Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіби баfдар беруде өзін-өзі анықтаудын психологиялык ерекшелiктерi мен механизмдерi

Автор:   •  Июль 6, 2023  •  Доклад  •  1,298 Слов (6 Страниц)  •  209 Просмотры

Страница 1 из 6

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДЕ  ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ

Байсеитова Ж.Б.,

Қанат А.А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,Тараз

Аннотация:  Мақалада кәсіби өзін-өзі анықтау процесінің психологиялық аспектісі сипатталған. Тұлғаның өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ кәсіби қызмет талаптары мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескере отырып, мамандықты саналы таңдаумен байланысты кәсіби өзін-өзі анықтаудың мәні мен тетіктерін айқындауға баса назар аударылды.

Түйінді сөздер: диагностика, кәсіби өзін-өзі анықтау, мотивация, кәсіби бағдар беру, бәсекеге қабілеттілік, кәсіби таңдау.

Әрбір оқушының өмірінде қоғамдағы өзіндік орнын және болашақ кәсіби қызметінің бағытын таңдау сәті келеді. Көптеген түлектер мамандықтар әлемін білмеу, кәсіби қызметтің беделіне бағдарлану, мамандықты ересектердің қысымымен таңдау, белгілі бір кәсіп туралы ескірген ақпарат, өз қабілеттері мен мүдделерін елемеу, т.б. сияқты себептер бойынша саналы жеке және кәсіби таңдауда қиындықтарға тап болады. Қазіргі дағдарыстық экономика, жаһанданудың, технизацияның, ақпараттандырудың үдемелі процестері, қоғамдағы бәсекелестік және белгісіздік жағдайында бұл қиындықтар күшейе түсуде. Мамандықты таңдаудың дұрыс немесе керісінше дұрыс еместігі адамның бүкіл өмір жолында көрінеді. Дұрыс емес таңдау жасау барысында кәсіби қанағаттанбау, жас мамандардың жұмысын жиі ауыстыруы, сондай-ақ, таңдалған мамандық бойынша еңбек әрекеттерін орындауға ынталандырудың болмауы секілді жағдайлардың болуы ықтимал. Сол себепті оқушыларға кәсіби өзін-өзі анықтауға жәрдемдесуге бағытталған, оның ішінде кәсіби ақпараттандыру, кәсіби диагностика, кәсіби кеңес беру, сондай-ақ даму тренингтері жүйесі арқылы жүзеге асырылатын «кәсіби бейімделу» және т. б. жоғары оқу орнына дейінгі кәсіби бағдар беру жұмыстарының қажеттілігі барған сайын айқын бола түсуде. 

Кәсіби таңдау – жоғары сынып оқушылары шешуі керек өмірдегі ең қиын міндеттердің бірі. Тұлғаның өзін-өзі бағалауы мен өзіндік тиімділігімен тығыз байланысты сауатты кәсіби таңдау [1] – бұл көптеген жылдар бойы адамның әл-ауқатын қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті маман қалыптастырудың маңызды шарты. Кәсіби қызметтің өзі жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру саласы болып табылады және көптеген өмірлік функциялары бар, сондықтан бұл қызметті таңдау жеке адамның қажеттіліктері мен құндылықтарына сәйкес келуі керек [2].

Тұлғаның өзін-өзі тануы кәсіби бағдар берудің негізі болып табылады. А. К. Маркова кәсіби өзін-өзі тануды адамның өзін белгілі бір кәсіп маманы ретінде қарастыруды  ұсынады. Бұл  тұлғаның өзін кәсіпқой ретінде көрсететін тұтас бейне, қарым-қатынас жүйесі және өзіне деген көзқарас. Автордың пікірінше, бұл құбылыс адамның өз кәсібінің нормаларын, ережелерін, модельдерін, олардың қасиеттерін түсінудің стандарттары ретінде білуін қамтып өтеді.  Мұнда кәсіби дүниетанымның негіздері, кәсіби жеке сенім, кәсіби жұмыстың нақты концепциясы жасалады. Оның негізінде маман өз жұмысында игереді:

  • басқа адамдар арасында осы қасиеттерді түсінуді;
  • өзін белгілі  немесе нақты әріптесімен салыстыруды;
  • адамның жеке қасиеттерін бағалауды;
  • өзін-өзі түсінуді;
  • өзіндік кәсіби мінез-құлқын, эмоционалды қатынас және өзін бағалауды;
  • өзін әріптестерінің кәсіпқой ретінде бағалауын есепке алу;
  • жалпы өзін-өзі бағалау, жағымды қасиеттерді, перспективаларды анықтау.

Кәсіби өзін-өзі анықтау кәсіби өзін-өзі бағалауға негізделеді және төмендегідей жіктеледі:

  • ретроспективті (Мен кешегі мамандық иесі ретінде);
  • өзекті (Мен бүгінгі мамандық иесі ретінде);
  • әлеуетті (Мен мамандық иесі ретінде);
  • мінсіз (Мен болашақтағы маман иесі ретінде).

Кәсіби өзін-өзі анықтау процесі мектепте оқу кезеңінде басталады және көбінесе зейнетке шыққаннан кейін аяқталады. Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық жетілуінің маңызды көрсеткіші оның болашағына деген көзқарасы болып табылады. Жоспарлардың айқындылығы (нақты мақсаттар, міндеттер, уәждер) маңызды өзек болып табылады.

Орыс психологиясында Л.И.Божовичтің еңбектері  өзін-өзі тану мәселелеріне арналған болса, тұлғаның өзін-өзі тануын, тұлғаның кәсіби қалыптасуын, өзін-өзі реттеу құралы ретінде зерттеу және оның өзін-өзі анықтау мәселесімен Е.А.Климов, Н.С.Пряжников, Ф.Зеер, Н.В.Самокин, В.Д.Шадриков, В.Д.Небылицин, Б.С.Братусь, Г.В.Резапкина, Ю.П.Поваренков сияқты ғалымдар айналысқан. Ал кәсіби өзін-өзі танудың дамуы жайлы мәліметтер  А.К.Маркованың еңбектерінде көрініс тапқан.

...

Скачать:   txt (19 Kb)   pdf (117.4 Kb)   docx (201.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club