Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасын пайдалану
Автор: Adel1985 • Март 2, 2019 • Дипломная работа • 25,089 Слов (101 Страниц) • 779 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Қорғауға жіберілді» ___________ Кафедра меңгерушісі ___________ Ж.Ш.Бақтыбаев ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасын пайдалану 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Орындаған А.Жуанышбаева Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Ж.Ш.Бақтыбаев Талдықорған 2014 |
Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................................................ | 3 |
1 ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ........................................ | 6 |
| 6 |
| 16 |
1.3 Бастауыш білім беру сатысындағы оқу үрдісінде халық педагогикасын пайдалану ерекшеліктері...................................................... | 23 |
2 ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ САТЫСЫНЫҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ | 36 |
2.1 Бастауыш сыныпта халық педагогикасы арқылы тәрбиелеудің формалары мен әдістері.......................................................................... | 36 |
2.2 Қазақ халқының жеті ата шежіресі мен қазақ дастарқаны дәстүрлерін оқу-тәрбие үдерісіне ендірудің тәжірибелік-эксперимент жұмысы нәтижелері.................................................................................. | 62 |
ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................... | 77 |
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................. | 79 |
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында» [1], «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында» [2], Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [3] мемлекеттік тұрғыдан қазақ тілінің мәртебесі биіктетіліп, тәрбие мен білімнің құндылығын арттыратын бағыт-бағдарлар айқындалды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында «... біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны...» баса атап көрсетілген болатын. Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған Білім туралы Заңында: жас ұрпақты «...азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» қажеттігі айқын көрсетілген. Бұл республикамыздың ертеңгі қажетін өтейтін, елін, жерін сүйетін, отаншыл, адамгершілігі мол, білімді, парасатты, ана тілін, туған жерін қастерлей білетін азамат өсіруде ұстанатын басты құралымыз бағзы заманнан бері ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған халық дәстүрлері, халық ауыз әдебиеті, ақын-жазушыларымыздың таңдаулы туындылары болуын міндеттейді. Сондықтан бастауыш білім беру сатысынан бастап оқушыларды халық дәстүрлерін қастерлеуге баулу бүгінгі күннің аса маңызды мәселесіне айналып отыр [4].
...