Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәрбие үрдісінде құқықтық тәрбие беру

Автор:   •  Декабрь 10, 2018  •  Реферат  •  8,420 Слов (34 Страниц)  •  870 Просмотры

Страница 1 из 34

Мазмұны

I Кіріспе...................................................................................................................2

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  

1.1.Құқық тәрбие берудің мақсаты, мазмұны.......................................................6

1.2. Мектеп пен отбасының  құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері..........15

ІІ ТАРАУ. ОҚЫТУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ.

2.1. Оқыту үрдісінде құқықтық тәрбие беру.......................................................26

2.2. Тәрбие үрдісінде  құқықтық тәрбие беру ....................................................33

III Қорытынды.................................................................................................... 37

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................40

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер сан алуан.

Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң жаңаша даму үрдiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту және оны игерту мәселесi ерекше орын алады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды. Бүгін де адамзат өркениетінің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мың жылдыққа қадам басқан кезеңде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып, Қазақстандағы демократияны, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы, азаматтық парыз, ар тазалығын жандандыру болып табылады.

 «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес, біздің бас міндеттеріміздің бірі қазақстандық отансүйгіштікті, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрмет ететін азаматын тәрбиелеу. Мұндай іс-шараның басты принциптерінің бірі – құқықтық білім берудің сапасын арттыру. Мұның өзі бұл мәселенің көкейкестілігін айқындай түседі.

Тарихты ақтарар болсақ, жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлкен үлес қосқан, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар Т.Гоббс, Ш. Монтеське, Ж.Ж. Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон М.Т. Цицерон, Перикл, А.Ф.Кони т.б. олар адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген.  

Халықымыз өз ұрпағын тәрбиелеуде адам құқықтары мен бостандықтарын қадағалап, келер ұрпақ өкілдерін адамгершілікке, әділдікке тәрбиелеп отырғаны белгілі. Оған еліміздің ойшылдары Тәуке ханның «Жеті жарғысын», Төле би, Әйтеке би, Қазбек би, Абай. Ыбырай, Шоқанның т.б. қосқан үлестерін атап көрсетуге болады.

Ө.Қоянбаевтың, Ғ.Сапарғалиевтің, Қ.Болатбаевтың, Д.Жарықбаеваның Е.Нұрпейісов және орыстың ұлы педагогтары А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б. еңбектерінде мектептегі құқықтық тәрбие жұмысының мазмұны, формалары және әдістері қарастырылған.  

Сонымен қатар Қазақстанның шынайы дербестікке жетуіне жұмсап, еңбек сіңіріп жүрген халқымыздың белгілі заңгерлері С.Сартаевтың, Ғ.Сапарғалиеватің, М.Баймахановтың, Е.Нұрпейісовтың, Н.Өсеровтың және т.б. ғалым-зерттеушілердің қомақты қызметтерін құқықтану тақырыптарын оқытқанда мектеп ұстаздарының шеберлікпен пайдалануы жас ұрпақ үшін үлгі тұтар өнеге болмақ.

Қоғамда бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім және тәрбие беру, әлеуметтік – экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі жаңғыру үрдісімен астаса жүріп жатыр. Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, біздің қоғамымызға жан-жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет.  Осыған орай қазіргі кезде  әлеуметтік сұранысқа айналып отырған, құқықтық тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру қажеттілігі мен  педагогика теориясы мен практикасында бұл мәселенің жеткілікті қарастырылмауы арасында қарама-қайшылық тудырады.  

...

Скачать:   txt (123.2 Kb)   pdf (338.9 Kb)   docx (46.3 Kb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club