Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ағылшын тілі қарым-қатынасында оқушылардың сөйлеу әрекетін жандандыру

Автор:   •  Март 2, 2019  •  Курсовая работа  •  16,287 Слов (66 Страниц)  •  1,263 Просмотры

Страница 1 из 66

         Кіріспе

Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сьезінде сөйлеген сөзінде: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды.Осы орайда қоғам талабына сай ағылшын тілін оқытуда алға қойылып жүрген ортақ міндет – тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ондағы мақсат – оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өз ара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету. Себебі, жалпыға бірдей білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру, өз халқымыз бен өзге халықтың мәдени мұрасы мен рухани адамгершілік құндылықтарын ағылшын тілін қолдану барысында бойына сіңіру, сөйлеу қабілетін, ой-өрісін, көзқарасын дамыту, балаларды ағылшын тілі мәдениетін, дәстүрін білуге тәрбиелеу.

Диплом жұмысымның мақсаты: Ағылшын тілі қарым-қатынасында оқушылардың сөйлеу әрекетін жандандыру.

Диплом жұмысымның міндеттері: Дипломдық жұмысының міндеті сөйлеу және сөйлеу түрлерімен мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын және қарым-қатынас жасауының әдістері мен түрін қамтиды.Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дамыту жолдары арқылы оқушыларды сөйлеуге коммуникативтік әдіс арқылы үйрету.Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауда жаңа технология әдістерін пайдаланып,ағылшын тілі қарым-қатынасында оқушылардың сөйлеу әрекетін жандандыру болып табылады.Ағылшын тілі сабағында оқушылардың өзара әрекеттестіктерін ұйымдастыру қағидалары. Оқушылардың өзара әрекеттесулерін белсендірудегі мұғалімнің рөлін анықтадық.Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлесу өзара әрекеттесулерін белсендіру жолдары және тәсілдері.

Зерттеу пәні:  «Ағылшын тілі қарым-қатынасында оқушылардың сөйлеу әрекетін жандандыру»

Зерттеу нысаны: Ағылшын тілі қарым-қатынасын дамытудағы сөйлеу дағдысының рөлі.

Зерттеу болжамы: Егер біз ағылшын тілінде әр түрлі тәсілдер қолдансақ, онда оқушылардың сөйлеу әрекетін  ағылшын тілі сабақтарында және сабақтан тыс іс- шараларда жандандыра аламыз.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен өзектілігі : Ағылшын тілі қарым-қатынасында оқушылардың сөйлеу әрекетін жандандыру барысында қолданылатын  әдістері мен ерекшеліктеріне байланысты туындайтын қиындықтарды шешу жолдарын табу, инновациялық әдіс- тәсілдердірді тәжірибе барысында қолдану және ұсыну болып табылады. Себебі кез- келген тілді оқу барысында грамматиканы жақсы меңгерген оқушы сөз тіркесін дұрыс біліп, өз ойын еркін сөйлеп жеткізе алады.

Жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін  «Шетел тілін оқыту әдістемесі №3»кітабы, Сақтағанова М.С., Алиева Н.Қ., Айтбаева Н.Қ  «Ағылшын тілін оқытудың әдістері» кітабы, Рақымжанова С.Қ. «Шетел тілін оқыту әдістемесі» кітабы, Ұлтанбекова Е. «Ағылшын тілі сабақтарында  жаңа әдіс тәсілдер арқылы оқушылардың таным қабілеттерін дамыту жолдары» кітабы, Нұрлыбай А.М., Ниязбекова А.А. «Ағылшын тілі сабағында интернет ресурстарын қолдану тәсілдері» кітабы  және тағы басқалар құрады.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Ағылшын тілін оқытуда үлкен жетістіктерге жету жолдарын қарастыра отырып, түрлі жұмыс жасау арқылы сөйлеу дағдысын дамытудың мүмкіндіктерін айқындау.

...

Скачать:   txt (194.2 Kb)   pdf (731.3 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 65 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club