Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Студенттердегі тері аурулары (акне,безеу):әсер ететін факторлар, өзін-өзі бағалау,емдеу

Автор:   •  Апрель 24, 2022  •  Творческая работа  •  1,040 Слов (5 Страниц)  •  317 Просмотры

Страница 1 из 5

[pic 1]

[pic 2] 

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Сапалы зерттеулер бойынша студенттердің ғылымы жұмысы

Мақала тақырыбы: Студенттердегі тері аурулары (акне,безеу):әсер ететін факторлар, өзін-өзі бағалау,емдеу.

Орындаған:Марлыбекова Мадина

Тобы:P20-001-02

Факультет:педиатрия

Тексерген:Аймаханова А.Ш.

Алматы, 2022 ж

Аннотация: бұл зерттеуде Алматы студенттерінің арасындағы тері аурулары зерттеледі. Оның студенттің жеке өміріне, өзін-өзі бағалауына әсері, пайда болуына алып келетін мүмкін факторлар анықталып, ол факторлар әсерін азайту және алдын-алу шаралары қарастырылады.

Кілт сөздер: тері аурулары, Алматы студенттері, безеу, акне, өзін-өзі бағалау, емдеу әдістері.

ӨЗЕКТІЛІГІ

Тері аурулары немесе бөртпелер осы заманның өзекті проблемаларының бірі. Қазіргі кезде дамыған елдер халқының 95%-ы белгілі бір тері бөртпесінен зардап шегеді. Безеу проблемасы әсіресе жасөспірімдерде өзекті, теріде қызыл қабыну түйіндері, пустулалар, қара нүктелер, кейде кисталар түрінде көрінеді.  Соңғы кездері бұл аурулар тек жасөспірімдік ауру емес, сонымен қатар ересектерде де жиі кездеседі.  Golden V. S. (1999) мәліметтері бойынша, 25-48 жас аралығындағы ерлердің 3% - ында және әйелдердің 12% - ында безеулер байқалады.

Тері бөртпелері және оның әкеп соғатын салдары әртүрлі жастағы науқастарда психологиялық проблемалар тудырады.

Қазіргі кезде осы ауруларға әсер ететін факторлардың көбі студенттерде кездеседі. Соның ішінде стресс.

Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеуде қандай да бір әмбебап,яғни универсальды әдіс жоқ.

Мақсаты: Алматы студенттерінде тері ауруларын анықтау. Әсер ететін факторларды зерттеп, әсерін азайту және студент психологиясы мен өмір сапасына әсерін анықтау.

Міндеті:

  • Студенттердегі тері аурулары түрін анықтау;
  • Пайда болуына алып келетін факторлармен байланыстыру;
  • Олардың емдеуде қолданған әдістерін анықтау;
  • Жеке өміріндегі қиындық, басқа адамдардың көзқарасы, өзін-өзі бағалауын анықтау.

Зерттеу әдісі: зерттеу GOOGLE form-де тест түрінде жүргізілді.Әртүрлі жоғарғы оқу орнындағы 1-5 курс оқитын 25 студенттер қатысты. Олар ҚазҰМУ, КБТУ, Сатбаев, СДУ, ҚАЗҰУ,МУИТ студенттері қатысты.

 КІРІСПЕ

Тері-адамдағы ең үлкен мүшенің бірі. Ол көптеген қызметтері атқарады. Ішкі ағзалардың бұзылысы теріге көрініс береді.

Енді тері бөртпелеріне тоқтайтын болсақ, безеу- май бездерінің жоғарылауынын, ұлғаюынан және бітелуінен болатын ауру. Майлы бездер бітелгенде, сол жерде пропионобактериялар көбейеді.Олар қабынуды тудырып, сол жерде безеулер туады.

Беттегі бөртпелердің мынандай түрлері бар:

  • Комедондар. Ақ және қара, ашық жабық түрде болады. Ауыр қабынуды тудырады. Тиісті күтім жасаса, тез емделеді. Инфекция түссе, келесі түрі папулаға айналады.
  • Пустула. Құрамында іріңі бар қызыл жаңа түзілетін плазма. Піскеннен кейін сол ошақта ақ нүкте пайда болады;
  • Папула. Бұл піскен түрі, ол ауырсынумен бірге жүреді. Ол ұстағанда ауырсыну тудырады;
  • Өзекті-кистозды түрі. Бұл көп мөлшерде пайда болады, ауырсыну тудырады.

Тері бөртпелерінің түзілуіне ішкі және сыртқы фактор әсер етеді.

Сыртқы факторлар:

  • Қабынуға тиісу;
  • Стресс;
  • Стероидты, гормондық дәрілерді қолдану;
  • Тәтті және майлы көп тұтыну;
  • Жеке бас гигиенасын дұрыс ұстанбау;
  • Бетке күтім жасамау.

Ішкі факторлар:

  • Эндокриндік жүйе бұзылысы;
  • Генетикалық бейімділік;
  • Инфекция ;
  • Қыздар үшін менструальды цикл;
  • Асқазан ішек жолдарының бұзылысы;
  • Темекі шегу;
  • Психоэмоционалдық жағдайлар.

 Негізінен тері ауруларына шалдыққан адамдар бірқатар психологиялық проблемаларға ұшырайды екен. Бұл аурулар науқастарда өзін-өзі бағалауының төмендеуіне, өзіне деген сенімділіктің жоғалуына алып келеді екен. Бұл көбіне студенттерде, мектеп оқушыларында кездеседі.Бұл кезде психологиялық тұрғыдан жастар осал болады.

...

Скачать:   txt (15.5 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club