Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ағылшын тілі сабақтарында лексикалық жаттығулар арқылы оқушылардың сөздңк қорын молайту әдістері

Автор:   •  Июнь 5, 2018  •  Курсовая работа  •  8,791 Слов (36 Страниц)  •  3,198 Просмотры

Страница 1 из 36

Тақырыбы:

«Ағылшын тілі сабақтарында лексикалық жаттығулар арқылы оқушылардың сөздңк қорын молайту әдістері»

                                         

Ж О С П А Р

І. Кiрiспе.

 

І  Бөлiм. ТІЛДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР    

      1.1 Тілдің лексика жүйесі мен құрамы  
     1.2. Лексиканы оқытудың ерекшеліктері  

ІІ. Негiзгi бөлiм.  ШЕТ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ЛЕКСИКАҒА ҮЙРЕТУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТӘСІЛДЕР

      2.1. Ағылшын тілі сабақтарында лексикалық жаттығуларды қолдану тиімділігі
     2.2. Лексиканы оқытудың негізгі жолдары мен әдістері
     2.3. Шет тілін оқытуда сөздік қорды арттырудың жолдары

ІІІ. Тәжірибелік бөлiм.

ІҮ. Қорытынды

ТІРКЕМЕ1
ТІРКЕМЕ2
ТІРКЕМЕ 3

Ү. Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Тіл, тілдің қазіргі сөз байлығы – ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бірден-бірге ауысып, бүгінгі дәуірге дейін келіп жеткен мол қазына, асыл мұра.

         Әр халық лексикасы – сол халықтың басынан кешкен ұзақ сонар тарихының, саяси-әлеуметтік өмірінің тұрмыс-салты, күнкөріс тіршілігінің тілінде қалдырған ізі. Тілдегі сөздер – халықтың барлық білген білімі мен білігі, ойы мен идеясы, дүниетанымының көрінісі.

         Тіл, тілдің лексикасы[1] үнемі даму процесінде болады; көне заманнан бермен қарай қолданылып келе жатқан байырғы сөздер бұрынғы үйреншікті мағыналарына қосымша, үстеме мағыналар қосып алып, қолданылу өрісін кеңейте түседі; жаңа міндет атқарып, жаңа мағына білдіріп, әдеби тіл сөздігіне қайтадан еніп, актив лексикада қолданылып жүрген көне сөздер, қарапайым сөздер, жергілікті сөздер, кәсіби, кітаби сөздер де аз емес, орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген интернационалдық сөздер мен терминдер, соның ішінде тілінің сөздік құрамын мейлінше толықтырып, байыта түсуде.

          Тілдің лексикасы тілдегі сөздердің қолданылу аясы, шеңберіне қарай да топтастырылады. Өйткені, тілдің лексикасы – тілдің сөздік құрамының белгілі бір стилистикалық қабаттарының да, белгілі бір әдеби бағытқа тән сөздердің де жиынтығы. Қысқасы, тілдің лексикасы стиль ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.

Сондықтан да, әр стильдің өз қызметіне қарай белгілі бір актив қоры, яғни өзіне тән дерлік – сол стильде ғана көбірек қолданылатын сөздері мен сөз тіркестері болады. Сөздің ондай топтарының әрқайсысының өзіндік стилистикалық бояуы, мағынасы болады.

        Сол сияқты шет тілінің лексикалық стиліне тән лексиканың арғы негізі – ауызекі сөйлеу тілі лексикасы. Шет тілінің ауызекі сөйлеу лексикасында күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын кәдімігі үйреншікті, жұрттың бәрі де айта беретін сөздер жатады.

Сондықтан да, шет тіліне үйретуде үйренушілерге лексикалық дағдыны меңгерту маңызды.

 Сонымен қатар, шет тілінің ауызекі сөйлеу лексикасы – тіл-тілдің ежелгі сөздік қоры, әдеби тілдің бастауы, қайнар көзі мен сарқырамас бұлағы.

 Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шет елдермен экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары даму үстінде. Сондықтан, елімізге шет тілдерін жетік меңгерген мамандар аса қажет.

 Жалпы шет тілдерін меңгеру арқылы кез-келген адам басқа елдің тарихын, тілін, мәдениетін, бүгінгі күнгі өмірін таниды. Қазіргі заман азаматы  өзін мәдениетті, білімді деп санау үшін бір немесе бірнеше шет тілдерін білуі керек. Ал, осы шет тілдерін толық түрде игеру үшін, шет тілін оқытуды кіші сыныптардан бастауымыз керек.

 Шет тілі арқылы оқушы әлемді таниды, тілін оқытып жатқан елмен жан-жақты танысады. Оқушы шет тіліне қатынас құралы ретінде меңгеру үшін мұғалім тиімді, оқушыны қызықтыратын әдіс-тәсілдерді қолдануы керек.  

...

Скачать:   txt (109.4 Kb)   pdf (483.5 Kb)   docx (96.3 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club