Қазіргі Қазақстан
Автор: hanafi • Февраль 22, 2018 • Реферат • 1,642 Слов (7 Страниц) • 1,158 Просмотры
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ӨМІРДЕГІ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕР
Қазіргі Қазақстан қоғамында мемлекеттің гендерлік саясатын қалыптастыру және оны жүзеге асыру мәселелері бұқаралық санада жағымды демократиялық қағидалардың, ғұрыптардың жүйеленуі мен нығаюы салдарынан өзекті сипатқа ие болып отыр. Гендерлік саясатқа немқұрайлы қарау мемлекет пен қоғамның демократиялық құрылымының негіздерін бұзады, азаматтық қоғам институтының тиімділігін азайтады, құндылықтар демократиялық жүйесінің мәртебесін төмендетеді және сонымен қатар саяси жүйені демократияландыру барысына сенімсіздік тудырады. Гендерлік саясаттың мақсаты – нақты гендерлік теңдікке қол жеткізу. Бұл барлық адамдар таптаурын салттар мен дәстүрлі гендерлік жүйеден туындайтын шектеулерден тәуелсіз түрде таңдау еркіндігіне және өздерінің жеке қабілеттерін дамыту еркіндігіне ие деген сөз. Гендерлік теңдік екі жыныс өкілдерінің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін біркелкі деңгейде жүзеге асыру мәселесін қозғайды. Ерлерге қатысты гендерлік кемсітушілік деректерін – ондай жайттар Қазақстан қоғамында орын алып тұрады – назардан тыс қалдыру орынсыз болып табылады. Сөйтіп мемлекеттік гендерлік саясат әйелдердің ғана жағдайын жақсартуға емес, екі жыныстың да мүдделері мен мүмкіндіктерін тең дәрежеде ескере отырып, нақты гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталуға тиіс. Әйтпесе теңдік мәселесіне қатысты гендерлік саясаттың саралануы толық болмайды әрі әйелдік субъективтік көзқараспен ерекшеленетін болады. Қазіргі Қазақстандағы гендерлік саясаттың бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда қазақстандық саяси көшбасшылардың мемлекеттік қызметтің осы бағытына деген саяси мүддесінің әлсіздігін, саяси дәстүршілдікті, бұқаралық саясат кеңістігінің әйелдер үшін шұғыл тараюын, гендерлік саясат нысандарының материалдық теңсіздігін атауға болады. Іс жүзінде қазақстандық әйелдердің экономикалық мәртебесі қазақстандық ерлерге қарағанда төмен. Соның нәтижесінде бизнесте, сонымен қатар басты қаржылай қорлар шоғырланған және саяси элита қалыптасатын салалар мен мамандықтарда әйелдердің аз екендігі, азаматтардың тең құндылығын түсінудің бұзылғандығы, халықтың ер және әйел тобының өзіндік психологиялық ерекшеліктері мен моральдық құндылықтары және сонымен қатар қазақстандық қоғамда тарих барысында қалыптасқан салт-дәстүрлер мен таптаурындар байқалады. Сонымен қатар Қазақстанның КСРО құрамында болған тарихын да естен шығармау керек. Кеңес үкіметінің тұсында мемлекет жылдар бойы гендерлік саясаттың монополиялық объектісі мен субъектісі рөлін атқарды. Кеңестік отбасылық саясатта тек әйел-ана мен оның балалары ғана нысан ретінде қарастырылды. Мемлекет ерлердің отбасылық немесе әкелік рөлін өзінің басымдылығы ретінде танып, білмеді. Ерлерді ақы төленбейтін үй шаруасына тарту кеңестік отбасылық саясаттың мақсат-міндеттерінің қатарына тіпті енген де жоқ. Кеңестік отбасылық саясаттың нәтижесі мемлекеттік патриархаттың нығаюына алып келді. Онда мемлекет пен әйелдердің құрған одағы бойынша мемлекетке ниеттестік танытып, «жұмыс істейтін аналар» гендерлік келісімінің жарлықтарын орындаған жағдайда әйелдер мемлекет тарапынан қолдауға ие болатын. Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастарға өту барысында әлеуметтік салада маңызды өзгерістер орын алуда. 1990 жылдардың екінші жартысында гендерлік саясаттың жалпы болмысын қайта қарастырудың қажеттілігі туындады. Бүгінгі таңда біз қазіргі Қазақстанда гендерлік қатынастар трансформациясының берік беталысы ретінде неотрадиционализм құбылысының қайта жандануын байқаймыз. Бұл беталыс үстемдік сипатта. Сонымен қатар гендерлік саясаттың идеологиясы мен құралдарында дәстүршіл дискурстың жүйелене түсуі байқалады. Трансформацияға түсіп отырған қазақстандық қоғамда гендерлік саясатқа дәстүрлі, пронаталистік және фамилистік – бұл сипат отбасылық (әке, ана және балалар) үлгіге бет түзейді – сипат беруге болады. Іс жүзінде қазақстандық неотрадиционализм трансформацияланған қоғамда мемлекеттік идеологияға айналуда. Қазақстанда гендерлік саясатты жүзеге асыруды реттейтін бағдарламалық құжат 2005 жылы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің № 1677 жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы» болып табылады. Аталмыш стратегияда төмендегідей басты мақсаттар атап көрсетілген:
...