Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектепке дейінгі мекеменің жылдық міндеттері

Автор:   •  Сентябрь 21, 2018  •  Доклад  •  1,273 Слов (6 Страниц)  •  1,153 Просмотры

Страница 1 из 6

УДК 376 :37.2 

THE PLANNING OF THE TEACHER IN THE GROUP OF CHILDREN WITH SEVERE SPEECH DISORDERS.

Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілі күрделі бұзылған балаларға арналған топтағы тәрбиешінің жұмысын жоспарлаудың жалпы сипаты.

  Zhakanbaeva В.В.-teacher Abai  KazNPU, The Republik of Kazakhstan, Almaty. Zhakanbaeva@bk.ru

Б.Б. Жаканбаева-оқытушы, Арнайы білім беру кафедрасы, Абай атындағы КазҰПУ,  Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы. Zhakanbaeva@bk.ru

Бұл мақалада   мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілі күрделі бұзылған балаларға арналған топтағы тәрбиешінің жұмысын жоспарлауы қалай жүзеге асатындығы жайында сипатталады. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілі күрделі бұзылған балаларға арналған перспективтік-календарлық  жоспарында мектепке дейінгі мекеменің жылдық міндеттерін, балалардың отбасымен бірлесіп жұмыс жүргізуді, денешынықтыру, сауықтыру жұмыстарын жоспарлаудың жалпы сипаттамасы баяндалады.

Кілт сөздер: жұмысты жоспарлау, оқу-тәрбие, оқытушы-дефектолог,  перспективті-календарлық, форма.

               Арнайы мектеп жасына дейінгі мекемелерде тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын реттеп отырады. Қай кезде болсада алдыңғы қатарлы ойшыл ғалымдар (К.Д. Ушинский, Ян Амос Коменский, М. Горький, Н.К.Крупская, Әл Фараби, Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов және т.б.) тәрбиеші еңбегін жогары бағалап, оның қоғамдағы рольін маңызды деп санаған.

        Арнайы мектеп жасына дейінгі мекемелерде білім алатын сөйлеу тілі күрделі бұзылған балалардың оқу –тәрбие ісін жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік тудыратындай етіп ұйымдастыра білген тәрбиешіні шебер тәрбиеші деп айтуға болады. Шебер тәрбиешінің жұмысы өз ісін терең білумен, белгілі стильімен дауыс ырғағынан, тәжірибеде тексерілген әдіс пен тәсілдердің жиынтығынан, күнделікті оқу – тәрбиенің мақсат, міндетін анықтауынан байқалады. Сабақтың сапалы әрі нәтижелі болуы тәрбиешінің сабақты жоспарлап  алдын ала дайындалуына байланысты.

          Бұл мақаланың негізгі мақсаты  мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілі күрделі бұзылған балаларға арналған топтағы тәрбиешінің жұмысын жоспарлау болып табылады. Жалпы мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілі күрделі бұзылған балаларға арналған топтағы тәрбиешінің жұмысы оқытушы-дефектологтың жұмысымен тығыз байланысты. Сондықтан балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісін бірлесе отырып жоспарлайды. Бұл жоспарлау балалардың біліктілігімен дағдысын, сөйлеу тілін тексергеннен кейін алынған нәтижеге сүйене отырып  жүзеге асырылады. Логопедиялық тексерудің түрлері жол жөнекей (топта өткізіледі) және толық (жеке, тереңдетілген).

Жұмысты жоспарлау сабақ кестесін және сабақ тақырыптарын құрудан басталады. Бұл құжат мектеп жасына дейінгі мекеменің әкімшілігімен бекітіледі. Сабақ кестесіне музыкалық-ырғақ (музыка оқытушысы өткізеді), дене шынықтыру (дене шынықтыру оқытушысы өткізеді)  сабақтары енгізіледі. Бірақ далада өткізілетін дене шынықтыру сабағы кестеге енгізілмейді. Ал көркем әдебиеттерді оқу күнделікті күннің екінші жартысына қойылады. Сонымен қатар аздаған әдеби шығармалардан үзінділер сабақтың барлық түрлеріне кірістіріледі.

 Жалпы балалардың оқу-тәрбие үрдісіне перспективті-календарлық жоспар жасалынады. Бұл жоспар жұмыстың жүйелі жүргізілуін, нәтижелерді болжауын қамтамасыз етеді. Бір айға  арнап құрылған жоспар негізгі мақсатқа бағытталган нұсқа болып табылады. Жоспардың кейбір  бөлімінде бір ай мерзімінде орындалатын (таңғы гимнастика, жаттығу, мәдени-гигиеналық дағдыға тәрбиелеу)  жұмыстар қамтылады. Ал оқу мен ойын әрекеті және режимдік момент күнделікті жоспарланады.

Жоспарлаудың негізі тематикалық қағидаға сүйенеді. Бұнда балалардың барлық іс-әрекеттері (оқу, ойын, бейнелеу, құрастыру) бір бірімен тығыз байланысты және лексикалық тақырыптар өз орнымен жинақталып жүйеленген (мыс: «Ойыншықтар», «Киімдер», «Отбасы», «Жемістер» т.б..).

...

Скачать:   txt (18.9 Kb)   pdf (206.2 Kb)   docx (19.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club