Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөйлемдер, жасалуы, түрлері, семантикасы.

Автор:   •  Март 8, 2018  •  Реферат  •  8,376 Слов (34 Страниц)  •  1,753 Просмотры

Страница 1 из 34

        МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ............................................................................................................

 5

1      ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕР

1.1

Қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөйлемдер, олардың зерттелуі, негізгі

белгілері.......................................................................................................

 8

2

ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕР, ТҮРЛЕРІ, ЖАСАЛУЫ, СЕМАНТИКАСЫ

2.1

Зат есім, сын есім, сан есім, есімдікті сөйлемдер...................................

16

2.2

Толымсыз сөйлемдер.................................................................................

20

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................

31

КІРІСПЕ

Қай тілде болса да синтаксистің негізгі нысаны – сөйлем. Қазақ тіл білімінде синтаксис саласының аясы соңғы 50 жылда, оның ішінде ел егемендігінің 20 жылында, ірі зерттеулермен, жаңа бағыттармен толығып отыр. Оның дәлелі П.М.Мелиоранский, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Х.Басымов, І.Бәйтенов, С.Жиенбаев, Ш.Х.Сарыбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Р.Әмір, Қ..Есенов, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, М.Серғалиев, Т.Сайрамбаев сынды ғалымдар тобына Ж.Сәдуақасов, Ж.Жакупов т.б. жас ғалымдар жай сөйлем синтаксисіне өздерінің тың пікірлерімен келіп қосылуда.

Cөйлем синтаксисінің зерттелуі осы уақытта жүйелі даму кезеңінде. Сөйлемнің барлық түрлері оқулықтардан тиянақты орын алған. Сөйлемдердің есімді түрі соңғы уақытта айтыла бастады. Есімді сөйлемдердің қолданысы тілімізде (жазба әдебиетінен бұрын да) ертерек қалыптасқандығын аңғартады.

Адамдар қарым-қатынаста, сөйлесу сәтінде, біреуге сөзбен хабар бергенде, яғни ойды сөйлеммен құрастырғанда неғұрлым қысқа, әрі анық, дәл, ойды шашыратпай шағын көлемде құрастырады.

Халқымыздың сөйлеу мәдениетінде ұзақ сөйлесу мен ұзынсонар сөздерден гөрі қысқа, ойға дәл келетін түсінікті, нанымды нақты сөздермен қиюластырып құралған сөйлемдер құндырақ болған. Оған дәлел ауыз әдебиетіміздің мақал мен мәтел, тәлім- тәрбиелік  қанатты сөздер, би-шешендердің кесімді, шешімді сөзді сөйлемдерінің көпшілігі бас-аяғы 3-4 сөзден тұратын жай сөйлемдер болған. Сондықтан ондай сөйлемдер қолданысқа өте тиімді, есте сақтауға лайық құрастырылады. Себебі, ол сөйлемдерде басты артық сөз жоқ. Тек қажетті ғана сөздерден құралған сөйлемдер. Тілімізде коммуникациялық жағдайдың орайына қарай толымды да, толымсыз да сөйлемдер қолданыла береді. Кейде өзара мағыналық байланыста келетін сөйлемдердің біразы түрлі себептермен толымсыз болып айтылады.

Жұмысымызда толымсыз сөйлем дегеніміз не, оның туындау себептері қандай деген сұрақтарға жауап берумен қатар, толымсыз сөйлемдердің құрылысы, синтаксистік жүйедегі орны, содай-ақ оның құрылымдық сипатын тану мәселелері қарастырылады.

Курстық жұмысының өзектілігі. Ойдың  ұғымдық мәнін ашуда есімді сөйлемдердің орны ерекше. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі тарихы әріден келе жатқан есімді сөйлемдердің өзіндік ерекшелігін ашып, етістікті сөйлемдерден  өзгешелігін анықтау арнайы зерттеуді қажет етеді.

Қазіргі қазақ тілі синтаксисінде сөйлем түрлері жан-жақты қарастырылғанымен, қазақ тілі, тіпті түркі тілдерінде, есімді сөйлемдер мәселесі – осы күнге дейін тіл білімінде ескерілмеген мәселе. Сондықтан да есімді сөйлем де тілдегі басқа сөйлемдер дәрежесінде зерттеліп, оның синтаксистегі орны айқындалуы тиіс. Біз бұған дейін сөйлемдерді баяндауыштың қатысына қарай есімді, етістікті деп бөліп қарастырмауымызға байланысты бұлардың ара жігі ашылмады. Сөйлемнің тиянақтылығы етістікті сөйлемдерде ғана нақты айтылып, есімді сөйлемдегі тиянақтылық, оларға байланысты интонация, есім баяндауышты сөз таптары, олардың тыныс белгілері т.б. мәселелер ескерусіз қалып келді. Сондай-ақ есімді сөйлемдерді нақтылау барысында оларға қатысты қосымша мәселелер де саралануы керек.

...

Скачать:   txt (120.8 Kb)   pdf (439.1 Kb)   docx (54.2 Kb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club