Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жауапты өзін-өзі емдеу кезіндегі фармацевттің рөлі

Автор:   •  Сентябрь 17, 2020  •  Эссе  •  284 Слов (2 Страниц)  •  1,177 Просмотры

Страница 1 из 2

Кенжебаева Данагүл, 4-001 Фармация

Эссе

«Жауапты өзін-өзі емдеу кезіндегі фармацевттің рөлі»

      Қазіргі таңда халықтың біршама бөлігі өз бетінше емделуді жөн санайды. Бірақ, бұл іс әрекет барлық уақытта оң нәтиже бере бермейді. Өзін-өзі емдеу деп, дәрі-дәрмектерді немесе басқа да, емдік шараларды дәрігердің тағайындауынан тыс өз бетінше қабылдауы. Пациенттердің көпшілігі дәрігерде ұзақ кезекте тұрғысы келмейтіндігінен немесе уақыттарының жоқтығынан   өз бетінше емделгенді дұрыс көреді. Сонымен қатар, дәрігерге деген сенімсіздік және де, дәрігердің қымбат дәрілік препараттарды тағайындауын, пациент басты назарға алатыны анық. Әрбір адам өз денсаулығын қадағалап үлкен жауапкершілікпен  қарауы тиіс. Өзін-өзі емдеген жағдайда да, толықтай кеңес алуымыз қажет. Бұл кезде біз сапалы әрі толық ақпарат алуымыз үшін фармацевттің кеңесіне жүгінуімізге болады.

     «Фармацевт» тұтынушының күтімін қамтамасыз етуші. Фармацевт пациентке көмек көрсетуде жауапкершілік рөлі арта түседі. Бірінші кезекте келушіні мұқият тыңдап, оның жағдайын нақтылау үшін қажетті сұрақтар қойғаннан кейін шешуі керек — науқасқа медициналық мекемеге жүгінуге кеңес беру керек пе немесе өзін-өзі емдеуді таңдау бойынша ұсыныстарды бастауға болады ма. Егер фармацевт науқастың жағдайы медициналық араласуды қажет етпейді деген қорытындыға келсе, ол өзінің консультативтік функцияларын орындай алады. Фармацевт пациенттің қандай да бір  шағымдарын анықтай отырып соған сәйкес дәрілік препаратты ұсынады.  Онымен қоса дәрі-дәрмектердің қандай жағдайда қолдану немесе қолданбау  керектігін, оның қабылдау ережелерімен таныстырып, қабылдаған жағдайда жанама әсерлер туындауы мүмкіндігін айтып ескертеді.

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (65.3 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club