Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі Қазақстан тарихына

Автор:   •  Сентябрь 4, 2018  •  Лекция  •  10,814 Слов (44 Страниц)  •  1,596 Просмотры

Страница 1 из 44

Дәрістер тезисы

1.Тақырып: «Қазіргі Қазақстан тарихына» кіріспе

Дәріс жоспары:

«Қазіргі Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты.

Қазіргі Қазақстан тарихын кезеңдестіру (дәуірлеу).

Қазіргі Қазақстан тарихын зерттеу бойынша тарихнамалық зерттеулер мен негізгі ақпарат көздері.

Қазіргі Қазақстан тарихын оқыту пәні.Пәннің негізгі мақсаты - қазіргі Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінен обьективті тарихи білім беру; студенттердің назарын Қазақстанның тәуелсіз мемелекет ретінде дамуы мен қалыптасу мәселелеріне, рухани мәдениет пен үздіксіз және сабақтастық этногенезіне аудару; студенттердің санасына тарихтың негізгі қалыптасу мәселелерінің мәнін жеткізу, олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық позициясын қалыптастыру

Пәннің міндеттері:

-Егеменді Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастыру мен нығайту міндеттеріне жауап беретін теориялық және әдістемелік тарихи білім базасын құру;

-Қазақстан халықтарының жалпы ортақ тарихы негізінде қазақстандық қоғамды шоғырландыру үшін идеологиялық базасын қалыптастыру;

- Батыс пен Шығыстың жаһандық тарихта өзара байланысының және дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениеті ағымы контекстіндегі Қазақстан тарихының ерекше орнын ескеретін тәсілдерді енгізу.

Қазақстан тарихының ғылыми кезеңдестіру негіздері: археологиялық, антропологиялық, тарихи.

Қазіргі таңда негізгі белгі ретінде өндіріс әдісін ғана белгілейтін Қазақстанның дәуірлеу (кезеңдестіру)тарихы мазмұнды-тарихи ұсынысқа негізделген.

Қазақстанның өткенін қайта жаңарту үшін, ғылымда «тарихи негізгі дереккөздер» деп аталатын көптеген материалдардарын қолдануда.

Материалдық немесе археологиялық дерек көздеріне тұрмыс құралдары, үй жабдықтары, қару-жарақ, монеталар, киім-кешек, қоныстар мен тұрақтар жатады.Дереккөздер:заттай, антропологиялық, ауызша, жазбаша, геральдикалық т.б.с.

«Қазіргі Қазақстан тарихы» пәні бойыншатарихнамалық зерттеулер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. бес томдық. 4-5 томдар. - Алматы. 2010.

2. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. / ред. басқ. Қ.С. Қаражан. – Алматы. 2011. – 376 б.

3. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). - Алматы: «Дәуір», 1994.

4. Аяған Б.Г., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. –Алматы, 2010.

СӨЖ-на арналған бақылау тапсырмалары:

1. Қазіргі Қазақстанның ғылымдар жүйесінде алатын орны мен рөлі анықтаныз.

2. Тарихи кезеңдеуге сипаттама беріңдер.

3. Қазіргі Қазақстан тарихының дереккөздері мен оның тарихнамалық зерттеудегі орнын ашып көрсету .

2. Дәріс тақырыбы:Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай - тәуелсіздікке бағытталған күрестің алғышарттары.

Дәріс жоспары:

XIX –XX ғ.басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыруды жандандыру.

Қазақ жерінде өндіріс ошақтарын қалыптастыру ерекшеліктері мен оның

отарлық сипаты.

Қазақ жұмысшыларын отарлау және кемсіту қағидалары.

Қазақстанды жалпыресейлік экономикаға тартып, Қазақстанды Ресей өнеркәсібінің шикізат көзіне және тұтыну нарығына айналдыру.

Қазақ ауылының шаруашылық өмірінің өзгеруі: көшпелі мал шаруашылығы, өндірістің дамуы, отырықшы өмір салты мен егіншіліктің кең таралуы, мал шаруашылғының тауарлық өсуі.

Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының өзгеруі: көшпелі және отырықшы халықтың санының өзгеруі, қала халқының өсуі.Қазақ

...

Скачать:   txt (159.5 Kb)   pdf (171.6 Kb)   docx (68.2 Kb)  
Продолжить читать еще 43 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club