Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Глоссарий по "Педагогике"

Автор:   •  Сентябрь 30, 2019  •  Лекция  •  580 Слов (3 Страниц)  •  886 Просмотры

Страница 1 из 3

ГЛОССАРИЙ

      Дефектология (лат. defectus – кемшілік және гр. logos – сөз, ілім) педагогикалық ғылымдарға жатады және жалпы қабылданған  биоәлеуметтік қалыпты жағдайдағы дамудан ауытқулары бар балалардың психикалық-дене  ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтарын зерттейді. Бұл заңдылықтарды әртүрлі мамандардың  (педагогтардың, дефектологтардың, дәрігерлердің, психологтардың және т.б.) кешенді, жан-жақты жұмыс істеу тәсілдері арқылы айқындау мүмкін.  

Екінші  сатылық  ауытқу  – баланың негізгі ақауымен пайда болған және оның жеке дамуына кедергі келтіретін кемістік.

Балалар церебральды параличі (БЦП) – баланың миының жете дамымауы және оның онтоггенездің әр түрлі кезеңдерінде зақымдануы  нәтижесінде пайда болатын әр түрлі клиникалық синдромдардың айқындалу тобы. Қалыпты жағдайды сақтай алмауымен және артық қимылдарды орындауымен сипатталады.

Бобат-терапия – дағдыланған тұрғыда қалау реакцияларының пайда болуы барысында «түйінді нүктелерге» (бас, дене, иықтық белдік, бел) ықпал етумен қалыпты жағдай реакциялары дамытылады және қалыпты емес қимылдар стереотиптері бақыланады.

Зиятының жетіспеушілігі – баланың орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануы салдарынан пайда болатын және оның психологиялық-физиологиялық дамуының барлық жақтарына ықпал ететін кемістік: қимыл, эмоциональдық-еркіндік ая; сенсорлық процестер; ойлау, сөйлеу, жады, назар аудару, іс-әрекет, мінез-құлық.

Коррекциялық оқыту – ақыл-ой мен физикалық дамуының жетіспеушілігін толықтай немесе ішінара түзетуді мақсат тұтатын оқытудың бір түрі.  

Көрмейтін балалар  – көру сезім толығымен жоқ немесе сәл ғана жарықты сезінетін балалар.

Көздің зақымдануы – соқыр және нашар  көретін балаларға қатысты ұғым.

Компенсация  (лат. compensatio - өтеу, теңдестіру, толықтыру)  - организмнің бұзылған немесе толық дамымаған қызметтерін алмастыру, толықтыру немесе қайта құру. Бұл жүре иеленген немесе туа біткен кемістіктердің  нәтижесінде  пайда болған организмнің күрделі, әр алуан үрдісі.

Есітуінің зақымдануы – есіту анализаторлары толық жұмыс істемейтін және сәл ғана есітетін адамдарға қатысты айтылады.

Нашар көретін – коррекцияның кәдімгі құралын (көзілдірік) пайдалану арқылы көрудің (0,05 тен 0,2 дейін) айтарлықтай төмендеуі немесе басқа көру қызметі ауыр зақымдануы барысында көру ұшқырлығының аса төмендеуі.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (94.4 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club