Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп оқушыларына тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері. Мектепке дейінгі және мектеп балаларын тәрбиелеу тұжырымдамасы

Автор:   •  Апрель 9, 2018  •  Курсовая работа  •  10,404 Слов (42 Страниц)  •  1,670 Просмотры

Страница 1 из 42

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ»колледжі»

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп оқушыларына тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері. Мектепке дейінгі және мектеп балаларын тәрбиелеу тұжырымдамасы

    Орындаған: Алланазаров Б.

              Тобы: ФК-14

   Қабылдаған: Айтқалиева С.

 

Ақтау,2018 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .......... ..3

І ТАРАУ. Мектеп оқушыларына тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері.

1.1 Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері ... 4-8

1.2 Тәрбиенің мақсат-міндеттері ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ........ ..8-13

1.3  Әрқилы жас шағындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері.....13-21

ІІ ТАРАУ Мектепке дейінгі және мектеп балаларын тәрбиелеу тұжырымдамасы.

2.1 сабақ жоспары..........................................................................................21-24

2.2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ................................................24-27

2.3 2.3 Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері................................27-33

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .........34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ........... 35

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланысты. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды. Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған. Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады. Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады. Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты. Курстық жұмысының мақсаты: мектеп оқушыларына тәрбиенің мақсат пен міндеттерін ақындау.

 Курстық жұмысының мiндеттерi:

1. Мектеп оқушыларына тәрбиеге қатысты әдiстемелiк ой-пікірлерге шолу жасау;

2. Тәрбие ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшелiктерiн қарастыру;

3. Мектеп оқушылары тәрбиесінің маңыздылығы мен мақсат-міндеттерін, заңдылықтыры мен принциптерін анықтау.

Курстық жұмысының ғылыми болжамы: мектеп оқушылардың тәрбиесін қалыптастыру әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда бұл оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, өйткені пәнінің оқушылардың тәрбиелік функцияларын қалыптастыруда мүмкіншілігі ерекше.

Курстық жұмысының әдiстерi: талдау, жинақтау, жүйелеу, зерттеу, эксперимент.

Курстық жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және әдебиеттер тiзiмi тұрады.

І. Тарау. Мектеп оқушыларына тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері. Мектепке дейінгі және мектеп балаларын тәрбиелеу тұжырымдамасы.

1.1 Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері

    Тәрбие басы тал бесік деп бабаларымыз тауып айтқан болса, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов, Ел болам десең бесігіңді түзе, - деп емірене айтыпты. Жерлесіміз Пайғамбар ақын Мағжан Жұмабаев атамыз, Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл, - деп қазақы тәрбиенің маңыздылығын ескерткен. Қазақы тәрбие дегенді кім қалай түсінеді? Осы жөнінде азырақ ой айтсам. Бұл - ең әуелі ата-анасын, үлкенді және қоғамды, яғни өзі өмір сүріп жүрген ортаны сыйлау. Осы айтылғандарды сыйлап өскен, ата көрген бала тәрбиесіз болмайды. Мағжан атамыздың мына сөзіне назар салсақ, Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай келешек заманына лайық қылып шығару керек дейді. Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып тәрбиені елеусіз қалдырсақ ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын орта ғасырлық бабамыз ғұлама Әл-Фараби нықтап айтып кеткен ғой. Ендеше әуелі тәрбие, сонсын барып басқа қажеттіліктер білім, ғылым,әдебиет, мәдениет. Мәдениет демекші тәрбиелі қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен арқауланса өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ. Қазақы тәрбиенің басты тармақтарының бірі қазақы қанның немесе қара шаңырақтың ұл балалар арқылы жалғастығы және әрі қарай өніп-өскен сабақтастығы. Қызға қырық үйден тыйым, Қыздың жолы жіңішке деген қисынды қағидасы. Өйткені ұл бала қазақ халқының намысы болса қыз бала ар-ожданы, ұяты. Ұят демекші бабаларымыз ұятты өлімнен күшті санаған. Тағы да Мағжан атамызға құлақ түрсек, Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып келе жатқан тақ-тақ жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті  - деп қалың қазағын қазақы тәрбиені жоғалтып алмауға міндеттейді. Ал біздің бүгінгі отбасыларымыз бен бала бақшаларымызда, мектептеріміз бен жоғарғы оқу орындарымызда қазақы тәрбие беріліп жатыр және үкіметіміз қазақы тәрбиеге дендеп көңіл бөліп отыр деп айтуға бола ма? Кесіп айту қиын. Алайда осыдан бір жыл бұрын Балапан телеарнасының ашылғандығы, Қазақстан ұлттық телеарнасының биылғы қыркүйектің бірінен бастап барлық бағдарламаларын таза қазақ тілінде жүргізе бастағандығы және жуырда Мәдениет телеарнасының ашылатындығы үкіметіміздің қазақы тәрбиеге шындап бет бұрғандығының айғағы.  Көреген Мағжан атамыз бір сөзінде, Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі... - депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мәселе болып тұр. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады - деп арыстан атамыз Мағжан сұрғылт заманның сұрқия саясатынан қаймықпай айтқан екен. Ұлттық тәрбиенің басты құралы - ұлттың тілі. Тіл мәселесі ешкімге сыр емес, кемшін тұстарымыз баршылық. Ұлттың тілінің кеми бастауы оның құри бастағанын көрсетеді - деген данышпан Мағжан атамыз, Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр - деп қазақ тілінің қасиетін қастерлеп көрсетіпті. Ендеше өркениеттің ұлы көшінен кеш қалмайық десек ең әуелі ұрпағымызға қазақы тәрбие беру құралы болған ұлтымыздың тілін қастерлейік, ағайын.

...

Скачать:   txt (146.7 Kb)   pdf (467.6 Kb)   docx (74 Kb)  
Продолжить читать еще 41 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club