Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ЖБА-ның ісіктері бар науқастарды емдеу кезіндегі деонтология мен дәрігерлік этика

Автор:   •  Март 15, 2018  •  Реферат  •  1,038 Слов (5 Страниц)  •  1,854 Просмотры

Страница 1 из 5

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
       МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

CТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:ЖБА-ның ісіктері бар науқастарды емдеу кезіндегі деонтология мен дәрігерлік этика

                                                                      Орындаған: Жұмалиева Ақбөбек

                                                      Тексерген: Ізтлеуов.С.А

Ақтөбе 2018 жыл

ЖОСПАР

І.КІРІСПЕ

ІІ.Негізгі бөлім

ІІІ.Қорытынды бөлім

ІV .Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Танымал онколог-хирург Н.Н.Петров жазған: «Медициналық деонтологияның барлық негізгі тапсырмасы мынада жатыр- медицина қызметкерлері естен шығармауы керек, медицина науқас адамдардың пайдасына шешілу керек, керсінше медицина қызметкерлеріне емес».

Онкологиялық практикада Дәрігерлік дионтологияның  сұрақтары негізгі орын алады. Өйткені окологиялық ауруларда өзін өзі емделуі мүмкін емес, сондықтан науқастың сауығып кетуі дәрігердің  компетенциясына байланысты. Қатерлі ісік деген диагноз Науқастың санасына ауыр тиеді, соны дәрігер ескере отырып дeонтологияны сақтау керек.

Этика - aлғаш рет «этика» терминін Аристотель қолданды, ол бұл ұғымды адамдардың моральдік мінез-құлқының философиясы ретінде түсінді.

Медициналық этика - бұл меджұмыскерлердің моралін, соның ішінде олардың мінез-құлқын, науқастармен , серіктестерімен және қоғаммен қарым-қатынасын үйрететін ұғым.

Деонтология- медициналық жұмыскерлердің науқастар мен сау адамдарға қатысты кәсіби міндеті туралы ілім;Бұл науқастарға максимальды пайда келтірудегі  меджұмыскерлердің тәртіптік принциптерін үйрету;

Медициналық қызметкердің моралінің негізгі принциптері

- гумманизм;

- нақтылық;

- науқасқа назар аудару;

- науқастың сенімінен шыға білу;

- науқасқа қатысты барлық міндеттерін толық орындау.

- адамдардың психикалық денсаулығы үшін күресу;

- профилактикалық және санитарлы жұмыс жүргізу;

- дәрігерлік құпияны сақтау;

-  науқастың нәсіліне, политикалық және діни сеніміне қарамай көмек көрсету.      

Онкологиядағы медициналық деонтология - бұл дәрігердің науқас пен оның туысқандарының, серіктестерінің, қоғамның алдындағы парызы туралы ілім.

Онколог, барлық медициналық қызметкер сияқты мынадай этикалық принциптерді ұстану керек:  «Женева декларациясы ДДҰ» (1994), «Медициналық этиканың халықаралық кодексі» (1983),  «Дәрігердің этикалық кодексі» (1994). Бұл құжаттарда, дәрігердің басты міндеті гуманизммен қызмет ету деп көрсетілген.

Онкологиядағы деонтологияның принциптері

Дәрігердің онкологиялық науқасқа қатысты  әдіс-тәсілін анықтайтын 2 принцип көрсетілген:

1) науқастың психикасын максимальды қорғау;

2) әрбір қатерлі ісігі бар науқас ем алуға құқылы.

Психикасын қорғау мақсатындағы принциптер:

1.Науқастың өз ауруының әсерінен болған эмоционалдық жарақатын өршітпеу;

2.Әрбір науқасты ең біріншіден жеке тұлға ретінде қарау. Оны рухын басып тастамау, одан жоғары блмау, онымен интеллигентті түрде сұхбаттасу.

3.Ауыр науқасты дөрекілік және назар бөлмеу арқылы жаралау жеңіл. Сондықтан сөйлесудің өзіне аса мән беру керек.

4.Әр науқастың психикалық ерекшелігі, интеллекті, өмірлік тәжірибесі әрқалай. Сонымен қатар науқас өз ойын айтуға толық құқылы. Сондықтан науқастың көзқарасына қарап, оны мұқиятты түрде түзеуге тырысу қажет.

5. Барлық адамдарда «обыр – өмірге қауіпті» деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан да осы ауру туралы есту оның болашағы туралы ойын күрт өзгертуі мүмкін. Дәрігер оны қорғаныш раекциясы ретінде қабылдап, жұмсақ түрде әңгімелесу керек.

6. Онкологиялық науқастың ойы мен сезімін толық түсінуге қатты сенімді болмау керек. Оны сөкпеңіз, позитивті ойлаңыз.

...

Скачать:   txt (14.8 Kb)   pdf (151.6 Kb)   docx (16.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club