А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегін талдау
Автор: Karakat Zhusupovna • Апрель 9, 2023 • Реферат • 649 Слов (3 Страниц) • 210 Просмотры
Себепова Қарақат 105-топ
СОӨЖ №2. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегін талдау
Жоспар:
- Ахмет Байтұрсынұлы туралы
- «Әдебиет танытқыш» еңбегі
- «Әдебиет танытқыш» туралы ой-пікірлер
- Қорытынды
1.Ахмет Байтұрсынұлы туралы
А. Байтұрсынұлы – 1872 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген қазақтан шыққан алып тұлға. Биыл Ахмет атамыздың дүниеге келгеніне 150 жыл толып отыр. Жастайынан қиындықты көп көрген Ахмет, ғұмырының соңына дейін ұлтына адал қызмет етіп келді. Ол аса көрнекті ақын, жазушы, публицист, аудармашы, тіл реформаторы, қоғам қайраткері және де ұстаз. Қандай жағдай болмасын, шыбын жанын шүберекке түйіп, тырмысып жүріп артынан осынша құнды дүние жазып, қалдырғандықтан біздер, яғни жастар үшін атамыздың алар орны тым бөлек. Арада 1 ғасыр уақыт өткенмен, басын қатерге тігіп, қазақ халқы үшін жасаған игі істері ғасыр жаңғырығымен бізге жетіп отыр.
2. «Әдебиет танытқыш» еңбегі
Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі. Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады. Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.
...