Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, курсының мақсаты, зерттеу объектісі, зерттелу тарихы

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Лекция  •  2,564 Слов (11 Страниц)  •  1,075 Просмотры

Страница 1 из 11

1- дәріс. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, курсының мақсаты, зерттеу объектісі, зерттелу тарихы.

Жоспар:

  1. Фонетика ғылымы туралы түсінік, оны салалары, зерттеу объектісі
  2. Фонетиканы зерттеуде қолданылатын әдістер
  3. Дыбыс туралы түсінік, Дыбыстау мүшелері. Дыбысты қарастырудың 3түрлі аспектісі. Фонема туралы көзқарастар
  4. Дыбыс пен әріп арақатынасы. Транскрипция

           5. Қазақ дыбыстық жүйесінің зерттелу тарихы

    Тілдің негізін жасайтын оның грамматикалық  құрылысы мен негізгі сөздік қоры. Олар фонетикалық құбылыстармен тығыз байланысты. Кез-келген дыбыстардан немесе дыбыстар тіркесінен сөз жасау мүмкін емес. Лексикалық элемент те, грамматикалық элемент те дыбыстардың белгілі жүйелі тіркесі арқылы жасалады. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Дыбыстар тіркесі арқылы адам ойын білдіреді. Тілдегі лексикалық, грамматикалық құбылыстардың төркінін, өзгеріп дамуын айқындау үшін дыбыстық өзгерістерді жете меңгеру қажет.

    Тілдің дыбыстық жүйесін фонетика зерттейді. Атап айтқанда фонетика мына мәселелерді қарастырады:

  1. тіл дыбыстарының пайда болуы; 2. іштей жіктелуі, бір-біріне әсері; 3. буын; 4. екпін; 5. дыбыстық жағы мен жазудың ара қатынасы; 6.орфография мен орфоэпия.

   Фонетика тіліміздегі бірсыпыра сөздердің пайда болуын анықтауға, тілдердің арасындағы туыстық байланысты табуға, тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді.Зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы болып бөлінеді.

Сипаттамалы(синхрониялық немесе статистикалық)Тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесіе қарастырады, дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселелері негізгі объектісі болып саналады.

Тарихи (диахрониялық) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері, даму, қалыптасуы, буын, екпін мәселелері, үндестік заңы әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бойынша анықталады.

Салыстырмалы фонетика тілдің дыбыстық жүйесін қазіргі тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындаға мүмкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындайды.

     Тіл білімінде фонетика жалпы фонетика, жеке тілдердің фонетикасы болып екіге бөлінеді. Жалпы фонетика сөйлеу дыбыстарын акустикалық, артикуляциялық жақтан зерттейді, олардың сөз мағынасына қатысы ескерілмейді.

Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер. Тіл дыбыстары өзінің табиғаты жағынан әрі акустикалық, әрі анатомо-физиологиялық қасиетке ие. Дыбыстардың акустикалық мінездемесін – күшін, қарқынын, созылыңқылығын, қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалатынын физиологиялық фонетика зерттейді. Ал лабороториялық жолмен түрлі инструменттер, аппараттар арқылы экспериментальды фонетика тексереді. Экспериментальды фонетиканың өзі іштей: акустикалық әдіс (сөйлеу дыбыстарының акустикалық қасиеттерін тексереді), физиологиялық немесе соматикалық(дыбыстардың жасалуына дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан) зерттеу әдісі түрінде жіктеледі.

      Бұл әдістердің әрқайсысын пайдаланылатын құралдарының түрлеріне қарай бірнеше әдіс түрлеріне ажыратамыз:

Акустикалық әдіс: 1. Кимографтық әдіс; 2.Осцилографтық әдіс; 3. Спектографтық әдіс;

Соматикалық әдіс: 1.Палатографтық, 2. Рентгенографиялық, 3.Кинофотоға түсіру әдісі.

Жалпы тілдегі дыбыстар туралы. 1.Дыбыстардың жасалуы. Дыбыс атауының қандайы болса да серпінді заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тілдегі дыбыстар да күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінен пайда болатын құбылыс. Тілдегі дыбыстардың түрленуі олардың ырғағы, күші, әуені тәрізді белгілеріне байланысты болады.

...

Скачать:   txt (32.7 Kb)   pdf (145.5 Kb)   docx (17 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club