Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

В.Ф. Петренконың Сананың психосемантикасы атты еңбегін талдау

Автор:   •  Февраль 8, 2022  •  Реферат  •  2,002 Слов (9 Страниц)  •  242 Просмотры

Страница 1 из 9

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

[pic 1] 

Философия және Саясаттану факультеті

Психология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: В.Ф. Петренконың Сананың психосемантикасы атты еңбегін талдау

                                                   

                                                                               Орындаған: Төреғали А.А.

                                                                      Тексерген: Болтаева А.М.

Автор жайлы:

Петренко Виктор Федорович - психология ғылымының докторы, профессор, Мәскеу мемлекеттік университетінің психология факультетінің қарым-қатынас психологиясы және психосемантика зертханасының меңгерушісі, Еуропалық тұлға психологиясы қауымдастығының мүшесі ( EAPP), «Методология және психология тарихы» журналының бас редакторы.

Зерттеу бағыттары: жалпы психология, эксперименталды психосемантика. Петренко В.Ф. – Ресей психологиясындағы жаңа бағыт эксперименттік психосемантиканың жетекшілерінің бірі.

В.Ф. Петренко 21 ғасырдағы психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Ғылыми басылымдардың жалпы саны 120, оның ішінде 7 монография. Оның сананы зерттеуі негізінен интегративті және жалпы психология, тұлға психологиясы, әлеуметтік психология, этнопсихология және саясаттану арасындағы түйіспеде орналасқан.

Оның « Сананың психосемантикасы » атты еңбегінде субъективті семантикалық әдістер арқылы жеке сананың категориялық құрылымдарын теориялық және эксперименттік зерттеу нәтижелері берілген. Адамның қабылдау процесіндегі жеке сананың ерекшелігі, күнделікті сана стереотиптері талданады.

Психологтарға, психолингвистерге, бұқаралық коммуникация саласындағы мамандарға, сонымен қатар қазіргі психология мәселелеріне қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған.

Монография 8 негізгі бөлімнен тұрады.

1-Бөлім. Сана проблемасының психологиялық аспектілері

Бұл бөлімде сана мәселесіндегі мынандай аспектілері қозғалады: 1. Сана мен тілдің байланысы; 2. Мағынаның іс-әрекеттің формасы ретінде; 3. Лингвомәдениетті салыстырмалылықтың проблемасы туралы; 4. Сананың категориялық структурасының рефлексия әрекеті туралы.

Сана – адамға әлеуметтік-тарихи болмыс ретінде тән психикалық рефлексияның ең жоғары формасы, дамуға және өзін-өзі дамытуға қабілетті күрделі жүйе ретінде әрекет етеді, өз құрылымдарында субъект тағайындаған әлеуметтік тәжірибені алып жүреді.

Адам санасының қалыптасуы тілдің дамуымен байланысты. «Тіл сана сияқты көне; тіл практикалық, басқа адамдар үшін бар болғасын, мен үшін де бар...».

Тілдің арқасында адам басқа адамдардың біліміне, алдыңғы ұрпақтардың тәжірибесіне жүгіне алады. Тілдің сөздік құрамы бейнеленетін шындықтағы белгілі бір аспектілерді бөліп көрсететін, оқшаулайтын идеалды стандарттарды семантикалық компоненттер түрінде алып жүреді. Сөздік құрамның семантикалық (мағыналық компоненттері) – оның құрылымын құрайтын мағыналарға қарағанда бөлшектік мағыналы бірліктер – осы стандарттарды тасымалдаушылар болып табылады, ал шындықтың бейнеленген фрагментінің белгілерінің оларға сәйкестігі бұл фрагментті сөзбен көрсетуге мүмкіндік береді. «Көрген мен естіген нәрсеге пайымдау жасау қабілеті - бұл объектілерді және олардың арасындағы қатынастарды, әрекетті, оның нәтижесін ажырату, оқшаулау және қайта біріктіру».

Информатиканың дамуы және компьютерлер мен гаджеттер сияқты ақпаратты өңдеудің заманауи құралдарының пайда болуы адам ойлауының аналитикалық мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырды.

Объектінің қасиеті мағынасында болғандықтан, оны қызметтің түрлендірілген түрі ретінде, іс-әрекеттің формасы ретінде қарастыруға болады. Адамның дүниені қабылдауы мен түсінуі осылайша адамның мәдени және тарихи болмысынан туындайды. Мазмұны бойынша мағына, семантикалық түрінде субъектінің дүниені тану және түрлендіру әрекетінің түрлендірілген түрі.

...

Скачать:   txt (30 Kb)   pdf (694.9 Kb)   docx (345.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club