Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бiлiм беру yдерiсiн yйымдастыруда казiргi бастауыш сынып мyfалiмiнiн кәсiби кyзiреттiлiгi

Автор:   •  Апрель 7, 2026  •  Статья  •  1,832 Слов (8 Страниц)  •  8 Просмотры

Страница 1 из 8

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ҚАЗІРГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП  МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ

ҚайржановаА.А.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 3-курс студенті,

Ғылыми жетекшісі: Рысбаева А.К.

Ақтөбе қаласы

ardak_rysbaeva@mail.ru

Аңдатпа

Қазіргі таңда білім берудің  жаңартылған жүйесі енуімен қатар педагогтардың жұмыс жасау тәртібінеде жаңашылдық енгізіліп отыр. Яғни, ақпараттық технологияның қарқынды дамыған кезеңінде, педагогтардың цифрлық білімдерінің және сол білімді болашақ ұрпаққа  оқыту мен тәрбиелеу басты назарға алынуы тиіс екендігі туралы қарастырылған. Бұл баяндаманың мақсаты- білім беру үдерсін  ұйымдастыруда мұғалімнің цифрлық сауаттылығын көрсете білуі.

Кілт сөздер: білім беру, мұғалім, құзіреттілік, кәсіби, технология, платформа.

     Әрбір елдің негізі – білім беру жүйесі. Білімді ұлт қана өзін биік белестерден көре алады. Елімізді биік шыңнан көргіміз келсе, ең алдымен білім саласын жоғары деңгейге жеткізуіміз қажет. XXI ғасыр мұғалімі қандай болуы керек? Нағыз ұстаз жарқын жүзді, баламен ашық сөйлесетін, ата-анасымен әрдайым қарым-қатынаста болатын адам. Оқушыға ұрсып түсіндірмей, керісінше оларға жақсы көңіл күй сыйлау керек. Заманауи мұғалім деп оқушымен дос, сырлас бола білетін, оларға энергия сыйлап, мотивация беретін тұлғаларды айтамыз. Әрбір маман иесіне, мейлі ол ұшқыш, мейлі ол дәрігер болсын өмір сүруді үйрететін педагогтар ғой. Педагогтардың қоғамға тигізіп жатқан үлестері зор.

Жаңашыл ұстаз ғана заман талабына ілесе алады. «Мұғалім өзінің білімділігімен, жайдары мінезімен, жүріс-тұрысымен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» – деп Мәлік Ғабдуллин ағамыз айтқанындай, әрбір мұғалім жаңашыл, білімді, білікті болса, онда алдындағы шәкірті де сондай болады. Ұлы педагог Я.А.Коменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» – деп ұстаздың еңбегіне баға берген.Қазіргі уақытта педагогикалық кәсіпқойлықты түсіну өте кең болып көрінеді. Әдетте, «кәсіби» термині белгілі бір биіктерге жетуге баса назар аудару қажет болған кезде қолданылады. Мұғалімнің кәсібилігін жетілдіруді жеке тұлғаның кәсібилігі мен іс-әрекеттің кәсібилігін дамыту процестерінің өзара байланысы ретінде ашуға болады. Біз кәсіпқойлыққа жету процесі, ең алдымен, адамның ішкі ұмтылысына байланысты, ол өзі қол жеткізуді жоспарлап отырған биіктіктерді анықтап, статикалық білім болып табылмайтын және азды-көпті өзгергіштігі бар өзіне қол жетімді шыңға қарай қозғалыс жобасы мен моделін құрған кезде қалыптасады деген көзқарасты ұстанамыз.

Кәсібилік дегеніміз – адамның санасы мен психикасының белгілі бір жүйелі ұйымы, кез-келген қызмет саласындағы жетістіктердің ең жоғары деңгейі. Педагогикалық кәсібилік ұғымының тұтастығы мен толықтығы тұжырымдаманың интеграциялану дәрежесін, кәсіби мінез-құлықтың қалыптасуын, нәтижелілігін, сондай-ақ педагогтың біліктілігін, құзыреттілігін, кәсіби мәдениетін анықтайды. Бұл құрылымдық компоненттердің механикалық байланысы туралы емес, олардың өзара енуі туралы, бұл кәсіби шыңдарға жетуде жаңа нәтиже береді. Педагогикалық кәсіпқойлықтың осы компоненттерінің мәнін біз келесідегідей түсінеміз:

Біліктілік – қызметкерге қойылатын кәсіби қызмет талаптары, олардың сәйкестігі оның білім беру бағасында және басқа да кәсіби қасиеттерінде, біліктілік сипаттамасында көрінеді.  

Құзыреттілік – кәсіби қызмет саласының мәселелерін білікті түрде бағалауға мүмкіндік беретін білім жиынтығын қамтитын мұғалімнің өз іс-әрекетінің субъектісі болу қабілетінің кешенді сипаттамасы.

Педагогикалық мәдениет – осы әлеуметтік – тарихи дәуірде түсінуге және практикалық  қолдануға міндетті, яғни кәсіби-мәдени құндылық болып табылатын және тиісті стандарт ретінде әрекет ететін педагогикалық мұраны иелену.  

...

Скачать:   txt (27.7 Kb)   pdf (223 Kb)   docx (405.2 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club