Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Автор: irina66 • Май 25, 2018 • Курсовая работа • 19,550 Слов (79 Страниц) • 1,225 Просмотры
Мазмұны
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТЛЕРІ
1.1 Оқушылар бойында рухани адамгершілік құндылықтар қалыптастырудың мәні................................................................................................................................6
1.2 Рухани – адамгершілік негізінде оқушылардың өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері.............................................................................................................26
2 ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІ ІС-ТӘЖІРИБЕ АРҚЫЛЫ КӨРСЕТУ
2.1 Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.............................................................................................................36
2.2 Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері..................................................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................60
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................63
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие жүйесінде мол өзгерістер туындап отыр. Қазақ мектептерінің ең басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, ділін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін рухани – адамгершілікті тұлға тәрбиелеу. Шындығында сапалы білім мен саналы рухани адамгершілік тәрбие мен шынайы астарланғанда ғана ұлт тілегі, мемлекет, халық мүддесі орындалмақ, қоғам өзінің дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек.
Қазіргі кезеңде әркімнің ісінің өнімді табысының толымды болуы, әлемдік бәсекеге төтеп беруі қай кісінің болса да өзінің қабілеті мен тапқырлығына, білім-біліктілігіне байланысты екендігі – ақиқат аксиомаға айналды. Осы ғаламдық үдеріске сай адам ресурс адам факторы, «адам капиталы» деген сияқты жаңа әлеуметтік – педагогикалық ұғымдардың пайда болуы да заңды құбылыс. «Адам капиталы» өркениетке өрлеудің, жаһандану бәсекеге қабілетті болудың шешуші факторына айналғаны мәлім. Қазіргі қарыштап қарқынды даму кезеңде адамның жай қабілеттілігі иен ебдейлігі әлемдік бәсекелестік жарыста, озып шығу үшін жеткіліксіз болып отырғаны белгілі. Мұндай «аламан бәйгеде» басқадан қалып қалмас үшін кәдімгі қазақы үйреншікті пысықтық пен ептілікті шығармашылық және бәсекелестік қабілеттілікпен толықтыруымыз тиіс [1]. Сондықтан қабілеттіліктің мән-мағынасына, қабілетіне қарай кәсіп таңдай білуге, шығармашылық қабілеттіліктің сыр-сипатына, педагогикалық шығармашылық қарекетке, кәсіпкерлік бәсекелестікке, бәсекеге қабілетті рухани – адамгершілікті тұлға тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да XXI ғасырдың жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текестірген елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар – намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.
Өйткені жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы шиелене түсті. Бұл бір жағынан, барша саланың ғаламдануы, ал екінші жағынан рухани азғындаудың бас көтеріп, үдеу үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда республикамызда күннен күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының көбеюі, Қазақстан сәбилерінің жер жүзіне таралып, қолды болуына, жалпы тәрбие процесін күрделенгенін байқатты.
Демек, қоғамдық, әлеуметтік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын, яғни, адамгершілік құндылықтарының жоғары болуын қамтамасыз етіп, азамат тәрбиелеудің жаңа бағыттарын ойластырудың қажеттігі туындады.
Осы ретте, жоғары сынып оқушылардың бойында адамгершілікке бағытталған жүйе қалыптастыруды, тәрбие жұмысын ұтымды жоспарлай білуді және жаңа технологиялық негіздерді оңтайлы ұйымдастыруды жүзеге асыру, тәрбие процесін жаңа ғылыми – педагогикалық тұрғыда зерттелуін де талап етеді.
Оқушылардың рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселесі барлық кезеңдерде де өзектілігін жоймай, педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес. Оның өнеге үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттілігі мен теориялық-педагогикалық негіздері Аристотель, Сократ, Платоннан басталып, бұны алыс-жақын шетел педагогтары Б.С.Гершунский, И.П.Подласый, Н.Е.Щуркова т.б. жалғастырып, психологтар В.Франкл, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, Ж.Ы.Намазбаева, Қ.Б.Жарықбаев т.б. ғылыми теориялық тұрғыдан тереңдетті.
...