Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” еңбегіне талдау жасау
Автор: Aruzhanaaaa • Октябрь 16, 2022 • Реферат • 457 Слов (2 Страниц) • 715 Просмотры
«Қазақ хрестоматиясы» негізінен Ыбырай Алтынсариннің төл шығармаларынан құралған. Бұл тұста біз Ыбырайды ағартушы-тек ұстаз ретінде ғана емес, әрі ақын әрі жазушы ретінде танимыз. Оның балаларға арналған туындылары мен көркем аудармалары күні бүгінге дейін көркемдік құндылығын, әдеби маңызын, тәрбиелік мәнін жоғалтқан жоқ.
«Қазақ хрестоматиясының» пайда болуы Ыбырайдың ағартушылық қызметімен тығыз байланысты. Ең алдымен, хрестоматияның жаңа ашылған мектептер үшін арналып жазылуының өзі осыны дәлелдейді. Ыбырай бұл еңбегінде көркем шығармалары арқылы өзінің ағартушылық және педагогикалық идеяларын толық көрсете және насихаттай алды.
Ыбырай 1876 жылы өзінің әдеби шығармаларын жазуға үлкен өмір мектебінен өткен тәжірибесі мол, творчестволық шеберлігі толысқан қоғамдық көзқарастары айқын, озық бағытта қалыптасқан білімді және саналы азамат дәрежесіне келді. «Қазақ хрестоматиясы» 1876 жылдан бастап жазылып, 1879 жылы аяқталды. Бұл кезең Ыбырайдың көркем шығармаларының жазылған кезеңі болып саналады. Қазақстанның Россияға біржолата қосылуына байланысты қазақ қоғамында өнер-білімге құштарлықтың сезіле бастағанын аңғарған Ыбырай «Қазір өткінші жағдайда тұрған халқымыз рухани нәр тілеп отыр»- деп дұрыс танып, хрестоматияны халықтың сол талап-тілектерімен байланыстыруды өзінің алдындағы басты міндеті деп санады. «Бұл кітапты құрастырғанда мен,- деп ол хрестоматияның алғы өзінде, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім».
Жазушы бұл сөзінде хрестоматияның халықтық мақсатта жазылуын көрсету арқылы сол хрестоматияда қамтылған бүкіл әдеби еңбегінің де халықтық мақсатта туғанын өз аузымен мәлімдейді.
Хрестоматияның
...