Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Студент жастардың арасында қазақ тілінің қолданылу аясы

Автор:   •  Март 25, 2019  •  Реферат  •  692 Слов (3 Страниц)  •  970 Просмотры

Страница 1 из 3

«Студент жастардың арасында қазақ тілінің қолданылу аясы» атты әлеуметтік жоба

Жобаның мақсаты:

  • Аталған тақырыпты көздей отырып, студент жастардың арасында қазақ тілінің дамуына үлес қосуды арттыру;
  • Жастар арасында қазақ тілінің қолданылу аясын молайту;
  • Тіл тазалығын сақтауға үйрету

Жобаның өзектілігі: Мемлекеттік тіліміз қазіргі қоғамда өз орнын лайықты ала алмай отыр. Қай жерде болмасын қазақ тіліне өзге тілден енген сөздердің араласып кетуі я болмаса жастардың үнемі орыс тілінде сөйлеуі, өкінішке қарай, қалыпты құбылысқа айналып кетті. Сол себепті, жобаның өзектілігі ұлттық қауіпсіздік мәселесі деңгейінде.

Жобадан күтілетін нәтиже:

  • Студент жастардың ұлттық құндылыққа, ата-салтқа, соның ішінде ана тілімізге деген құрметінің жоғарылауын;
  • Кез келген жерде мемлекеттік тілді талап етуін;
  • Қазақ тілін өзге шетелдік азаматтарға дәріптеуін;

Қай жерде болмасын, кез келген жерге барып қалсақ, қоғамда, әр түрлі орталарда қазақ тілі екінші орынға ысырылып қалатынын бүгінгі күні көзбен көріп, құлақпен естіп жүрміз. Әсіресе, жас буын өкілдері, кейінгі толқында осы мәселе өршіп тұр десек артық айтқанымыз емес. Сәнге айналды ма, әлде заман талабы осыны сұрай ма немесе бұл жастарға ыңғайлы ма деген сауалдарға жауап іздесек, бірден жауабын табу қиынға соғары сөзсіз. Бір анығы: Қазақстан дейтін ел бар, ұлт бар. Ал оның тілі – қазақ тілі.  «Ана тілі бабаңнан қалған аманат, аманатқа қиянат жасамау керек» дейтін тіл жанашыры, халық қалаулысы Оразкүл Асанғазының сөзін тілге тиек етер болсақ, тілімізге құрмет көрсету, жай ғана қазақша сөйлеу – біздің азаматтық парызымыз. Ендеше мәселе айқын, енді оның шешу жолдарын қарастыру – жобаның негізгі нысанына айналып отыр.

Мәселенің шешімі ретінде, мен қазақ тілінің студент жастар арасында кеңінен қолданылуы үшін нақты 5 қадамды ұсынамын.

1-қадам: Еріктілер тобын құру арқылы, әрбір жоғарғы және орта білім ошақтарының арнайы корпустарында бір-бір өкілден тұрып, «МЕН – ҚАЗАҚ ТІЛІМІН» немесе «МЕНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫН СҰРАҢЫЗ»  деген мәтіндес тақырыптарды жеңіл жейделерге жазып, киіп алу.

         Көпшілік қауым бұндай сауалдарды сұрауға қысылады. Біз осы әдіс арқылы көптеген жастарға тегін әрі пайдалы ақпараттар беріп, олардың қазақ тілін одан әрі жақсырақ және сауатты пайдалануына септігімізді тигіземіз.

2-қадам: Студенттік ұйымдар арасының қатарына «Қазақ тілі кеңесі» орталығын енгізу. Осындай орталық ашу арқылы, біріншіден студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануға көмек көрсету. Бұл дегеніміз, қазақ тілін сауатты әрі өте жақсы білетін жастардың кеңеске мүше болып, білгенін көпке үйрете алады деген сөз. Екіншіден, арнайы орталыққа кез келген адам өзінің тілге қатысты ұсыныстарын немесе сауалдарын жолдай алатындай мүмкіндік беру. Үшіншіден, әр апта сайын кең көлемді аудиторияларда лекция, семинар, вебинар, тренингтар өткізіп тұру.  

...

Скачать:   txt (9.2 Kb)   pdf (96.4 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club