Педагог психологтың өзін - өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастырудың құралы ретінде
Автор: Айасем Казыбек • Апрель 11, 2024 • Контрольная работа • 3,638 Слов (15 Страниц) • 127 Просмотры
Жоспар
- Педагог психологтың өзін - өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастырудың құралы ретінде.
- Педагог іс - әрекетінің компоненттері. Педагог – психологтың өз мәдениетін көтеру.
- Педагог психологтың сана – сезімі және педагогикалық рефлексия.
- Педагог шығармашылығының құрылымдық компоненттері.
Педагог – психологтың өзін - өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін
қалыптастыруы.
Мектеп реформасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын же тілдіру міндеті ерек ше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу – тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе соған байланысты. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айырықша маңызы зор. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін - өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет « өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда», - деп есептейді А. Дистерверг.
Халыққа білім берудің қайраткері А. В. Луначарский педагогтардың жеке басына қойылатын жоғарғы талапқа ерекше көңіл бөле отырып, осы талаптарды жүзеге асыруда мұғалімнің өзін - өзі тәрбиелеу ролін атап көрсетеді: «Біз үін педагогтардың мемлекетіміздегі нағыз бес аспап және нағыз тамаша адам болғаны өте қажет, өйткені ол жас өркендей гүл жарып, шинек атып келе жатқан кішкентай адамдар ға шаттық өмір силау білу тиіс. Педагогтың мәртебелі ісінің өзі міне, осында және де ешқандай мамандық адамдарға мұндай талап қоя алмайды. Педагог өзіндегі адамгершілдік мұраты жүзеге асыруы тиіс».
Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының ірге тасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы оны оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.
Адамның күш – жігерінің мүмкіндігі ұшан – теңіз екендігі соншалық, тіпті орташа оқитын, жай ғана қабілеті бар студенттің өзі, жеке басын және кәсіптік - педагогикалық қыметтегі талантын жан – жақты өрістете алады. О. Ю. Шмидттің әріптестері оның ғажайып таланты мен қабілетін бір ауыздан мақұлдады. Ол кімге де болса « өз ақылымен» тілектестік деген шынайы сүіспеншілікпен, жаныңды жадырататын сыпайы әзілмен қарым – қатынас жасайтыны қайран қалдыратын. Ол мәселені батыл да, қызғылықты етіп қоя білетін, сан алуан проблемаларды, тіпті өзінің күнделікті қызметінен тысқары проблемаларды да тамаша талдай алатын. Ой - өрісінің даралығы, ғылымының әр алуан саласының түйінді проблемаларын түсіне білу, оның ғылым қазыналарының ұдайы игеруінің, ілімінің сан тарау бастауларынан сусындай біліуінің нәтижесі еді. Оның бірнеше сағаттар бойы кеме капитанымен әңгімелесіп отырғанын, мұз күйін бақылағанын немесе қия жатыстардағы мардымсыз өсімдіктерді жинап жүргенін көруге болатын еді.
Шмидт – ғалым аты аңызға айналған адам. Оған таңданбасқа шараң жоқ. Ол жауапты үкімет тапсырмасын орындайтын мемлекет қайраткері әрі көрнекті математик, іргелі жаңалықтардың авторы. Академиялық теориялық гиофизика институтін құрушы, Жер мен Планетаның пайда болуы теориясының авторы, Москва мемлекеттік университетінің оқытушысы. Оның өмірінің соншалық сан қырлы ал ғылыми және қоғамдық мүдде өрісінің кеңдігі соншалық, Отто Шмидттің жеке басындағы жалпы адамгершілік бағасы жыл өткен сайын артып, жұртшылықтың айырықша ықласына бөлінді.
Өзінің ішкі мүмкіншілігін жүйелі және табанды түрде жұмылдыра білуде профессор А. А. Любищевтің өмірі үлгі бола алады. Ол жан – жақты қабілетті адам еді. Оның зоология, генетика, философия, эволоция теориясы саласынан 500 баспа табақтан астам ( 12000 бет) кітаптар брошюралар жазды. Сонымен қоса педагогикалық қызметке де қызу ат салысты.
Жазушы Д. Гранин осы педагог – қалымының жұмыстағы табыс сырын былайша ашып берді: ол елу алты жыл бойы үзбестен жұмсаған уақытын жазып, жоспарлап отырды. Мұның өзі уақытты үнемдеп пайдаланудың ерекше тиянақты жүйесі еді. Өз өміріңді дұрыс ұйымдастыра алмағаның үшін, уақытыңды тиімді пайдаланбағаның үшін өзіңді жазғыру бір басқа да, осының барлығын сағат, минутына дейін жете білу – басқа мәселе. Любишев күнделікті есеп жүргізіп отырды, нш нәрсені жасырмай және тігісін жатқызбай, қорытындысын өзі мұқият жасап отырды. Ол осылайша әр минутын, тіпті қала транспротында жүруге, кезекте тұруға кеткен уақыттарын да тиімді пайдалануға өзін - өзі дағдыландырды. Жолда жүргенде шағын кітаптарды оқыды, тіл үйренді. Ағылшын тілін осылайша меңгерді. Ол тәуліктің прайдалы уақытын он сағатқа белгілеп, оны минутына дейін дәлме – дәл ескерді. Күні бойы бір нәрсені қарауы мен, газет – журналдарға көз жүгіртумен өткізді. Әр айдың және әр жылдың аяғында қорытындысын шығарып, талдап отырды. Сонымен қоса жұмысын әр күнге, әр айға әр жылға тіпті бес жылдыққа мұқият жоспарлауды да ұмытпады. Оның тұжырымджауынша, адамды нашар бос уақыт дегені болмауы тиіс.
...