Жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі жағдайлардағы жүйесі
Автор: Ayana2002 • Сентябрь 24, 2019 • Курсовая работа • 8,359 Слов (34 Страниц) • 672 Просмотры
Кіріспе
Мемлекеттік аппарат пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттестігінің жүйесі демократиялық құқықтық мемлекеттегі басқару жүйесінің негізгі құраушысы болып табылады. Оның құқықтық негізі Конституциядағы “Қазақстан Республикасындағы ел халқы оның жалғыз билеуші көзі” деген бапқа негізделген.
Бұл өзара әрекеттестік жүйесі мемлекет пен қоғам арасындағы түрлі байланыстар негізінде іске асырылады. Мемлекет қоғамның әл-ауқатын арттыру, саяси тұрақтылығын қамтамасыздандыру, ұлттық экономиканың қалыпты жұмыс істеуін реттеу жұмысын атқаруды өзінің алқалы атқарушы органдары арқылы жүзеге асырады. Елдегі басқару жүйесі, оның қызметінің қоғамның әр мүшесіне қатысты екендігіне байланысты бұл сұрақтар ешқашан маңызын жоймақ емес.
Курстық жұмыстың зерттеу аясы нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру жағдайларына шолу жасау, жергілікті өзіндік басқару жүйесінің қызметін, құрылымдық ерекшеліктерін және қазіргі мәселелерін зерттеу және оларды шешу жолдары мен дамыту бағыттарын туралы айқындау.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару дегеніміз - жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет.
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды басқаратын және өзiне сенiп тапсырылған аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.
Курстық жұмыс объектісі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының жергілікті өзіндік басқару жүйесі.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында мемлекеттік және жергілікті басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері, жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу негіздері және қызмет етуінің құқықтық жағдайы қарастырылған.
Жұмыстың екінші тарауында жалпы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі: басқару қызметі, әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы және жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының қызметін ұйымдастыру шаралары талданған.
Зерттеу жұмысын жазу кезінде экономика және мемлекеттік басқару саласындағы белгілі ғалымдар Г.В.Атаманчуктің, Н.И. Глазунованың, Р.С.Кареновтің, О.С.Сәбденнің, К.Б.Бердалиевтің еңбектерін, Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, сонымен бірге статистикалық мәліметтер, мерзімдік басылым беттеріндегі материалдар пайдаланылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Жергілікті мемлекеттік басқару заңы 2001 жылы қаңтарда қабылданды, мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай- күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады, құзіреті шегінде оның дамуы, жергілікті мемлекетті басқару заңымен және басқа да атқарушы актілермен анықталады.
Жергілікті атқарушы орган әкімшілік облыстық әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақты жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
Курстық жұмыс барысында Ақтоғай ауданының әкімінің аппараты ұйымының қызметін, құрылымын қарастырамын.
І. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі жағдайлардағы жүйесі
1.1 Басқару процесін зерттеудің әдістемелік негіздері
Менеджмент процесінде үйымдардың басқару функцияларын, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін уақытында және дұрыс шешімдер қабылдауға ерекше көңіл аударылады. Осының салдарынан менеджмент процесін жүзеге асыру жолында әрекет тиімділігін жоғарылатуға әсерін тигізетін тәсілдер дамытылады және қолданылады, сондықтан да фирманың конкуренттік қабілеттілігі арттырылады.
...