Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қосымша білім беру жүйесінде экологиялық тәрбие берудің жағдайы

Автор:   •  Май 9, 2019  •  Реферат  •  8,109 Слов (33 Страниц)  •  907 Просмотры

Страница 1 из 33

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

  1. Қосымша білім беру жүйесінде экологиялық тәрбиенің теориялық негіздері
  1. 1. Экологиялық тәрбие туралы түсінік және оның тәрбие беру тарихы...............................................................................................................6
  1. 2. Экологиялық білім берудің мазмұны мен міндеті.................................10
  1. Қосымша білім беру жүйесінде экологиялық тәрбие берудің жағдайы
  1. 1. Экологиялық үйірме жұмысын ұйымдастыру........................................14
  1. 2. Өлкетану жұмыстары арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары..........................................................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................25

                                                  Кіріспе                                                         Экологиялық тәрбие – табиғатқа деген жанашырлықты адам бойына сіңіру. Қазіргі кезде кейбір көшелерде қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Әсіресе ауылдық жерлерде кез келген жерге қоқыс тастап кету, санаулы шақырым жерге жүріп барып қоқыс жәшігіне тастауға ерінетін адамдар көптеп кездеседі. Бұл олқылықтар жоғарыда аталған экологиялық тәрбиенің нашар деңгейде дамуының кесірі.

Мұндайға жол бермес үшін алдымен енді өсіп келе жатқан жас буын тәрбиесіне баса назар аударғанымыз жөн. Еңбектеген бала шағынан туған Отанын сүюге тәрбиелеуді қолға алу қажет. Жастайынан бойына отансүйгіштік сезімін сіңіріп өскен бала қоршаған ортасын ластамай, басқаларды да соған үндейді деп сенемін.

Қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашамыз, суды, ауаны ластаймыз, көптеген тұрмыстық қоқыстар шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады, бұл – суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, ауаны ластайтын зиянды заттары жоқ нәрселерді қолдану, т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіледі.

Балаларды тәрбиелейтін ата-ана мен ұстаздар өте сауатты, білімді болуы керек. Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты.

Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) және Қоғамдық экологиялық ұйымдардың ролі зор. БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтеріледі.         

Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады. Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек.

Тәрбиенің басты құралы – ежелден келе жатқан ертегі жанры. Табиғатты қорғау жөнінде ертегілер жазылуы тиіс. Арнайы қызметкерлер алтын уақыттарын шетел мультфильмдерін қазақшаға аударуға жұмсағанша, осындай ғибрат берерлік ертегілерге мультфильм жасап, отандық дүние ойлап табуы тиіс. Осы жолмен әрі бала жүрегіне отансүйгіштік сезімін ұялатсақ, әрі экология жақсаруына үлес қосуымыздың бастамасы болмақ.                

Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері-аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр.         

...

Скачать:   txt (104 Kb)   pdf (334.2 Kb)   docx (586 Kb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club