Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сынып оқушыларының айтылым дағдыларын қалыптастыру

Автор:   •  Май 3, 2023  •  Курсовая работа  •  4,472 Слов (18 Страниц)  •  147 Просмотры

Страница 1 из 18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жәкенова Керемет Сейлханқызы

«Бастауыш сынып оқушыларының айтылым дағдыларын қалыптастыру»

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Білім бағдарламасы 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Ақтөбе 2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ОҚЫТУ КАФЕДРАСЫ

«Курстық жұмыс қорғауға жіберілді»

                                                Кафедра меңгерушісі

      __________________Бахтиярова Г.Р.

                                                         «__» ____________ 2023 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының айтылым дағдыларын қалыптастыру»

Білім бағдарламасы 6В01301-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Орындады:                                                   _________ Жәкенова К.С.

Ғылыми жетекшісі

оқытушы, магистр:                ____________  Кенжебекова Н.Ә.

                             

Ақтөбе 202

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілі сабағында тиімді әдістер мен тәсілдер айтылым дағдысын қалыптастырудың әдістемелік жолдарын көрсету.Оқушыларды оқытуда белсенді әрі тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы өмірге қажетті дағдылар ды дамытуға болады. Әр түрлі дағдыларды қалыптастырып дамыту ғана емес, сонымен қатар оқуға дегенқызығушылығын арттыру, жеке және топпен жұмыс жасай отыра қарымқатынас жасау, қадамдарды ой-елегінен өткізе отыра білім алу. Қазақстан Республикасы – қарқынды дамып келе жатқан мемлекет және оның білім беру саласындағы басты мақсаты үш тілді еркін меңгерген,болашақта елімізді халықаралық деңгейге көтеретін бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп,оқыту болып табылады. Елбасы Н.Назарбаев: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» - , деп, білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бүгінгі кұннің талабынан туындап отырғанын атап көрсеткен. Сондықтан «...экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін» жас өскелең ұрпақты тәрбиелеп шығару оқушылардың ана тілінде шешен сөйлеуі,өз пікірін жүйелі жеткізуіне байланысты [1]. Ал мұның іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасында бастауыш мектепте бiлiм берудiң маңыздылығын атай келiп, қазақ тiлiн оқытудың басты ұстанымдарын: «Бастауыш мектептiң негiзгi мiндетi – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабiлеттерiн анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәждi қалыптастыруға, оқу қызметiн бiлуі, оқу, жазу, санаудың берiк дағдыларын үйренуге, тiлдiң қарым-қатынастық қарапайым тәжiрибесiне, өзiн-өзi шығармашылық тұрғыдан таныта бiлуге бағдарланады», - деп белгiленген [2].

Жалпы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан 2020 жылға қарай білімді,озық экономикасы мен біліктілігі жоғары жұмыс күші бар елге айналады» деген жолдар ұсынылған болатын.        

Ә.Жұмабаева.А.К.Мыңбаева,А.Ш.Илясова,Н.Б.Жұмаділова,Ә.Қабдешов,С.С.Мирсеитова,Ф.Оразбаева және басқа ғалымдар өз еңбектерін де жаңартылған білім мазмұнын,оқытудағы инновациялық әдістері,қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдарына талдау жасалған. Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетамының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің  бірі. Тіл-адамды қазіргі өркениетке жетелеген ұлы күш.  Бұл олардың күресі мен дамуының құралы, бүкіл рухани өмірінің, бүкіл мәдениетінің, тіпті қоғам тарихының барлық кезеңдерінің тұтқасы.  Осы себептерге байланысты сөйлеу процесінде толықтығы, тілді дұрыс және тиімді қолдана білу талабы ежелгі дәуірден басталды. Қазіргі заманғы көптеген жаңа тәсілдер ақпараттық-үдерістік модельге негізделеді. Левелт (1989) төрт үдерісті ұсынады: тұжырымдау (мәтінді жоспарлау), қалыптастыру (мәтін құру), артикуляция (мәтінді айту) және өзін-өзі бақылау (қателерді тауып, өз бетінше түзету).  Оқушыны сөйлету дің алуан түрлі мақсаты бар,атап айтсақ, қатысу (араласу) үшін сөйлеу, түсіндіру үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін сөйлеу, бағамдау үшін сөйлеу. Әр мақсат барлық төрт үдерістің болуын көздейді. Алайда әрбір кезеңге жұмсалған уақыт ерекшеленетін болады.

...

Скачать:   txt (58.6 Kb)   pdf (656.5 Kb)   docx (526.2 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club