Ағылшын тілі сабактарында ойын технологиясын колдану
Автор: Meruyert2016 • Апрель 21, 2018 • Доклад • 657 Слов (3 Страниц) • 1,089 Просмотры
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
Ағылшын тілі мектеп пәндерінің арасында ерекше орын алады. Ол ұлтаралық тілдер негізі бола отыра білімнің адамгершілік мәнін көрсетіп, олардың көңіл құндылықтарын айқындап береді. Ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілін дұрыс таңдау арқылы ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін, көзқарастарын қалыптастырып, оқытудың негізгі мақсаты болып табылатын және оқыту үрдісінде білімге деген қызығушылықтарын арттыруға қол жеткізеді. Мұғалім де, оқушы да негізгі бөлігі грамматикалық түр мен көптеген сөздерді механикалық түрде есте сақтаудан тұратын оқытудың тиімді тәсілін іздейді. Ағылшын тілін оқытуда ойын технологияларын қолдану - оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың бірден бір жолы. Ойын дүниетанымның түрі ретінде көптеген зерттеулер оның шет тілін үйретуде тиімділігін көрсетті. Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың көптеген жолдарының ішінде ойын іс-әрекетін ұйымдастыру тиімді болып табылады. Ойынның құрылысы, оның мазмұнды құрамы мен ережесі әрдайым баланың шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыратын эвристикалық ортаны қалыптастырады. Оқушыларда танымдық қызығушылықтың болуы олардың сабақта белсенділігін, білім сапасын, оқудың ұнамды қалыптасуын арттырып, белсенді өмір ұстанымының өсуіне әсер тигізеді. Танымдық қызығушылық деп таным, оның пәндік жағы мен білімді меңгеру процесіне назар аударған, таңдамалы тұлға бағытын айтады. Сондықтан оқушылардың шет тіліне деген танымдық қызығушылықтары шет тіліндегі қарым-қатынас, коммуникативтік тапсырмамен қойылған шет тіліндегі қарым-қатынасқа деген қызығушылықтарынан пайда болады. Шет тілін оқыту процесінде белсенділік принципі дидактикада негізгі болып табылады. Ол білім мен дағдыны меңгеруге қажетті жоғары түрткіге ие әрекет сапасын болжайды. Әсіресе, оқушылардың ойын өткізудегі белсенділіктері маңызды. Олай болмаған жағдайда мұғалім қалаған нәтижесіне қол жеткізе алмайды. Ойын ― бұл көпшілік тәжірибені жаңадан жасап, меңгеруге бағытталған, оның ішінде жинақталып, мәліметті өздігінен басқарып жетілдіретін әрекет түрі. Педагогикалық ойын арқылы оқытудағы мақсат ― сабақтарда оқушыларды оқу әрекетіне ынталандыратын жағдай жасау. Кез-келген ойында тәрбиелік пен білімділік мүмкіндіктері болады. Ол баланың байқампаздығы мен заттардың қасиеттерін айыра алу қабілетін, олардың мазмұнды белгілерін анықтаушылығын дамытады. Сол арқылы ойын балалардың ойлауын дамытып, назарын, шығармашылық қабілетін жетілдіруіне көп әсерін тигізеді. Сабақта ойын тәсілдері мен жағдайларын қолдануда мынадай талаптарға сүйену қажет: - дидактикалық мақсат оқушылардың алдында ойын тапсырмасы түрінде қойылады; - оқу әрекеті ойын ережесіне сүйенеді, ал оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады; - оқу әрекетінде жарыс әрекеті болуы тиіс; - дидактикалық тапсырма міндетті түрде ойын нәтижесімен сәтті орындалуы қажет; - ойын оқушылардан тек жағымды эмоция, сүйкімділік, мақсатты талап етеді; - оқушылардың қабілетінің артуы міндетті түрде есептелуі [2]. Ойын арқылы оқыту педагогикалық технологиясы келесі дайындық кезеңдері мен дидактикалық ойындарды өткізу, мақсатты анықтау, ойын мазмұнының сипаттамасы, ойынды ұйымдастырудың шарттын суреттеу, нәтиже бағалары, өзіндік бақылауды ұйымдастыру мен бағалау танымдық мақсатты қоюдан тұрады. Танымдық ойынның мақсаттары ― педагогикалық және әдістемелік сабақтарының тапсырмасын орындау. Ерекше тәрбиелік мақсаттарға ― ойын кезінде жиі ұжымдасып жұмыс жасау мен достық көмек, топ алдындағы адамгершілікті арттыру жатады. Ойын ұйымдастырудағы шартының суреттелуі оқушылармен жұмыстың ұйымдастыру түрі жеке немесе ұжымдық, жұптық немесе шағын топтық болады. Ойын түрін (рөлдік, іскерлік ойын, саяхат, ойынжарыс) белгілеу маңызды. Сонымен қатар өткізілуі мен ойын нәтижесінің бағалануы да өте маңызды. Мұғалім бағалау арқылы оқушының даму деңгейі мен білімді меңгеру деңгейін куәландырады. Бағалау нәтижесінде оқушылардың бойында өзін қанағаттандыру әрекеті туады. Танымдық ойын нәтижесін өзіне бағалатуға немесе әділқазылар бақылауының көмегімен бағалауға болады. Ол міндетті түрде жеңімпаздарды мақтап, оқушылардың қате жіберу себебін көрсету қажет. Мысалы, «Барлығы араласып кетті» ойынында оқушылар топ-топқа бөлінеді. Қораптың ішінде аңдар, жиһаз, оқу құралдары және т.б. болады. Барлығы бір-біріне барып керек заттарын іздеп табулары керек. Әркім өз қораптарына салып, кім бірінші болып жинаса, қораптағы заттарын ағылшынша атайды. Алдымен жинап, заттарды дұрыс атаған топ жеңімпаз болады. Ойын соңында қатысушылар бағаланып, қате айтылған сөздердің ағылшынша нұсқасы айтылуы қажет. Мен өз сабағымда әртүрлі әдіс-тәсілдермен жұмыс жасағанды жақсы көремін. Оның ішінде оқушылардың қызығушылығын арттыруда топтық жұмыс түрін қолдану көп көмегін тигізеді. Ең алдымен жалпы сыныпты бір топ ретінде алып қарастырып көрейік.
...