Оқу-тәрбие беру үрдісінде бәсекеге қабілетті ұрпақтың терең білім алуына жағдай жасай отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Автор: tgktgktgk81 • Январь 22, 2021 • Реферат • 783 Слов (4 Страниц) • 541 Просмотры
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты
Ақпараттық – кітапхана кешені
Электронды қор орталығының кітапханашысы
Төленова Гүлжан Қасқырбекқызының
Мақсаты: Оқу-тәрбие беру үрдісінде бәсекеге қабілетті ұрпақтың терең білім алуына жағдай жасай отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Міндеті:
- Оқырмандарға алуан түрлі ақпараттар ағымында жол сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу.
- Институт оқытушылары мен студенттеріне ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, кез келген ақпарат түрлерін ашық ақпарат кеңістігінде еркін пайдалануға дұрыс бағыт-бағдар беріп, сұранысын қанағаттандыру.
- Оқу үрдісінде электронды ресурстарды пайдалана отырып, әлемдік білім кеңестігінде озық технологияларымен қамтамасыз ету.
- Оқырмандарға жан-жақты терең тәрбие беру жұмыстарының барысында кітапханалық іс-шараларды ұйымдастыру мен оған белсене атсалысуына ықпал жасау.
- Ғылым мен білімнің бұлағы кітап атаулының шоғырланған мекемесі кітапхана - адамзат баласының рухани тыныс-тіршілігінің айнасы ретінде танылып, жаңа дәуірде жаңаша дәстүрмен, жаңаша келбетімен танылып, бүгінгі қоғамға өзінің қажеттілігін мойындатып отыр. Кітапхана ісі еліміздің мәдени саласы ретінде ақпараттық білім беру және мәдени ағарту қызметінің жемісі болып табылады. Жаңа мыңжылдықта кітапхана ісі қайта жанданып, мәдени мекемелер арасында жоғары дәрежеге ие болып, мәртебесі биіктей түсуде.
Кітапхана қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі оқырмандарға қызмет көрсету болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бұл біздің ойымызды жаңашылдыққа бұру және өзгерту болып табылады. Бізге оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды басқаша ойластырып және оқырмандарды сапалы ақпараттармен қамтамасыз ету керек. Сондықтан да біз әр уақытта да пайдаланушылар үшін қызықты да тартымды, жан жақты болуға тырысуымыз керек, және де кітапханамызды қазіргі заман талабына сай өзгертуіміз қажет. Кітапханашы қазіргі таңда кітап әлемінде ғана емес, сондай-ақ интернет әлеміне де жол сілтеуші болып табылады. Жыл сайын кітапхананың пайдаланушыларының сұранымы интернетті және ақпараттық ресурстарды қолдануға қатысты болып отыр, және де кітапханашылардың өздері де көбінесе іздеуді интернет ресурстары арқылы іске асырады. Іздеудің дағдысың жақсы игерген адам желіден керекті мағлұматтың барлығын таба алады.
- Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің кең ордасы. Заман талабына сай институт оқытушылары мен студенттеріне өркениетті де, ақпаратты қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында кеңінен қолданып, ақпарат көздерін, әмбебап құжаттардың толық жинағын, оқырмандарға әлемдік, ұлттық мәдени, рухани құндылықтарды насихаттау институт кітапханасының басты мақсаты болып табылады.
Өз ісін сүйген әрбір кітапхана маманы оқырманның жан дүниесін терең сезініп, олармен жұмыс жүргізгенде ғана кітапханашы мен оқырманның арасында дәнекер нығая түседі. Қазақстанның болашағы білімді де, білікті ізденімпаз жастар. Сол жастар үшін болашаққа бағдар ететін ұлтты ұйыстырып ұлы мақсаттарға жетелейтін – Мәңгілік ел идеясы. «Кім кітапты көп оқыса сол интернетте отырғандарды басқаратын болады» - деп, Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, білім іздеп, ғылым соңына түскен жастар үшін кітапханалар есігі әрдайым ашық.
- Кітапханадағы интернет – тұлғаның мәдениетін қалыптастырудағы арнайы технология жүйесі. Мұндағы кітапханадағы интернеттің мақсаты жаңадан пайда болған ақпараттық әдістерді қолдануын түсіндіріп және ақпараттарды өңдеп, пайдаланушыға ақпарат көздерін нақты әрі тиімді жолмен ұсыну болып отыр. Сондықтан интернет оқырмандарға жаңа бағдарламалармен, браузерлермен, ақпарат іздеу жүйелерімен, каталогтармен қалай жұмыс істеу керек екендігін баяндайды. Арнайы сайттармен жұмыс істеу виртуалды қатынастарды танып білуге үлкен септігін тигізеді. Интернет желісі – бүкіл әлемдік ақпараттық байланыс өрнегі. Интернет желісі – кітапхана саласының жаңа заман талабына сай дамуына алып келетін бірден-бір жол. Интернет желісі ақпарат іздеушіге кез-келген уақытта тиімді әрі жылдам ақпарат көзін тауып бере алады. Сонымен қатар кітапханаға басқа кітапхана жүйесімен байланыс орнатуға, сонымен қатар серіктестік қарым-қатынас орнатып, сапалы білім, таза ақпарат көздерін бере алатын көптеген кітапханалармен тәжірибе алмасуға мол мүмкіндіктер береді. ХХІ ғасырдағы қоғамдық өзгерістер, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі, қоғамның ақпараттануы, демократиялануы, коммерциялық үдерістердің өркендеуі, өркениеттік деңгейге көтерілуі кітапхананың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді.
Электронды қор орталығында пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін кейбір шетелдік, ресейлік және қазақстандық ақпарат тасымалдаушылардың тізімін (www.thomsonreuters.com, www.springerlink.com, www.lanbook.com, www.rmebrk.kz) ұсынамыз. Ақпарат таратумен айналысатын ұйымдардың тізімін жариялаудағы негізгі ой - ақпарат өндірісінің жаңа индустриясының ауқымды әлемін оқырмандарға бірнеше мысалдар арқылы көрсету. Мәліметтер базасын басқару жүйесінің көптеген түрлері бар, олар:
Thomson Reuters (www.thomsonreuters.com) - құқық, салық, бухгалтерлік іс, қаржылық қызметтер, жоғары білім, анықтамалық ақпарат, қызметкерлер дайындау, ғылыми зерттеулер саласындағы тақырыптар бойынша кітапханалар, ЖОО, өнеркәсіптік компанияларға арналған жоғары сапалы ақпарат саласындағы компаниялардың ірі тобы. Миллиондаған тіркелген пайдаланушысы бар. Бұл топқа кітапхана әлемінде бұрыннан танымал компаниялар кіреді.
...