Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында ағылшын тілі сабақтарында кейс технологиясын қолдану ерекшеліктері

Автор:   •  Октябрь 23, 2019  •  Дипломная работа  •  17,830 Слов (72 Страниц)  •  885 Просмотры

Страница 1 из 72

Кіріспе

Егеменді Қазақстанның дамыған 30 елдердің қатарында болу ұмтылысы мен мақсаты еліміздегі барлық қоғамдық салаларының жаңа сапалық деңгейге жылдам әрі тиімді өту қажеттілігін туындатуда. Үздік ғылыми инновациялық технологиялардың өршу ғасырында білім беру институттары білімді, алғыр, шығармашыл және сыншыл ұрпақты тәрбиелеп өсіруді талап етеді.

Елбасымыз Н.Ә. Нaзapбaeв «...Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу, игepу жәнe жeтілдіpу - бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің -сіздepдің eншілepіңіз», – деп сенім артады. Сол сенімнің кілті білікті де, білімді ұстаздар қауымының қолында екенін бір сәтте естен шығармауымыз керек. Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірден-бірі. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді [1].

Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Дүниежүзілік білім беру парадигмасы адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзіндік ішкі табиғатын сезінуге, толықтыруға, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуге негізделген.

Осы тұрғыда қазіргі таңдағы Қазақстандық білім беру жүйесінде теория тұрғысынан ғана емес, іс жүзінде мектептегі оқу үдерісін ұйымдастыруда оқушылар - мұғалім, мұғалім-оқушылар арасындағы тұлға аралық өзара байланыс қағидасы басшылыққа алынған. Кең қолданыс тапқан заманауи педагогикалық технологиялар біздің оқушылардың келешек кәсібіне қажетті құзіреттіліктерді дамытуды көздейді. Өз алдында, құзірет білім беру жүйесінде әлеуметтік тапсырыс құрайтын жекелеген және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында сәтті қызметке қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді топтастыра білу қабілеттілігі ретінде танылады.

Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы өзекті мәселе –әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. 2016-2019 жж. Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ, ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру - білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған [2].

Сондықтан, бүгін мұғалім алдында тұрған басты міндеттердің бірі жаңа педагогикалық технологияларды жетік игеріп, оларды білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда және сапалы білім беруде қолдану; білім мазмұнын байыту, оқу үдерісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу.

Шынында да, бүгінгі таңда жас ұрпақтың бойында шыңдалатын маңызды қасиеттердің бірі - күрделі мәселелерді шешу, оның салдарына сыни талдау жасап, жағдайға сәйкес ақпаратты саралау, кейінен шешім қабылдауға қажетті білік - дағдыларының жиынтығы екені сөзсіз. Осыдан, сын тұрғысынан ойлау белгілі оқу аясында қалыптастырылу керек. Сын тұрғысынан ойлау оқушы тарапынан қызығушылық таныту әрі зерттеу әдістерін қолданумен пара-пар. Сыни ойлау белгілі сауал төңірегінде логикалық тұжырымдарға негізделген өзіндік көзқарасын қалыптастыру және қорғау деген сөз. Сыни ойлай білетін адам сан алуан ойлармен таныса отырып, оларды жүзеге асырудан әкелетін салдарын қарастыруға ерекше көңіл бөледі. Сыни ойлау дәстүрлі танымдық үдерісті өнімді, үдемелі, саналы өзіндік ерекшелігімен безендіре түседі.

...

Скачать:   txt (261.3 Kb)   pdf (726.8 Kb)   docx (173 Kb)  
Продолжить читать еще 71 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club