Қазіргі Қазақстан философтары және олардың негізгі ізденіс бағыттары
Автор: goha99 • Ноябрь 24, 2018 • Реферат • 2,912 Слов (12 Страниц) • 1,986 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
[pic 1]
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау
Кафедра: Саяси -әлеуметтік пәндер кафедрасы
Дисциплина: Философия
Группа: 204
Тақырыбы: Қазіргі Қазақстан философтары және олардың негізгі ізденіс бағыттары
Орындаған: Шынбаева Г. Ұ.
Тексерген: Утешова Гүлжанат Талгатовна
Ақтөбе 2018 ж.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды.
Қазақ халқы ертеден даналыққа құмар халық. Философияның өзі ежелгі мифтердің, аңыздардың негізінде қалыптасса, қазіргі әр алуан ғылымдардың түрлері алғашқы философиялық жүйелерден бөлініп шыққан. Сондықтан ғылым мен білімге, өркениет пен мәдениетке, дін мен ділге, тұлға мен қоғамға біртұтас дүниетанымдық және әдіснамалық негіз болатын философияның қыры мен сырын біле түскеннен біз ұтылмаймыз, керісінше, азаматтарымыз рухани және зияткерлік сипатта байи түседі.
Заманауи Қазақстан философиясы. Тәуелсіздік алудың алғышарттары мен рухани негіздері, рухани мәдени аспектілері, ұлттық идеяны қалыптастыру. Ұлттық идея ұғымы және оның мәні (А.Х. Қасымжанов, А.Қ. Қасабек, М.С. Орынбеков). Ұлттық және мемлекеттік бірегейлік. Қазақстандық ұлттық идеяның негізгі аспектілері. Қазақстандық патриотизмнің философиялық негіздері. Қазақ халқының мәдени және әлеуметтік бірегейлігін іздеу және табу жолдарын ойластыру. Дәстүрлі қазақ философиясы мен мәдениеті тарихы бойынша зерттеулердің қалыптасуы (А.Х. Қасымжанов, А.Қ. Қасабек, М.С. Орынбеков, О.А. Сегізбаев, Ж.А. Алтаев, Т.Х. Ғабитов, Б.Ғ. Нұржанов, К.Ш. Бейсенов). Мәдениет философиясы мәселелерін қазақстандық зерттеулерінің қалыптасуы қайнарында. Қазақстандық қоғам тұрақтануының мәдени және өркениеттік тұрғыда маңызды сауалдарын ой елегінен өткізу. Өркениеттік дамудың қазақстандық моделін іздестіру. Жатсыну феноменін философиялық талдау. Ғылыми зерттеу методологиясының мәселелері. Этникалық қатынастарды нығайту жолдарын және этникалық интеграция мәселелерін ойластыру, рухани құндылықтық бағдарларды іздестіру (М.С. Әженов, Б.Р. Қазыханова, Б. Байжігітов, Н.К. Сейдахметов, М. Сәбит, К.Х. Рахматуллин, Қ.Ә. Әбішов, Ж.Ж. Молдабеков). Посткеңестік философияның тұрақты қазақстандық қоғам орнатуға деген дүниетанымдық нұсқама мен бағдарлардың қалыптасуына, қазақстандық менталитеттің, қоғамда жүргізіліп жатқан реформаларды рационалды түсіну мен қабылдаудың қалыптасуына, мәдени бірдейлік, ұлттық қауіпсіздік сауалдарының қойылуы мен талқылануына әсері.
...