Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегіне талдау жасау, қазіргі қолданысы
Автор: abolatbekova05 • Сентябрь 19, 2024 • Контрольная работа • 893 Слов (4 Страниц) • 41 Просмотры
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы
[pic 1]
СОӨЖ/СӨЖ №1
Тақырыбы:
А.Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы, өміршеңдігі
Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегіне талдау жасау, қазіргі қолданысы
Орындаған: Болатбекова А.Б.
Қабылдаған: Қабатай Б.Т.
Алматы, 2024
СОӨЖ №1
Еңбектің атауы | Ой-пікірлері | Менің түсінігімде |
“Қай әдіс жақсы?” ( baitursynuly.kz – Мақалалар – Ғылыми-әдістемелік ) |
| Қайсы бір әдістің алсаңда, оны жүйелі қолданған болсаң, дұрыс нәтиже береді. Ол баланы оқытуға, креативті ойлауға көмектесетін дүние болғандықтан өз орнымен қолданған жөн. |
“Әдебиет танытқыш” (Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы: Атамұра, 2003. – 7 бет) |
| Сөз өнерінің құдіреті. Жансыз дүниеге жан бітіріп, ажарлы, көркем болмысты қалыптастырып, адам санасына ой салатын, түрткі болатын дүние, ол – сөз. Көрнек өнерінің әрбіреуі ерекше нәтиже шығара алады, ал сөз өнерін көзбен көріп, құлақпен естіп, жүрекке нұрлы жол салады. |
“Әдебиет танытқыш” (Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы: Атамұра, 2003. – 10 бет) |
| Асыл ой адам санасынан сөз боп шығарда, ақылдың, қиялдың, көңілдің ісінен шығуы тиіс. Ақылға салып, ойланып, ой елегіннн өткен сөз дұрыс болары анық. Сол пікірді бейнелі түрде ойлап, кескін келбетін қалыптастырып жүйелек қажет. Толық дайын болған дұрыс бейнелі сөзді көңілге түйіп, лебізді түрде айтылуы қажет. Сонда ғана жүректен шыққан асыл сөз жүрекке барып тиеді. |
“Әдебиет танытқыш” (Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы: Атамұра, 2003. – 102 бет) |
| Ағартушы ақынның болмысында, оның әрбір лебізді сөзінде жоғары бағалайды. Ол ең алдымен өзіндік ішкі ғаламын толғап, кейін тысқары ғаламға көркем сөзбен, асыл сөздермен жеткізіп, адам санасына түрткі болады. |
“Жазу тәртібі” (baitursynuly.kz – Мақалалар – Ғылыми-әдістемелік) |
| Балаға берілетін білім біріншіден кітаптан, кейін мұғалім сөзімен беріледі. Сол себептен, кітап деген киелі ұғым мазмұнында оқушыға ұғынықты, сөзі дұрыс заттың болуы талап етіледі. Олай болмаса кітап дұрыс деп санайтын балада теріс мағлұмат, теріс сөз әсерінен кері ұғым қалыптасуы мүмкіг. |
“Баулу мектебі” (baitursynuly.kz – Мақалалар – Ғылыми-әдістемелік) |
| Тек Зейінге салып оқыған білім жалаң болып, өлі білім болады. Яғни, алған білімді іс жүзінде, өмірде қолдана алмайсың. Ал, тіршілікке қажет білім ол – тірі білім. Санада қалыптасқан жаңа білім өмірмен ұштасып, керегін қоршаған ортада пайдалана алу қажетпіз. Сонда ғана білім нәтижелі болады. |
“Баяншы” (baitursynuly.kz – Оқулықтар – Нұсқаулықтар) |
| Ахмет Байтұрсынұлы бұл жерде пікірін “жалпылау” әдісіне меңзеп тұр. Оқитын дүние ең алдымен оңайынан басталады. Сол себепті баланың, ұстаздың қызығушылығын, ынтасын жоғалтпайтындай кітап бастауы жеңіл сөзден, тақырыптан басталған жөн болады. |
“Оқыту жайынан” (baitursynuly.kz – Мақалалар – Ғылыми-әдістемелік |
| Мұғалім болу үшін оның жұмысын жүйелейтін құрал қажет, оны шығаратын ақша қажет. Барлығы бір үшбұрышқа тірелген сабақтастық. Қазірде бұл мәселе орын алуда. Оқу жұмысында атқарылатын бұл байланысты үзбей ұстау қажет, үзілсе іс нәтижесіз болады. |
“Тіл жұмсар” (baitursynuly.kz – Мақалалар – Ғылыми-әдістемелік) |
| Ғалымның бұл пікірі қазіргі білім жүйесінің талабымен сәйкес келеді. Яғни, мұғалім “дайын” білім көзі емес, оқушыға бағыт беруші, жол сілтеуші. Бала сонда ғана көрген- білген, үйренген нәрселерін жадында сақтайды, білімін өмірде өз пайдасына жарата алады. |
СӨЖ №1
...