Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» еңбегін талдау

Автор:   •  Июнь 7, 2023  •  Реферат  •  1,088 Слов (5 Страниц)  •  278 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

Факультеті «Философия және Саясаттану»

Кафедрасы «Саясаттану»

СӨЖ

Тақырыбы: Әл-Фарабидің  «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» еңбегін талдау

                              Орындаған: Нұржан А., Саясаттану 1 курс

   Тексерген: Іңкәрбаев Е. Т., саясат ғылымдарының                                кандидаты,  доцент

Алматы 2023ж

Әл-Фарабидің  «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» еңбегін талдау

Жоспар:

I Кіріспе

  Әл-Фараби туралы анықтама

II Негізгі бөлім

1 Әл-Фарабидің  «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» еңбегі

2 Әл-Фарабидің  «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» еңбегін талдау

3 Әл-Фарабидің  «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» еңбегіне менің көзқарасым

III Қорытынды

Аңдатпа: Әл-Фарабидің  «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» еңбегін қарастыра отырып, талдау.

Кілт сөздер: Екінші ұстаз, философиялық трактат, қайырымды қала, қала тұрғындары, қоғам, утопист Томас Мор.

       Араб саяси философиясының атасы атанған,Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген Əбу Насыр əл-Фараби. Әл-Фараби Отырар қаласында 870 ж. дүниеге келген. Отырар қаласын арабтар Фараб деп атаған. Нақты айтқанда, əл-Фараби Фарабтың өзінде емес, соның маңындағы Весиж қалашығында туған. Фарабидің толық аты-жөні — Əбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ əл-Фараби ат Түрки. Ат Түрки — шыққан тегі түркі дегенді, əл-Фараби — Фараб қаласынан шыққан дегенді білдіреді. Өзінің азан шақырып қойған аты — Мұхаммед, əкесінің де аты — Мұхаммед, атасының аты — Тархан, бабасы — Ұзлағ. Араб тарихшысы ибн Халликан «əл-Фараби 70-ке жуық тіл білген» деп жазып қалдырған. Ғалымдардың бір тобы: «Бұл шындыққа жанаспайды» десе, біраз ғалымдар ибн Халликанның жазғандарын мақұлдап, қайталап та жүр. Яғни бала Мұхаммед өз кезіндегі ұлы ғұламалардың еңбектерін оқу үшін жастайынан тіл үйренуге зейін қойған. Көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болған.  Әл-Фарабидің  айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Әл-Фараби 950 жылы  Дамаскта қайтыс болған. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды. 

   «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» – 948 жылы Мысырда жазылды. 942 жылғы мәтіннің бірінші үлгісі «Китаб ас-сийаса ал-маданиййа» жеке шығарма ретінде танымал болды. Ғұламаның бұл шығармасы ағылшынның атақты утопист-социалисі Томас Мордың еңбегіне негіз болғаны белгілі. Трактатта тарихи дәлдігі жағынан сирек кездесетін өз заманындағы қоғамның көрінісін ерекше әлеуметтік утопиямен көрсетіп, әділетті әкімнің бейнесін суреттейді. Кітап алты тараудан тұрады. Бірінші бөлімде Алланың болмысы және оның сипаттары қарастырылады. Екінші бөлімде рухани жандар мен періштелер болмысы және аспан денелері туралы айтылады. Үшінші бөлімде аспан денелерінің өзара байланысы туралы айтылады. Төртінші бөлімде адам және оның жан, тән қуаттары туралы сөз қозғалады. Бесінші бөлімде «қайырымды қала тұрғындары» кімдер, олардың ерекшелігі туралы баяндалады. Алтыншы бөлімде надан көзқарастар мен қоғамдар, қайырымсыз қалалар мен басшылар, олардың іс-әрекеттерінің салдары жайында айтылады.

...

Скачать:   txt (14.8 Kb)   pdf (124.9 Kb)   docx (31.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club