Қазіргі қазақ прозасындағы антипод образдар
Автор: zhumagalieva • Март 28, 2019 • Курсовая работа • 13,276 Слов (54 Страниц) • 717 Просмотры
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қазіргі қазақ прозасындағы антипод образдар
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
І тарау. Әдебиеттанудағы «антипод» терминінің ғылыми мәні, теориялық түсінігі
ІІ тарау. Қазіргі прозадағы антипод образдар
2.1. Жазушы Талаптан Ахметжан шығармашылығындағы антиқаһармандар
2.2. Жазушы Роза Мұқанова туындыларындағы антипод образдар
2.3. Прозаик М.Омарова әңгімелеріндегі антипод образдар
Қорытынды
Әдебиеттер
АБСТРАКТ
Зерттеудің мақсаты: «Антипод образ» терминінің ғылыми мәнін Талаптан Ахметжан, Роза Мұқанова, Мәдина Омарова көркем туындылары арқылы айқындау
Зерттеудің гипотезасы: Қазіргі қазақ прозасындағы көркем образдардың тоғысатын тұсын, соның ішінде антипод бейнелердің адам санасының эволюциясын жасаудағы атқаратын ролін белгілеу
Зерттеудің барысы: Антипод образдар туралы теориялық, ғылыми еңбектерді қарау, ғалымдар пікірін жинақтау, қазіргі қазақ прозасының көрнекті өкілдері (Талаптан Ахметжан, Роза Мұқанова, Мәдина Омарова) шығармарларын оқу, антипод образ тұрғысынан тоғысатын туындыларды бір арнаға бағыттау
Эксперименттік әдістемесі: Талаптан Ахметжан, Роза Мұқанова, Мәдина Омарова шығармаларын антипод образдар тұрғысынан талдауда бақылау, салыстыру, жинақтау әдістері жүзеге асырылды.
Зерттеудің жаңалығы: Қазіргі әдебиеттану ғылымында көркем шығарманы талдаудың түрлі ғылыми әдістері бар, бірақ антипод образдар тұрғысынан талдау әлі аз, тіпті, жоқтың қасы деуге де болады. Міне, осы тұрғыда біз ғылыми жұмысымызда қазіргі қазақ қоғамын суреттейтін антипод бейнелерді зерттей отыра тұтас ұлт басынан кешіп отырған жағдайларды анықтауға тырысамыз
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Талаптан Ахметжан, Роза Мұқанова, Мәдина Омарова шығармаларындағы антипод ораздарды айқындай отырып өмірдегі шындықтың әдебиеттегі көркем бейнеге айналу жолының заңдылықтары мен шарттарын шығардық
Нәтижелердің практикалық қолданысы: Әдеби үйірмелерде, факультативтік сабақтарда қандайда бір жазушының шығармасынан антипод образдарды анықтауда, ғылыми рефераттар жазуда ғылыми-әдістемелік басшылыққа алуға болады
Кіріспе
Әдебиет ешқашан болашақты болжамайды, керісінше, өткенді толғайды. Өйткені болашақты болжау ғылымның ісі болса, әдебиет болған оқиғаны айтады. Сондай-ақ әдебиет өмірді суреттей отырып, сол өмірдегі адамдар санасының эволюциясын жасайды. Белгілі бір дәуір болады, сол дәуірде өмір сүретін адам болады, дәлірек айтсақ адам тіршілік кешетін қоғам жасайды. Адамның санасы сол қоғамдық ортаның талаптарына сай бейімделеді. Ендеше, біз осы ғылыми жұмысымызда адам санасының заманға сай бейімделуі мәселесін көркем шығармадағы образдар арқылы ашып көрсетуге тырысамыз. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ прозасының ең көрнекті, жаңашыл бағыттағы жазушылары болып есептелетін Талаптан Ахметжан, Роза Мұқанова, Мәдина Омарова шығармалары зерттеу нысанына алынды.
Осы уақытқа дейінгі әдебиеттануда көркем шығармадағы образдар мәселесін талдауда басты орынға жағымды образдар түсіп келсе, ендігі жерде, әсіресе, орыс әдебиеттану ғылымында жағымсыз антиқаһарман образдардың сырына үңілу, көркемдік негізіне барлау жасау әдебиет туралы ғылымының өзектілігіне айналып келеді.
Антипод бейнені жазушы жасайды, өзегіне қоғамдық өмір негіз болады. Антипод образ өмірдегі шындықтың жазушы қиялымен қорытылып, көркем тілмен берілуі десек, оның астарында қоғам бойына дарытқан жексұрындылық опасыз істерге апаратын антипат сипаттағы адам жатады.
...