символдық-ассоциативтік ойлауын дамытатын құрал екені атап көрсетіледі. Қазақ ертегілерінде «жақсылық – жамандық», «адалдық – арамдық», «ақыл – күш» секілді қарама-қарсы ұғымдар негізінде моральдық модельдер беріледі. Мұндай мазмұн тілдің тек грамматикалық емес, прагматикалық және семантикалық жағын меңгеруге жағдай жасайды.
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ ертегілері арқылы сауаттылығын дамыуға бағытталған жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі:
- Лексикалық жұмыс: жаңа сөздер, тұрақты тіркестермен жұмыс, синоним-антоним табу.
- Сөйлеу жаттығулары: диалог құрау, рөлге бөліп оқу, сахналау, кейіпкер атынан сөйлеу.
- Жазылым дағдылары: ойтолғау жазу, ертегіні жалғастыру, шығармашылық мәтін құрастыру.
- Когнитивтік тәсілдер: Венн диаграммасы, Кубизм, сұрақ қою стратегиясы, «сөз өрісі» әдісі.
Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пəнін оқу жəне меңгеру келесілерді түсінуіне мүмкіндік береді:
– қоршаған əлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысына;
– өлі жəне тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептеріне;
– жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-əрекет түрлері үшін маңыздылығына [3].
...