Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Георг Зиммельдің “Үлкен қалалар және рухани өмір” еңбегін талдау

Автор:   •  Июнь 10, 2023  •  Эссе  •  494 Слов (2 Страниц)  •  189 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

Георг Зиммельдің «Үлкен қалалар және рухани өмір» еңбегін талдау

“Үлкен қалалар және рухани өмір” еңбегінде Георг Зиммель қазіргі өмір сүру жағдайын, оның ішінде, қалалық өмір сүру жағдайы мен ауылдық өмір сүру жағдайын баяндап, екі типтегі адам психологиясы мен өмір сүру салтын және қоршаған ортаны қабылдауын салыстырады. Георг Зиммельдің пайымдауынша бұл салыстыруға көптеген тұжырымдамалар жасауға болады:

1)Жүйке өмірін нығайту

Бұл тұжырымдама бойынша, үлкен қала тұрғындары мегаполисте (күнделікті қозғалыс әсерінен) тұратын болғандықтан жүйке жүйесі шаршаңқы болып келеді. Ал, ауыл тұрғындарының жүйке жүйесі оларға қарағанда мықтырақ. Себебі ауылда адам саны аз, күнделікті қызу қозғалыс жоқ.

2)Интеллекет бағыты

Мегаполисте тұратын тұрғындар қоршаған ортадағы өзгерістерге, мейлі жаман, мейлі жақсы болсын, ақылмен жауап береді. Және мұндай өзгерістер олар үшін бірқалыпты, яғни күнделікті өмірде болып жатады (кептеліс, жол апаты, т.б). Шағын қала тұрғындары болса қоршаған ортадағы өзгерістерді жүрекпен қабылдайды. Олар үшін мұндай өзгерістер өте сирек кездеседі. Сондықтан ірі қала тұрғындарының жан дүниесінің мұндай парасаттылығы оларды қоршаған өмірдің үнемі өзгеріп тұратын құбылыстарының көптігінен қорғайды, өйткені ақыл-ой қоршаған ортаның табиғатына жақсы бейімделеді және өзгерістерді сабырлы түрде қабылдайды.

3)Оқшаулану

Үлкен қала адамдары бір-бірімен өте тығыз орналасқан. Сол себептен олар бір-бірін мүлде танымайды және бір-біріне мән бермейді. Олар әрдайым асығыс үстінде. Алған бағытында ешнәрсеге мән бермейді. Жүздесіп, көрісіп жатқан адамдарғада қарамайды. Тоқтайтын, аялдайтын жерлерін анықтап алған,бағдаршамға шартты түрде тоқтайды. Аялдамаларға жаттанды түрде келеді. Себебі ол орындар адам өмірінің бір бөлігі тәрізді. Қоғамдық транспорт келгенде, әсіресе оған кіретін кезде адамдар бірбірімен таласады... Дегенмен қоғамдық көліктің ішіне кіруге неге сонша таласады? Себебі оның ішінде отыру түгілі тұрып тұрудың өзі қиямет, яғни тұрып тұратын орын болса бір қуаныш…Көліктің ішінде адамдарға қарасаң бір-бірінен сақ болып, кез-келген жағдайға дайын күйде тұрғандай болады.

4)Жеке тұлға үшін күрес

Үлкен қалада адам өзінің жеке басын тұрақтандыру керек болады. Мегаполисте адамдар бір-бірінен киім, белгілі бір қызмет ,өзін-өзі ұстау жөнінен ерекшеленуге тырысады. Және қала адамы үшін 24 сағаттың өзі тым аз. Әрбір минут-секунд игерілуі керек. Олардың игерілмеуі қала адам үшін трагедия. Сондықтан олар әрбір уақытын саралап, күнделікті уақытын тиімді өткізуге, жаңа заттарды үйренуге, рухани жетілуге жұмсайды.

5)Мақсат

Үлкен қала адамдарының уақыты тығыз болғаны соншалық, барлық уақытын жоспарлап қояды. Олар өмір сүріп, жұмыс істеп, сабақ оқып жатқан обьекттер-қорапшалар. Олардың бір күндік мақсаты бірінші қорапшада белгіленген уақытын өткізіп, қысылып автобусқа мініп, екінші қорапшасына келіп, келесі күнге дейін сол қорапшада уақытын өткізеді.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (87.1 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club