Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласы

Автор:   •  Сентябрь 6, 2023  •  Лекция  •  776 Слов (4 Страниц)  •  218 Просмотры

Страница 1 из 4

Баланың ерте даму кезеңі (бұл ананың жүктілігінен 8 жасқа дейінгі уақытты қамтиды) ұлттық қауіпсіздік мәселесі болып табылады, өйткені ол адамдардың денсаулығына, біліміне, зияткерлік әлеуетіне, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне әсер етеді.

Баланың одан әрі дамуы мен адам өмірі, адам әлеуетін дамыту және салынған инвестицияларды қайтару деңгейі неғұрлым жоғары болуы үшін (10-13%) нәресте шақтан дамуының маңыздылығын түсіне отырып, ЭЫДҰ елдері осы салаға ерекше назар аударады, тұтас ұлттық саясатты әзірлейді, ғылымды дамытуға басымдық береді және ЖІӨ-ге (ЖІӨ-нің 1-2%-ы) пайыздық арақатынаста баланы ерте дамыту саласын қаржыландыруды ұлғайтады. Қазақстанда балынының ерте дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жоқ, оның жекелеген құрамдары әртүрлі министрліктер мен ведомстволарға бекітіліп берілген.

Қазақстанның мектепке дейінгі білім беруінде 2010 жылдан бері орын алған әсерлі өзгерістерге қарамастан, міндетті шешуді талап ететін бірқатар күрделі проблемалар бар. Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласының проблемаларын 5 негізгі блокқа бөлуге болады: қаржыландыру, кадрлар, тәсілдер, ғылым және сапа.

Шұғыл шешуді талап ететін негізгі проблемалардың бірі - мектепке дейінгі білім беру саласын қаржыландырудың төмендігі. 2020 жылға мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру ЖІӨ-нің 0,51%-ын құрады. Осылайша, мектепке дейінгі білім беруде педагогикалық қызметкерлердің жетіспеушілігі және 0-ден 6 жасқа дейінгі барлық балалардың тек 38,36%-ын бақшаларда орынмен қамтамасыз ету жағдайында мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілері елдегі ең төмен жалақы алатын санаттардың бірі және білім берудің барлық деңгейлері бойынша ең төмен жалақы алатын санаттардың бірі болып табылады.

Білім және ғылым министрлігінің (БжҒМ) алдағы жылдары білім беру шығындарын едәуір арттыру (ЖІӨ-ден 6-7%-ға дейін) жоспарлануда, алайда бұл жоспарға мектепке дейінгі білім беруге тиісті орын берілмеген. БжҒМ мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын жылына 25%-ға арттыруды жоспарлап отыр, бұл соған қарамастан төмен жалақы мәселелерін шешпейді. Мұндай қаржылық жағдай педагогтардың біліктілігінің төмендігінің, балабақшалардағы сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейінің, қалдық қағидат бойынша мектепке дейінгі білім беру саласы мамандықтарына түсудің, кәсіптік шаршаудың және дамуға құлықсыздықтың себебі болып табылады, бұл балаларға деген көзқарасқа да әсер етеді (психологиялық және физикалық зорлық-зомбылық).

Балалардың сапалы мектепке дейінгі білімге қол жеткізу мәселесі сақталуда. БжҒМ мәлімдеген 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 77%, ал 3-6 жастағы балаларды 98% қамту көрсеткіштеріне қарамастан, балалармен мектепке дейінгі білім алу елдегі өзекті мәселе болып табылады. Бұл сандар мектепке дейінгі ұйымдарда берілген орындардың пайызы есебінен мектепке дейінгі ұйымдағы орынға кезекте тұрған балалардың санына келтіріледі. Бірақ Қазақстандағы 0-6 жастағы балалардың жалпы санынан (2 306 800 адам) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалардың (885 033 адам) пайызын қарапайым есептеу 0-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 38,36% нақты қамтылғанын көрсетеді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде баланың қызығушылығын ескермейтін ескірген тәсілдер қолданылады. Әр балабақшаға барғаннан кейін, бөлменің кем дегенде жартысын үстелдер мен орындықтар алып жатқанын көруге болады. Әр сыныпта тақта ілулі, ал санитарлық ережелер мен нормалар мектептегідей осы парталарды тақтаға қаратып орналастыруды қарастырады. Бұл тәсіл баланың даму табиғатын, оның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін терең түсінбейтіндігін көрсетеді. Балалар ойын арқылы дамиды: эксперименттер арқылы жаңа нәрсе табу, ойын арқылы қоршаған әлемді өз бетінше зерттеу. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы қазақстандық құжаттар мен стандарттар осы саладағы қазіргі ғылымнан алыс. Мектепке дейінгі кезең баланың өздігінен даму кезеңі ретінде емес, тек мектепке дайындық ретінде қабылданады. Әлемдегі көптеген елдер стандартты оқу жоспарларынан бас тартты (және олардың көпшілігі ешқашан болған емес), өйткені стандарттау балалардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандырмайды.

...

Скачать:   txt (11.5 Kb)   pdf (73.1 Kb)   docx (10.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club