Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында" еңбегін талдау

Автор:   •  Апрель 14, 2021  •  Реферат  •  6,660 Слов (27 Страниц)  •  898 Просмотры

Страница 1 из 27

Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында" еңбегін талдау

  Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың төл туындысы «Тарих толқынында» атты еңбегін тарау-тарау бойынша талдап,тұжырымдарын мысалға келтіріп кетейін. Ең бірінші кіріспеден бастайық. Кіріспде жалпы қозғалатын тақырып:бұл әр қазақтың өз ғұмыр-шежіресін, қай кезден бастап ел бола бастағанымызды түсініп, қазағымыздың төл тарихын тануға, біруге тиіс және міндетті екеніміз жайында. Осы сөзге дәлел ретінде мына сөйлем жолдарын келітре кетсем: «Сонымен бірге мен қазақ болғандықтан,қазақ мемлекеттігінің ғұмыр-шежіресін ірге көтерген кезден бастағанның өзінде, қазақтың бес ғасырлық төл тарихын білуге тиіспін. Бұған қоса бүкіл түркі халықтарының тарихи бесігі – Тұркі қағанатын естен шығаруға болмайды, ал бұл дегеніңіз, осыдан аттай 1500жыл бұрынғы тарихи кезең..»

    Және де кіріспеде автордың баса назар аударған мәселесі бұл, біздің ұлттық мүддеміз, ұлттық үндестігімзді қазіргі кезде қалай сақтап қала аламыз? Қайткен күнде ұллтық «Мен» дегізерлік қасиеттерімзді дамытып сақтаймыз? деген сияқты сауалдарға жауап іздеумен болды. Оны бір жолдардан анық аңғаруға болады: «Үшінші мыңжылдыққа санаулы күндер қалғанда біздің болмысымыздың ең көкейкесті сұрақтары – ұлттық үндестіміздің мән-маңызы неде, қазіргі Қазақстан үшін мәдениетке қатысты үлігінің қандайы қонымды, біздің ұлттық санамыздың арқауы неде, қазіргідей жедел құбылатын заманда «Мен» дегізерлік ұлттық қасиеттерді қалай сақтап қалуға болады – міне, мұның бәрі де нақтылы өмірмен беттескен саясаттың сұрақтары. Ал оның жауаабы бүгінгі өмірмен ғана астасып жатқан жоқ, тұнығы мен тұманы қабаттасқан тарихтың тұңғиығымен де тамырласып жатыр...». Елбасының осындай тұжырымдамасымен кріспеден жалпы қорытатыным, біздің бүгінгі орын алып жатқан тарихи сәттер де немесе осы күнге дейін болып өткен қаншама тарих парақтары да бір-бірімен тығыз байланыста, тамырласып кеткен десем де болады.

Келесі бұл бізде I тарау «Ұлттық келбетті ұлықтайық» деген тақырыппен аталған. Жалпы бұл тараудың басын атақты Омар Һайямның

«Жұректің түріп құлағын,

Ойланып тағы қарашы.

Кімсің сен, қайда тұрағың,

Енді қайда барасың?»-,

 деген өлең жолдарымен бастаған екен. Жалпы бұл тарауда ұлттың не екендігі, қалай болғанда жақсы ұлт құруға болатындығы және де ұлттық үрдістерімізді танып-түсінуіміз қажет екендігі туралы сөз қозғалады. «Ұлтты жобалап – жоспарлайтын» балаң уақыт артта қалды. Мәселе тарихтың жиырмасыншы ғасырында тоталитарлы мемлекеттің мұнымен кінәлі болуында ғана емес, сонымен бірге, іргелі деректерді түсінетін мезгілдің жеткенінде де болу керек. Ұлт дегеніміз жанды организм, оның даму барысы әлеуметтік-биологиялық және мәдени мүмкіндіктермен шектеліп отырады. Ұлтты саңырауқұлақша қаулатып өсірудің пайдасы жоқ, олай ету мүмкін де емес. Оның үстіне, әрбір ұлттың кереметтігі сол, әдеттегі қалыптасқан мүмкіндіктерден мойын оздырып отыруға бейім болады. Демек, біреудің тойып секіргені келесі біреудің тоңып секіруіне себепші болады дегендей қалыптасқан үрдіс бойынша ұлттың табиғи секемшілдігін жасырып-жабатын да әдет бар.

Алайда, ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын бажайлау мүмкін емес.»

Бұл тарауда жауабын іздеген 3 проблеманың төбе көтеретінін көруге болады. Оларға нақты тоқтала кетсем, «Біріншіден, ұлттың стратегиялық мүддесі үшін ахуалдарды өрбітудің қандай сценарийі сай келеді? Екіншіден, нақтылы тарихи үрдістің өзегінде ілгері даму үшін тағы да қандай жолдар бар? Үшіншіден, қалаған жолдың жүзеге асыруының нақтылы мүмкіндігі қандай?» Және де бұл сұрақтарға қарағанда мына бір сұрақтың өзектілігі басым болып, және қисынға қонып отырғанын көруге болады: «Кез келген ақиқат ахуалға орай қазақтың ұлттық біртектестігін әрі сақтай білуге, әрі дамытып отыруға қалай қол жеткізуге болады?». Ал бұл сұраққа жауап мынадай: «Рас, бұл мейлінше ауқымды міндет. Алайда, мәселенің түйіні «тарих» тегеурінінің» қыспағындағы ұлт пен мемлекет туарлы болып отырғанда, қойылар сұрақтың да шек-шекарасын айқындап алу қажет. Себебі, бұл мәселе жеңіл-желпі қарауды немесе қателесуді көтермейді. Олай болса, қойылар сұрақ пен жауапкершілік тепе-тең түсіп жатуы керек».

...

Скачать:   txt (95.9 Kb)   pdf (177.3 Kb)   docx (39.6 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club