Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жана педагогикалык технолгиялардын жанартылfан бiлiм мазмунымен уштасуы

Автор:   •  Май 16, 2019  •  Реферат  •  1,277 Слов (6 Страниц)  •  541 Просмотры

Страница 1 из 6

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛГИЯЛАРДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫМЕН ҰШТАСУЫ

…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады. Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани.

Қазақ жеріндегі білім беру ісінің түп тамыры терең тарихпен ұштасқан. Кең байтақ қазақ жерінде әсіресе отырақшы аудандарда орта ғасырдың ерте кезінен ақ (ҮІІ – ҮІІІ ғ) көптеген мектептер мен медреселер, діни білім беруден оқу орындары болған. Бұл медреселер қазақтың ұлы ойшылдары, талғампаз жазушылары мен ұшқыр ойлы ақындарының сауат ашып, алғашқы қаламын қолына алған мекені.

Осы мектеп медреселердің жалпы сипаттамасы:

  • Оқушылар тек күз және қыс мезгілдерінде білім алған;
  • Мерзімі: 4 жыл;
  • Білім алушылар 7 жастан бастап қабылданған;
  • жыл аяғында білім алушы түлектердің  емтихан тапсырып куәлік алу рәсімі сақталмаған.

Мектеп-медреселерде жүргізілген негізгі пәндер:

  • Заңтану;
  • Тарих;
  • Философия;
  • Математика;
  • Астрономия;
  • Медецина т.б

Ол заманнан кейінірек қазақ хандығы құлап, Ресей патшалығының қазақ жерін отарлауы басталғаннан кейін білім беру ісінің жағдайы біршама нашарлаған болатын. Ресей патшалығының нақты көздеген мақсаттары болды.

Олардың мақсаттарына жетулерінің басты принциптері мынадай еді:

  • Мұсылман елдерді ыдыратып, арасына от салу;
  • Халықты православтық дінге көшіріп, шоқындыру;
  • Орыс алфавитін енгізу;
  • Мұсылман мектепрі мен медреселерді біртіндеп жою.

Осындай қиыншылықтарды бастан кешіріп, тәуелсіздік алып, аяғымызға нық тұрғаннан кейін біртіндеп білім беру ісі жаңа толқынмен, жаңа күшпен өз күшін ене бастады. Тәуелсіз Қазақстан мектептері алдымен мұңалім кадрлармен қамтамасыз етілді, кейіннен жоғары білімді кадрлер даярлана бастады.

Бүгінгі таңдағы ҚР білім беру жүйесінің құрылымы екіге, оның ішінде жалпы және кәсіптік білім беру деп бөлінеді.

Білім алу сатылары:

  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
  • Орта білім беру (бастауыш, негізгі, жоғары);
  • Кәсіптік орта білім беру (колледждер, училищелер);
  • Кәсіптік жоғарғы білім беру (институттар мен университеттер).

Бүгінгі таңда білім беру бағдарламасы көп түстарда өзгерістер енгізіліп, жаңа деммен өз ісін жалғастырып жатыр. Осылайша жаңартылған білім мазмұныда өз күшіне енді. Жаңартылған білім мазмұны білім беру ісіне жаңашылдықтар, идеялар мен саналы да сапалы білім беру мүмкіншіліктерін ашып отыр.

Бұл білім мазмұныны арқылы жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану өте тиімді және ыңғайлы. Жаңа педагогикалық технологиялар өз ішінде бірнеше түрге жіктеледі.

Олар:

  • Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;
  • Оза оқыту технолгиясы (Софья Николаевна Лысинкова);
  • Ойын технолгиясы. Қарастырған ғалымдар:

Ян Амос Каменский;

Иоган Генрих Песталоцци;

Лев Семенович Выготский;

Алексей Николаевич Леонтьев.

  • Дамыта оқыту технологиясы (Эльконен, Дабыдов, Занк)
  • Ынтымақтастық технологиясы;
  • Ақыл-ойды диагностьикалау технологиясы;
  • Қазақстандағы жеке мектеп технологиясы:[pic 1][pic 2]

                                                       

 Құрмаш Нұрғалиев технологиясы;                                 Архимед Ысқақов технологиясы.

  • Оқу мақсаттарын тірек сызбалар арқылшы оқыту технологиясы (Шаталович Виктор)
  • Проблемалық оқыту;
  • Ақпараттық коммуникативтік технологиялар:
  • Мультимедиялық;
  • Интернет;
  • Презентация;
  • Қашықтықта оқыту;
  • Сайт, www дүние жүзілік іздеу жүйелері;
  • Чат және электронды почта;
  • Электронды оқулықтар технологиясы;
  • Автомат-н оқыту жүйелерң технологиясы;

  • Дидактикалық бірлестіктерді ірілендіру,

  • Оқытудың ұжымдық технологиясы.

Жоғарыда атап өтілген кезеңдердің басым бөлігі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өткізілетін сабақтарда қолданылады. Мысалға алатын болсақ, байқау тәжірбиесінен өткен уақыттарда мен үй тапсырмасын тексерген уақытта ойын технологиясын келтіремін. Себебі үй тапсырмас мектепте өткен тақырыбын үй жағдайында бекіту. Ал үй тапсырмасын ойын ретінде тексергенде алдағы сабаққа да көңіл-күйлерін тұрақтандыруға, ойнай отырып ойлауға да септігін тигізеді. Мен сабақта қолданған ойын технологиясына тағы бір мысал ол: сұрақ қою арқылы оқушылар арасындағы ойын. Көп оқушыларға бұл үй тапсырмасын тексеру тәсілі ұнады. Себебі допты ұстай отырып шапшаң сұраққа жауап беру, жауап бергеннен кейін бірден өз сұрағын қойып келесі оқушыға допты лақтырады. Бұл баланың жан жақты, шапшаң әрі тиянақты ойландырады, логикалық ойлауын дамытады. Жалпы ойын өз алдына оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі. Мұғалімдер үшін де оқушылар үшінде қызықты бұл әдіс сонымен қатар екі жақты процесс болып табылады. Нақтырақ айтсақ мұғалім бастап берген ойынды оқушылар жалғастырып алып кетеді, оқушылар бастамашы мұғалім болып әрі қарайғы жауапкершіліктерді өздеріне сеніп тапсырған мұғалімге өздері де сенім артады.

...

Скачать:   txt (17.4 Kb)   pdf (183.8 Kb)   docx (18.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club