Ағылшын тілі сабағында ерекше қолдауды қажет ететін оқушылардың нейрожаттығуларды жасату арқылы тілдік дағдыларын дамыту тиімді қолдану
Автор: Жадыра Тайжигитова • Апрель 4, 2023 • Контрольная работа • 822 Слов (4 Страниц) • 547 Просмотры
ШҚО білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі"КММ
Бағыты:
«Шеберлік палитрасы»
Тақырыбы:
«Ағылшын тілі сабағында ерекше қолдауды қажет ететін оқушылардың нейрожаттығуларды жасату арқылы тілдік дағдыларын дамыту тиімді қолдану»
Дайындаған: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тайжигитова Ж.Б
Мазмұны
I Кіріспе бөлім
II Негізгі бөлім
II Практикалық бөлім
IV Қорытынды
V пайдаланылған әдебиеттер тізім
I Кіріспе бөлім
Мақсаты:
Нейрожаттығуларды ағылшын тілі сабақтарында үнемі пайдалану арқылы ерекше қолдауды қажет ететін оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың үлгермеушілік себептерін мидың екі бөлімдерімен байланыстыра отырып зерттеу жүргізу, сол арқылы тиімді жаттығуларды барлық сабақтарда қолдануға ұсыну.
Міндеттері:
- Нейрожаттығулардың түрлерін сараптау
- Ағылшын пәніне бейімдеп түрлендіру
- Сабаққа тиімді түрлерін өзге пән мұғалімдеріне ұсыну
Өзектілігі:
Қазіргі кезде аутизм, гипербелсенді, зейіні шоғырланбаған, есте сақтау қабілеттері әлсіз, ерекше қолдауды қажет ететін балалар қоғамда жиі кездеседі. Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанда ондай балалар саны екі есеге артқан. Мұндай балалар санының көбейуін ғалымдар цифрлық технологиялармен жиі байланыстырады. Менің педагогикалық зерттеуімнің нәтижесінде нейрожаттығулар арқылы осындай оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау, логикалық ойлау, жаттау, сөйлеу дағдыларын дамытуда ерекше зор пайдасын тигізетін көруге болады .
Нейропсихология ғылымының негізгі зерттеу нысаны ол адам миының бөлімдерінің жұмысы
Нейропсихология қазіргі заманда қарқындап дамып келе жатқан пайдасы өтер зор ғылым саласы.
Жақын арада білім министірі осы мәселе бойынша жиын өткізіп , ерекше қолдауды қажет ететін оқушыларға аса назар аудару қажет екенін ерекше атап өтті.
Бұл мәселе мектеп қабырғасында білім беруде көп қиындықтар туғызады. Оқушының назарын аударып, сабаққа қызығушылығын арттыруда түрлі белсенді әдістерді қолдану тиімді екенін білеміз.
Алайда бұл мәселе адамның ми бөлімдерімен тығыз байланысты екенін көп ұстаздар ескере бермейді.
II Негізгі бөлім
Әр бала бір –бірімен әлсіз байланысқан шамамен 100 миллиард нейрондармен дүниеге келеді. Бала өскен сайын оның миы көру, есту және басқа тітіркендіргіштерге жауап бере бастайды. Ең алдымен ми ақпараттарды жағымды және жағымсыз, қызықты немесе қызықсыз критерийлері бойынша сұрыптайды.
Көптеген бастауыш сынып оқушыларына жаңа бағдарламаны меңгеру қиынға соғады, әсіресе өзге тілді үйрену.
Алайда арнайы нейропсихологиялық жаттығуларды үнемі қолдану арқылы ағылшын тілін үйретуді жеңілдетуге болады. Тіпті зейіні тұрақсыз, ерекше қолдауды қажет ететін оқушыларда бұл жаттығулар арқылы тілдік дағдыларын дамыта алады. Кіші жастағы балалардың нейропсихологиясы бұл қарқынды дамып келе жатқан ғылым, балалардың мінез-құлқы мен қабылдауына қатысты көптеген сұрақтарға жауап бере алады
Осы кезеңде нейрогимнастиканы қолдану өте тиімді болып табылады. Нейрогимнастика – бұл ми жаттығуы. Біз күнделікті өмірде қол-аяғымызды сермеп, қарапайым дене жаттығуларын жасаймыз. Біраз уақыт белсенді қозғалыс болмаса, денеміз құрысып-тырысып қалады. Дәл сол сияқты, миды да белсенді «қозғалтып», жақсы жұмыс істеуі үшін қарапайым ми жаттығуларын жасап тұрған абзал.
...