Ж. Таймағамбетовтың «Еуразияның палеолит өнері» еңбегіне аннотациялық талдау
Автор: НАЗЕРКЕ АБДЫКАСИМОВА I ҚЗТ I КУРАТОР • Апрель 12, 2026 • Эссе • 267 Слов (2 Страниц) • 5 Просмотры
Палеолит дәуірі - адамзат тарихының ең алғашқы әрі ең ұзақ кезеңдерінің бірі. Бұл кезең тек шаруашылықтың қалыптасуымен емес, адамның рухани дүниесінің, алғашқы көркемдік ойлауының басталуымен де ерекшеленеді. Еуразия кеңістігіндегі палеолит өнерін зерттеуде Ж. Таймағанбетовтың «Еуразияның палеолит өнері» атты еңбегі аса маңызды ғылыми дереккөз болып саналады. Оған қоса, автор палеолит өнерінің мазмұнын тек тарихи жәдік ретінде ғана емес, адамның дүниетанымын, ойлау жүйесін көрсететін мәдени-құбылыстық феномен ретінде түсіндіреді. Сондықтан бұл еңбекті талдау палеолит кезеңіндегі адамның рухани дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Ж. Таймағанбетов өз еңбегінде Еуразия аймақтарында табылған палеолит дәуіріне жататын үңгір суреттерін жан-жақты сипаттайды. Ол ең алдымен суреттердің мазмұнына, олардың бейнелеу ерекшеліктеріне және қолданылған техникаларға тоқталады. Сонымен қатар, автор үңгірлердегі жануарлар бейнесінің көптеп кездесуі сол кезеңдегі шаруашылықтың аңшылыққа негізделгенін көрсететінін айтады. Алайда бұл бейнелер тек шаруашылықпен байланысты емес, олардың магиялық және ритуалдық мәні де болғанын ерекше атап өтеді. Оған қоса, Таймағанбетов Еуразияның әр аймағындағы өнер туындыларын салыстыра отырып, олардың арасында ортақ белгілердің көп екенін көрсетеді. Мысалы, Франциядағы Ласко үңгірінің суреттері мен Қазақстан аумағындағы кейбір петроглифтер мазмұны жағынан ұқсас келеді. Бұл - мәдени идеялардың таралуы мен ежелгі адамдар арасындағы рухани сабақтастықты дәлелдейді. Тағы бір маңызды жайтты айтсақ, суреттердің композициялық тұтастығы. Автордың пайымынша, палеолит
...