Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық тәжірибеде танымдық қызығушылықтарын дамыту

Автор:   •  Апрель 15, 2023  •  Доклад  •  1,849 Слов (8 Страниц)  •  239 Просмотры

Страница 1 из 8

Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық тәжірибеде танымдық қызығушылықтарын дамыту

Айбаркызы Аруна– «Бастауыш білім беру» мамандығының ІҮ  курс студенті

Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна- педагог-зерттеуші, жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК. Қостанай қ., Қазақстан

Кілт сөздер: Машықтама, танымдық қызығушылық, тәжірибе, ойын, ақпараттық коммуникация, сыни тұрғысынан ойлау.

Түйіндеме: Ғылыми жобамның негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамыту маңыздылығын түсіндіру және практикалық бағытта көрсету. Негізі таңдалған әдістердің тиімді және тиімсіз жақтарын анықтап оны машықтамада орындалуы жайлы талданды.

Ғылыми зерттеудің мақсаты:Бастауыш сыныпта танымдық қызығушылықты дамыту мақсатындағы жұмыс түрлерімен танысу және әдістерді теориялық тұрғыдан зерделеу негізін тиімділікке ала отыра оқушыларды шығармашылық жағынан және сыни ойлау дағдыларын игерту.

Ғылыми  зерттеудің міндеттері:

1. Танымдық қызығушылықты дамыту түсініктерінің теориялық мазмұнын ашу;

2.Жалпы танымдық қызығушылық ұғымын аша отыра,тиімді әдіс-тәсілдер жиынтықтарын қарастыру.Берілген тақырып бойынша педагогикалық және психологиялық  әдебиеттерге шолу жасалды;

3.Оқу мен жазуда оқушылардың танымдық қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қолдану әдістемесін оқып үйрену;

4.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық даму деңгейлерін диагностикалауға арналған тапсырмалар жүйесін әзірлеу;

   Ғылыми жұмыстың өзектілігі:Бастауыш сыныпта танымдық қызығушылықты дамыту маңыздылығын ашу

    Зерттеу әдістері: 

  • берілген жұмыс тақырыбы бойынша ғылыми, әдістемелік, мерзімді әдебиеттерді талдау;
  • зерттеудің теориялық негізін жасау мақсатында озық тәжірибені зерделеу, талдау және жалпылау;
  • бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының қалыптасу деңгейлерін анықтау мақсатында оқушыларды бақылау.        

    Зерттеу гипотезасы:

Бастауыш сынып оқушыларында танымдық қызығушылық дамыту үшін ойын,сыни тұрғысынан ойлау және ақпараттық коммуникативтік технология түрлерін қолдану қажет.

 «Шеберлік тек тәжірибемен келеді және

 тек нұсқауларды оқу кезінде пайда болмайды».

 Наполеон Хилл

            Педагогикалық тәжірибе   – болашақ мамандарды даярлау жүйесіндегі маңызды, негізгі психологиялық-педагогикалық дағдылар мен кәсіби дағдыларды қалыптастыратын негізігі іс-әрекеттердің бірі болып табылады. Ал,  педагогикалық тәжірибенің мақсаты – оқу бағытына сәйкес бейіндік пәндер бойынша оқу сабақтарының жекелеген түрлерін өткізудің педагогикалық шеберлігін меңгеру, оқу орындарындағы педагогикалық және оқу-әдістемелік жұмыстың негіздерін меңгеру деп түсінеміз.

           Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен  ынтымақтаса отырып,  кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті  дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек. Болашақ мұғалім мамандығын  дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнынының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.

            Педагогикалық тәжірибенің  негізгі міндеттері:

  • студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту;
  • психологиялық-педагогикалық дағдыларды, кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру және дамыту;
  • мұғалімдердің озық тәжірибесін, әртүрлі типтегі мектептердегі педагогикалық процестің нақты жағдайын зерттеу.

            Педагогикалық тәжірибені  өту барысында әр мекемеде дайындық өткізіледі. Дәл сол сияқты практика алдында дайындық апталықтары жүргізілді. Практикаға дайындық барысында жалпы қауыпсіздік ережелеріне басты назар аударып, сақталуына назар аударған болатынмын.

           Тәжірибеден өту барысында алған кәсіби шеберлігі мен практикалық икемділікті осы берілген «Машықтама барысында бастауыш сынып окушыларда танымдық қызығушылықтарын дамыту» тақырыбы бойынша зерделеген болатынмын. Берілген тақырып аясында нысан ретінде «Қостанай қаласы білім бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 ЖББ» мектебін алған болатынмын.

...

Скачать:   txt (20.3 Kb)   pdf (368.4 Kb)   docx (368.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club