Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі

Автор:   •  Март 11, 2021  •  Реферат  •  1,102 Слов (5 Страниц)  •  853 Просмотры

Страница 1 из 5

МӨЖ

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі(реферат)

                                                   

Морфема жүйесіне арналған Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі еңбегі сөзформаға негізделіп отырады.Олай деуінің бірнеше себебі бар.

1.Күні бүгінге дейін қазақ тілі грамматикаларында, оқулық программаларында, сондай-ақ түсіндірмелердің қай түрінде болса да сөз, морфема, сөздің морфологиялық құрамы т.т ғылыми атауларға жаңаша қарап, тіл білімі жетістіктерінің қол жеткен соңғы нәтижелері тұрғысынан және жүйелілік танымдағы тіл деңгейлері, олардың диалектикалық ауыс-түйіс, өзара қарым-қатынасына сүйеніп,айтылуы мен қолданылуын, ғылыми сипаттамасын тиянақтау қажеттігі туады.

2. Тіл единицалары, нақтылаңқырап айтсақ, грамматикалық единицалар, сөз бен сөйлемнен ғана тұрады дегенге саятын дәстүрлі таным бүгінгі тіл білімі дәредесінде қайта қарауды қажет етеді.

  Сөз деген – абстракты ұғым.Лексикология, лексикография еңбектер, осы салалар, олардың обьектілерінің сөз, сөздік, сөздік қор, сөздік құрам, сөзтізбе, сөздің тура, ауыспалы мағыналары т.т сөзбен тікелей аталуы мұны бір дәлелдесе, морфологиядағы сансыз сөздер (түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз)

  Тіл білімі тарихында әсіресе 50-жылдардан бері қарай морфема деген атау өте жиі қолданылды.

  Алғаш И.А.Бодуэн де Куртенэ негізін салған бұл ұғым бертін келе тұтас сөзді де, оның нақты бөлшектерін де, аффикстердің түр-түрлерінің қай-қайсысын болса да морфема деп атай беретіндей жағдайға жетті.Сондықтан да «Жалпы тіл білімінде» , «Кейбір мамандар бұл терминді қазіргі лингвистикалық әдебиеттердегі ең шатасып кеткендердің қатарына қосып жүр», - деп атап көрсетті.

  Прагалық лингвистика ағымының өкілі В.Скаличка морфема терминінің қолданылуындағы осындай тиянақтауды керек ететін жақтарына көңіл бөліп: «Грамматика – белгілі тілдік жүйе, сондықтан оның кіші единицасын табу қажет», - деді. Морфема дегенді тиянақтай отырып, грамматикалық қызметтерін нақты көрсету мақсатымен сема деген термин ұсынды. Л.Блумфильд тап осы атауға балама есепті морф дегенді қосты.Бұл екі ұсынысты тиянақтаған Ч.Хоккеттің пікірі мамандар назарын аударды.Ол морф дегенді қостап, оны өз алдына морфеманың нақты бір функциялық көрінісі еспті, ал тап сол арадағы мағынасын морфосема деп тиянақтады. Осыдан барып, дескриптивтік  структурализмнің бұрыннан дәстүрлі сипаттамасына айналған: «Морфема фонемалардан тұрады»,- деген қағидасына: «фонемалардан тұратын морфема емес, морфтар» деп, тиянақтау енгізіледі. Ал, морфема болса, морфтар жүйесін қамтитын жалпылауыш атауға айналды.

   Бұл теориялық тиянақтаулардың агглютинативті тілдер, солардың ішінде қазақ тіліне де тікелей қатысы бар. Мысалға кез келген септік жалғауын, немесе түбір сөздерді алайық. Барыс септігі десек, туыс өзбек тілінде –ға  деген бір-ақ жалғауды, ал қазақ тілінде –ға,-ге,-қа,-ке тәуелдеулі септеуде –а,-е және –на, -не деген 8 түрлі қосымшаны атаймыз. Осы сегізді барыс септігінің морфемасы десек, олардың әрқайсысы сол морфеманың морфтары болып есептеледі. Морфонологиялық ерекшеліктерін нақтылай түскенде, дауыссыз дыбыстары тұрғысынан –ға мен –қа, сондай-ақ, -ге мен –ке морфонема-альтернат, ал дауыстылары тұрғысынан а және е дыбысты буындар альтернатты морфемаларға жатады. Бұлар – формальдық сипаттары. Ал, жалаң барыс септігінің морфемасы мен тәуелдеулі септеудің морфемасының тұлға мен фонетикадан ғана емес, мағынадан да өрбитін айырмашылығы тағы бар. Аға-ға деген ниет, сондай-ақ, аға-м-а деген ниет дегендерді салыстыру арқылы да мұны анық байқауға болады. Айырмашылықтың (әйтеуір аға-ға, үлкенге )нақты болуынан (өз-ім-нің аға-м-а; өзінің аға-сы-н-а) барыс септік жалғауы тек жуанды-жіңішкелі үндесуден өзгеше де формаланады. Сондықтан, үй-ге, ай-ға, мектеп-ке, тамақ-қа дегендерді бір морфема, бірақ 4 морф деп танысақ, - на, -не, -а, -е дегендер өз алдына 4 морфтан тұратын бір морфема құрайды.

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (100.5 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club