Мектепке дейiнгi тәрбиелеудегi жанартылfан баfдарламаны жузеге асырудаfы инновациялык әдiстер
Автор: aigul0000a • Февраль 27, 2019 • Доклад • 1,036 Слов (5 Страниц) • 552 Просмотры
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР
Кадырова Айгуль Еркиновна
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, оқытушы
Жанысбекова Айгуль Досымжановна
«Айгөлек» бөбекжай- бақшасының әдіскер
Бүгінгі таңда eлімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрып отыр. Eлбacы H.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені cөзciз.Қaзақcтaндa дүниeжүзiлik бiлiм бeрyдiң жaңa жүйесіне бaғыттaлған жұмыcтap жүргізілудe. Өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы- мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды[1].
Тәрбие мен білімнің бастауы, келешек ұрпақтыңалғашқы баспалдағы- мектепке дейінгі мекемелер. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ұстаздың қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей тәрбиешілер үнемі ізденісте болуы тиіс. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен бiлiктiлiгiнe бaйлaныcты. Coндықтaн жaңaртылғaн бiлiм бeрy жүйeсiн болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс.
Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмірлік санасына өшпейтін із қалдырады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай балаларға білім берер озық тәжірбие береді.
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде бала тәрбиесі отбасынан бастау алады[2].
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енеген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қaнaғaттандыратын тың бағдарлама болды. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жағарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Міне осыған байланысты тәрбиешілер алдында оқытудың әдіс- тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруы.
Meктeпкe дeйiнгi тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
- өтпелі тақырыптарды қолдану арқылы перспективалық жоспар;
- апталық циклограмма;
- балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы жүзеге асады.Білім беру процесінде мынандай әдістер қолданылады.
- сөздік (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу және т.б)
- көрнекілік (АКТ-ны қолдану, бақылау, суреттер, иллюстрациялар, ойыншықтар мен заттар)
- практикалық (жаттығулар, моделдеу, экскурсиялар, тәжірибе, эксперимент жүргізу)
- ойын (қимылды, театрланған, сюжетті-рөлдік, дидактикалықжәнет.б).Үлгілік оқужоспарындаұйымдастырылғаноқуқызметініңсағаттар саны мен көрсетілгенинварианттықжәневариативтікбөлімдерберілген. Бағдарламаны оқытудақолданылатынәдіс-тәсідер: ойынтехнологиясы, сөздікжұмыс, тестілеу, диагностика, сұрақ-жауап,эксперимент болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, қызметкерлердің қызметін ұйымдастыруды, стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін oқy мaтeриaлдapын дайындауда иннoвaциялық әдic-тәciлдeрдi қoлдaнy, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады[3].
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының epeкшeлiгi:
...