Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі әлемдегі ағылшын тілі

Автор:   •  Декабрь 12, 2022  •  Статья  •  752 Слов (4 Страниц)  •  234 Просмотры

Страница 1 из 4

Әдеби шолу

Тақырыбы: «Қазіргі әлемдегі ағылшын тілі»

Кіріспе бөлім. Қазіргі әлемде ағылшын тілінің маңызы орасан зор. Соңғы бірнеше жылдар ішінде оның жаһандық деңгейде белсенді таралуы байқалды. Қоғамның барлық салаларында қолдануына байланысты оны жиі қолданылатын тілдердің бірі ретінде қабылдауымызға болады. Сондықтан да оның халықаралық қатынас тілі lingua franca рөліне маңызды үміткер болуы таңғаларлық жайт емес. Дүние жүзінде ағылшын тілінің үлкен қолданыста болып, ұлтаралық қатынастың біртұтас тілі ретінде айтылатыны сөзсіз. Бұл тілге көптеген мемлекеттерде үлкен сұраныс орын алғандықтан, ағылшын тілін меңгеру әлемнің кез келген жерінде және қандай да бір жағдайда сізді түсінуге мүмкіндіктер ашады [1].

Негізгі бөлім. Ағылшын тілі 50-ден астам елдің төңірегінде қарым-қатынастың негізі ретінде пайдаланылады, бұл оны халықаралық дәрежеде деп санауға құқық береді. Оны меңгеріп үйрену жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырып, қазіргі қоғамдағы мәртебемізді көтеруге септігін тигізеді[2].

Қазіргі заманауи әлемде ағылшын тілі халықаралық бизнес пен трансұлттық корпорациялардың тілі атауына лайықты болды. Бұл жаһандық тілдің құрылыста, дизайнда, флористикада, психологияда, дипломатияда қолданысы кеңінен өрістеп келетіні туралы айтуға ешқандай күмән тудырмайды[3-4].

Сонымен қатар, ағылшын тілінің интернет желісіндегі алатын рөлі жоғары. Себебі статистика көрсеткендей, 75%-ға жуық дүние жүзіндегі пошта, электронды тасымалдаушыларда сақталынған ақпараттың 80%-ы ағылышын тілінде жазылған. Ғаламторда 1000-нан астам тіл қолданалатынына қарамастан, ағылшын тілінің әсері бағдарламалық қамтамасыз етуде маңыздылығына байланысты артады десек болады [5].

Бүгінгі күнде халықаралық қатынастар мемлекет дамуының негізгі қозғаушы күші болуына қарай, ағылшын тілін білудің мемлекеттік деңгейде маңызы жоғары. Дүние жүзінде қазіргі уақытта барлық іскерлік келіссөздер, саммиттер мен конференциялар ағылшын тілінде өткізіледі. Бұл оның іскерлік салада да үлкен рөл атқаратынын айқындай түседі [6] .

Олимпиада ойындары, әлем және Еуропа чемпионаттары секілді әртүрлі іс шаралар әлеуметтік өмірдің елеулі аспектісі, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттерде жүргізілетін саяси қарым-қатынастардың маңызды факторы. Ағылшын тілінің маңыздылығының көрінісін осыдан байқаймыз[7] .

Сондай ақ, ағылшын тілін халықаралық іскерлік қарым – қатынас тілі деп те санауымызға болады. Себебі, танымал компаниялар жеткізушілері және сатып алушылары ретінде шетелдік кәсіпорындарды қамтиды. Осыған орай барлық келіссөздер, іскерлік қатынас орнату, келісім шарттарға қол қою сияқты іс шаралар ағылшын тілінде жүргізіледі. Ағылшын тілін жетік меңгермеу сізге шетелдік іскерлермен қарып қатынас орнатуда, халықаралық конференцияларға қатысуда, кез келген шетелдік журналдар мен газеттерді пайдалануда қиындықтар тудыруын жоққа шығара алмаймыз[8].

Қазіргі уақытта ақпараттық кеңістік, оның ішінде теледидар, кино, радио және басқа түрлі дереккөздерде  ағылшын тілінің қолданылу аясы ауқымды. Техникалық және ғылыми басылымдар көбінесе осы тілде жазылады немесе басқа тілдердің тек шектеулі санына аударылған. Бұның бәрі ағылшын тілінің әлемдегі байланыс құрал ретінде маңыздылығын арттыра түседі[9].

Қорытынды. Басқа тілдерге қарағанда ағылшын тілі жетекші орын алады. Ағылшын тілінің әлемдік көшбасшы рөліндегі ұстанымын ұзақ уақыт бойы ұстап қалатыны күмән тудырмайды. Бұл оны меңгерудің ғажайып саяхат, табысты мансап және оңай қарым-қатынас құруға ұмтылатын адам үшін маңыздылығын дәлелдей түседі[10].

...

Скачать:   txt (11.4 Kb)   pdf (105.6 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club