Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ш бөлім. «Менің Қазақстаным» атты әңгімесіне талдау

Автор:   •  Ноябрь 7, 2018  •  Реферат  •  2,328 Слов (10 Страниц)  •  1,440 Просмотры

Страница 1 из 10

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................2-5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.......................................................................................6-14

I бөлім. Бейбіт Сарыбай – заманауи сатирик...........................................6-7

II бөлім. ««Жетімдер» үні» өлеңіне талдау.............................................7-10

2.1. Депутат Азат Перуашевтың ұсынысын талқыға салу.....................7-8

2.2. Депутат Божконың ұсынысын талқыға салу...................................8-10

2.3. Нағыз елін сүйетін депутат....................................................................10

Ш бөлім. «Менің Қазақстаным» атты әңгімесіне талдау.....................10-12

3.1. Шығарманың идеясы............................................................................11

3.2. Думан Рамазанның «Көш» шығармасымен салыстыру...............11-12

3.3. Билікті сынға алу – ақиқатқа апарар жол...........................................12

IV бөлім. Б.Сарыбай шығармаларын көркемдік және лексикалық жағынан талдау........................................................................................12-14

       

       

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................15-16

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................................................17

Анықтама......................................................................................................18

Бейбіт Сарыбай шығармашылығындағы юмордың қызметі

  1. КІРІСПЕ

Күнделікті өмірде адам орта есеппен он екі рет күледі екен. Ал медицина ғалымдарының пайымдауынша, адам күніне отыз реттен аз күлмеуі керек екен. Себебі, күлкі терапиясы иммунитетті жоғарылатуға және психологиялылық денсаулықты сау ұстауға септігін тигізеді. Ал сол күлкі терапиясын жиі машықтанатын өмірге бақытты адамдар болса керек. Өмірге әзілмен қарай білетін адам кез келген сәтсіздікке күле қарайды. Мұндай жандар ерекше және оларды кез келген қауымда қуана қарсы алады. Адамдар күнделікті өмірлерін кімдермен өткізгісі келеді? Әрине, адамдар уақытын көңілді өткізе алатын, өзінің тамаша көңіл-күйі мен позитивын сыйлай білетін жандарға жақынырақ болып, соларға тартылады. Жалпы алғанда, орынды жерде күлдірте білетін, түрлі әзіл-әңгімелер айта білетін және жиынды көріктендіре түсетін жандар адамдардың ықыласы мен сеніміне тезірек кіреді. Мұны психология дәлелдейді (vitamarg.com).    

Бұл жұмыс алдында баяндалғандай өзінің әзілкештігі мен епсектілігі арқылы халықтың ықыласы мен сеніміне бөленген жандардың бірі Бейбіт Сарыбайдың шығармашылығы туралы баяндалмақ. Адамдардың көңілін көтеруге бағытталған аталмыш әзілдерді Бейбіт Сарыбай халыққа жазба түрде(сатира) жеткізеді.

Бейбіт Сарыбайдың шығармаларындағы әзілдер халыққа ұнамды мен жұғымды болып қана қоймай, жанды жайдарлатып, көңілді баурап, жүрекке жылылық ұялатады.

Бейбіт Сарыбай шығармасындағы әзіл тек оқырманды күлдіртумен шектелмейді. Бұл жазушы өзінің әзілдері арқылы оқырманға ой салады.

Айналамызда болып жатқан күнделікті тұрмыстағы келеңсіз жағдайлардан бастап халықтың назарында жүрген қоғамдық мәселелерге дейін қалам тербеп жазады. Халық ішінде бұл заттарды назардан тыс қалдырған оқырмандарға кей мәселелерге немқұрайлылық пен селқостықпен қарауға болмайтынын атап өтеді.

Асыға ушығып жатқан мәселелерді келемеждеп, әзілге салу арқылы ол мәселердің қазіргі уақытта өзектілігі жоғары екенін ескертіп кетеді.

Әсіресе, биліктегі басшыларымыз өз ісіне адал, еш қиянатқа бармайтын риясыз, әділетті жандар болатын болса, мемлекетіміздің болашағы жарқын болмақ деген идеямен көптеген шығармаларында биліктегі ағаларымыз туралы пікірін ортаға салады.

Өзінің сатира жазудағы шеберлігі арқылы биліктің немқұрайлылығынан қоғамда орнап жатқан мәселелердің туындауын астыртын суреттейді.

Бейбіт Сарыбай шығармаларындағы әзілдің орны ерекше: ол оқырманды өзіне баурап қана қоймай, қоғамда болып жатқан маңызды дүниелерге назар аударуға ықпалын тигізеді.

Зерттеудің мақсаты:

Б.Сарыбай шығармашылығындағы сатиралық образда жазылған көркем туындыларын көркемдік және лексикалық жағынан саралай отыра, оған моральдік-этикалық норма жағынан баға беру

Зерттеудің міндеттері: 

...

Скачать:   txt (33.6 Kb)   pdf (244.7 Kb)   docx (23 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club