Менің сүйікті мамандығым-ағылшын тілі мұғалімі
Автор: Makhabbat04 • Сентябрь 9, 2021 • Доклад • 279 Слов (2 Страниц) • 8,574 Просмотры
Менің сүйікті мамандығым-ағылшын тілі мұғалімі
Мамандық таңдау – әр адамның өмірінде болатын жауапты, әрі маңызды іс. Себебі, ол адамның болашақ өмірі, нанын тауып жегізетін табыс көзі. Кез-келген адам, бала кезінен бастап болашақта кім болатыны жайлы армандағаны сөзсіз... . Бірі бала кезінде дәрігер, бірі аспаз, ал енді бірі ұстаз болғысы келеді. Мен ұстаз болғысы келетіндердің қатарында жаттым. Мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сыныпты бітіріп, алғаш ағылшын тілін үйрене бастағанда, бұл пән сүйікті пәніме айналды. Сондықтан, болашақта ағылшын тілі пәні мұғалімі болуды шештім, сонымен қатар, ол менің сүйікті мамандығым болды.
Ал енді неге мұғалім деген сұрақ туады, ия? Мұғалім болу, айта кеткенімдей бала кезден бергі арманым болды. Шәкірттерді жаңа нәрсеге үйретіп, сол үйреткеніңді болашақта игі істерге қолданды дегенді естігенде бір марқайғанға не жетсін?!Сонымен қатар, өзіме балалармен жұмыс істеген қатты ұнайды. «Жақсы мұғалім – шәкіртіне есік ашады, ал жаман мұғалім – ашылған есікке итермелейді» дегендей, болашақта шәкіртіме есік ашар жақсы мұғалім болғым келеді. Неге ағылшын пәні? Себебі, қазір ХХI ғасыр, заман жылжып жатыр. Ағылшын тілі халықаралық тілге айналды. Жұмысқа тұрғың келе ме? Ағылшын тілін білу керек. Шет елде қыдырғың келе ме? Ағылшын тілін білгенің дұрыс. «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» – деп бірінші Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткендей, қазіргі заман ағылшын тілін талап етуде.
...